Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет130/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

402 


Ей,  перзентім,  сырын  біліп  алмай  тұрып,  бір  көрген  кісіге 

көңіліңді  жайып  салма.  Өз  қадір-қасиетін  білмейтін  кісілерден 

жақсылық күтпе. Күн шыққанша ұйықтап жатып алма. Орынсыз 

күле  берме.  Жасы  үлкен  және  егде  кісілердің  алдына  түсіп 

жүрме.  Сөйлесіп  отырғандардың  сөзіне  орта  жолдан  килігіп, 

сөзін  бөлме.  Қонақтың  алдында  бәзбіреуге  кіжініп,  ренішіңді 

айтпа. Басыңды салбыратып отырма.  

 

338-тапсырма.  Мәтінді  құрайтын  құрмалас  сөйлемдердің 

ішінен  шартты  бағыныңқы  сабақтастарды  ажыратып,  жасалу 

жолдарына көңіл бөліңіздер.  

 

Ақындығы  қандай  күшті  болғанмен,  айтылған  екі  дәуірдің 



ақындарының  сөздерінде  әдемілігінің  жанында  ат  сүрінгендей 

міні  тұрады.  Себебі  қазақтың  ол  кездегі  ақындары  асыл  сөз 

немен  асыл  болатынын  ақындық  сезіммен  сезсе  де,  анық  біліп 

жетпеген.  Еуропа  әдебиетімен  танысқаннан  кейін,  қазақ 

ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастайды. Ақын адам 

сөздің  асыл  болатын  сипаттарын  білсе,  сөзін  таза,  мінсіз 

шығарады.  

Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей, 

өз  үйіндегі  кемшіліктер  кемшілік  болып  көрінбейді.  Бойдағы 

мін-  бойында  міні  жоқ  біреуді  көргенде  байқалады:  үйдегі 

кемшілік  –  кемшілігі  жоқ  үйді  көргеннен  кейін  көзге  түседі; 

жұрттағы  жаман  әдет  басқа  жұрттың  жақсы  әдетін  көргеннен 

кейін білінеді.  

 

339-тапсырма.  Басыңқыдан  бағыныңқының  баяндауышына 

сұрақ қойып, аударып, көшіріп жазыңыздар.  

 

Қаныш – еліміздің мыс қоймасы – Жезқазғанды және Ұлытау 



өңірінде  бірқатар  маңызды  кен  ошақтарын  ашып,  геологиялық 

барлау  жұмыстарының  білгір  ұйымдастырушысы  және  қажымас 

геолог-ізденуші  ретінде  өзін  көрсете  білді.  Қаныш  біреулердің 

ізденгіштігін, ғылыми жұмысқа деген талабын және ұйымдастыру 

қабілетін  байқаса,  оларға  үнемі  қол  ұшын  беріп  отырған.  Бұл  – 

Қаныштың  ғылымдағы  ұйымдастырушылық  дарынының  бір 

көрінісі,  яғни  кадрларды  өсіру  жолындағы  көрегендігі.  Ғылым 



Қазақ тілі 

 

403 



саласында  жаңа  қанаттанып  келе  жатқан,  талаптанып  жүрген 

азамат  болса,  оқып  жүрген  зейінді  ұл-қыз  болса,  олардың 

әрбіреуінің  академик  Қ.  Сәтбаевтан  ақыл  алмаған,  қолдау 

көрмегені, көмегіне сүйенбегені жоқ деуге болады.  

 

340-тапсырма.  Көп  нүкте  тұрған  жерге  Ахмет  Байтұрсынов 

айтпақшы  болған  ойды  өздеріңіз  сөйлем  етіп  құрап  қосып 

(жақшаға алып), шартты бағыныңқы сабақтас жасаңыздар.  

 

Қазақ – өр халық, білімді халық! Ұлт намысына мінсең, сен 



алмайтын  қамал  жоқ.  ...  құртша  қыбырлаған  қытайдан 

еңбекқорлыққа    үйрен.  ...  он  тиынды  күн  ұзақ  бір  теңгеге 

айналдырар  өзбек  ағаңнан  үйрен.  ...  Жердің  қыртысын 

түрлендіріп,  нәрлендіріп,  мол  табысқа  бататын  дүнген 

қонсыңнан  үйрен.  ...  бір  капустадан  жүздеген  түрлі  дәм  беріп, 

біреудің  еңбегімен  егіп,  өнерімен  орып,  қулығымен  сорып, 

жақыннан  торып,  алыстан  келіп,  болашағыңа  төніп  тұрған 

корейлерден, үйрен, үйрен де жирен!  



