Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
400
Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан
итереді. Келіннің үш күйеуі болады: алғашқы күйеуі – алтын
елі, екінші күйеуі – ар-намысы, соңғы күйеуі – алған жары.
Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген
жоқ. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. Өзі
сақ кісінің, ісі де сақ: жарамас іске жуымас. Үш нәрсе
тұрақтамайды: бірі – саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа
түспеген ғылым, үшіншісі – саясаты жоқ патша.
336-тапсырма. Мына сөздерді бастауыш етіп, салалас
құрмалас сөйлемдер құрап жазыңыздар.
Үлгі: Күн, жаңбыр – Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр
жауған жоқ. Күн бұлттанды – жаңбыр жауған жоқ.
Дала егін, университет, кітапхана, өзен, балық, көл, қайық,
студент, кітап, орман, отын.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші
сөйлемге бағына байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып
келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы
тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.
Түрі
Ереже
Сұрағы
Жасалу жолдары
мен мысалдар
Ш
ар
т
т
ы
-
ба
ғ
ы
н
ы
ң
қ
ы
л
ы
Бағыныңқы
сөйлемі
басыңқы
сөйлемнің
шарты болып
келеді
Қайтсе? Не
етсе?
Қайткенде?
Не еткенде?
Қайтпейінше?
-са, -се, -май, - мей,
-пай, -пей, -бай, -бей,
-ғанда, -генде, -қанда,
-кенде. Сабақ
оқығанда, бес алар
едің.
Қ
ар
с
ы
л
ы
қ
т
ы
ба
ғ
ы
н
ы
ң
-
қ
ы
л
ы
Бағыныңқысы
басыңқы
сөйлеміне
қарама-қарсы
болып келеді.
Қайтсе де?
Қайткенмен?
Не етпестен?
Қайткенше?
Не еткені
болмаса?
-ғаны, -гені, -қаны,
-кені,-а, -е, -й, -ғанша,
-генше, -қанша, -
кенше, -са, -да, -се, -
де. Қыс келсе де, қар
жаумады.
Қазақ тілі
401
С
е
бе
п
ба
ғ
ы
н
ы
ң
қ
ы
л
ы
Бағыныңқысы
басыңқы
сөйлемінің
себебін
білдіреді.
Неліктен? Не
үшін? Не
себепті? Не
деп?
-ғандықтан, -гендіктен,
-қандықтан, -кендіктен,
-ғаны, -гені, -қаны, -
кені, -ып, -іп, -п, ма, -ме,
-ба, -бе, -па, -пе, -ған, -
ген, -қан, -кен. Күн
жылы болған соң, біз
серуенге шықтық.
М
е
зг
іл
ба
ғ
ы
н
ы
ң
-
қ
ы
л
ы
Бағыныңқысы
басыңқы
сөйлемнің
мезгілін
білдіреді.
Қашан? Қай
кезде?
Қашаннан
бері?
-ғанда, -генде, -қанда,
-кенде, -ған, -ген, -қан,
-кен, -ғалы, -гелі, -
қалы, -келі, -са, -се.
Ол келсе, сабақ
аяқталыпты.
Қ
и
м
ы
л
-
с
ы
н
ба
ғ
ы
н
ы
ң
-қ
ы
л
ы
Бағыныңқысы
басыңқы
сөйлемде
айтылған іс-
қимылдың
қалай орындал-
ғанын білдіреді.
Қайтіп? Не
етіп? Қалай?
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п,
-ған, -ген, -қан, -кен,
-дай, -дей. Екі қолы
дірілдегендей болып,
Оспан ішке кірді.
М
а
қ
сат
ба
ғ
ы
н
ы
ң
-
қ
ы
л
ы
Бағыныңқысы
басыңқы сөй-
лемдегі ойдың
мақсатын
білдіреді.
Не мақсат-
пен? Не үшін?
Не етпек
болып?
-мақ, -мек, -пақ, -пек,
-бақ, -бек, -у+үшін, -
қы, -кі+тәу.ж. Оның
оқығысы келіп, қалаға
келді.
337-тапсырма. Мәтінді оқып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді
табыңыздар.
Ей, перзентім, тамақтан аш қалсаң да, ақыл-парасатқа тоқ
бол. Адамдарға дөрекілік жасама. Ойпыл-тойпыл сөйлеуден
сақтанып, тіліңді тыйып ұста. Сонда ғана сен әр қилы
қырсықтардан аулақ боласың. Адамдар бойыңда жоқ және
болып та көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса, ондай
мақтауға сеніп, мардымсыма.
Ей, перзентім, шынайы ілімге ынтық бол. Өз айтқаныңнан
қайтпайтын бір мойын болмай, өзгелердің де айтқанына мән
беріп, құлақ сал.
Достарыңызбен бөлісу: |