                                                                     (А. Байтұрсынов) 

 

341-тапсырма.  Төмендегі  берілген  сөйлемдердің  басыңқы 

сыңарларын  өздеріңіз  ойлап  тауып,  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас 

жасаңыздар.  

 

Тыстағы жұмыс біткен кезде, ... . Үшеуі үйге кірген соң, ... . 



Әкесі атқа мініп кеткеннен кейін, ... . Жолмен біраз жүрген соң, 

... . Ол үйге қайтып келісімен, ... . Ботагөз саусағымен нұсқаған 

дәптердің  бетіне  Асқар  көзін  салса,  ...  .  Атамекеннің  жерін 

азапқа салып жатқан да, ... . 



 

342-тапсырма.  Себеп-салдар  салаласты,  себеп  бағыныңқы 

сабақтасқа айналдырып жазыңыздар.  

 

Ой-ұғымы,  сезім-түйсігі  ұқсас,  жаны  жалғас  адамдар  ғана 



бір-бірімен  тату  дос  бола  алады,  өйткені  ондай  адамдар  бір-

бірінің  жай-күйін  жақсы  ұғысады.  Өтірік  айтудан  сақтаныңдар, 

себебі  өтірікшілер  –  имансыздар.  Тіпті  пайдасын  көріп 

тұрсаңыздар  да,  өтіріктен  сақтаныңыздар,  себебі  түбінде 

өтірікшінің күні қараң. Әділеттілік –  Алланың жердегі терезесі, 

әділетті  адамды  сол  терезе  бейішке  бастап  апарады.  Білім  алу 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

404 


жолындағы  табандылықтан  артық  іс  жоқ,  себебі  ілім  кісіні  ізет 

пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. Жомарт кісінің 

қателіктерін кешіріңдер, себебі  Алла тағала, ол сүрінген сайын, 

қолынан ұстап, құлатпайды.  

 

343-тапсырма.  Берілген  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің 

түрлерін ажыратыңыздар.  

 

Таулы  кедергінің  жоқтығынан  ауа  ағымдары  солтүстіктен 



оңтүстікке  және  батыстан  шығысқа    өтеді.  Жазықты  Маңғыстау 

қоңыржай  белдеудің  оңтүстік  бөлігінде  жатқандықтан,  қоңыржай 

ендік  ауасының  әсері  басымырақ.  Ел  экономикасын  көтеру  үшін 

мұнай  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Мұнай  кенорындарын  белгілі 

бір  кондицияға  жеткенде  ғана  ашуға  болады.  Теңіз  кенорнын 

игергелі, жиырма жылдан аса уақыт өтті.  

 

344-тапсырма.  Мәтіннен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді 

табыңыздар. 

 

Ғалымды 


мен 

тұңғыш 


рет 

Қазақ 


кен-металлургия 

институтында  оқып  жүрген  кезімде  көргемді;  Қ.И.  Сәтбаев 

еліміздің  мыс  қоймасы  –  Жезқазғанды  және  Ұлытау  Өңірінде 

бірқатар  маңызды  кен  ошақтарын  ашып,  геологиялық  барлау 

жұмыстарының  білгір  ұйымдастырушысы  және  қажымас  геолог- 

ізденуші  ретінде  өзін  көрсете  білді.  Қаныш  біреулердің 

ізденгіштігін, ғылыми жұмысқа деген талабын және ұйымдастыру 

қабілетін  байқаса,  оларға  үнемі  қол  ұшын  беріп  отырған.  Бұл  – 

Қ.И. Сәтбаевтың ғылымдағы ұйымдастырушылық талантының бір 

көрінісі, яғни кадрларды өсіру жолындағы көрегендігі.  

Ғылым саласында жаңа қанаттанып келе жатқан, талаптанып 

жүрген  азамат  болса,  оқып  жүрген  зейінді  ұл-қыз  болса,  олардың 

әрбіреуінің  академик  Қ.  Сәтбаевтан  ақыл  алмағаны,  қолдау 

көрмегені, көмегіне сүйенбегені жоқ  деуге болады.  



                                                                     (М. Сәрсекеев) 

 

345-тапсырма. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемдердің 

жасалуын айтып беріңіздер.  

 

Шиелі  каналы  қазылмайынша,  бұл  техниканың  бірде-бірі 



жоқ  болатын.  Комиссия  мүшелеріне  кең  түсіндіру  үшін, 


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау