Қазақ тілі
397
330-тапсырма. Оқып шығып, мәтінді құрайтын сөйлем-
дердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін
ажыратыңыздар. Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай
талдаңыздар. Даналық сөздердің мағынасынан не түйген-
деріңізді топ ішінде анықтаңыздар.
Мінезі жақсы төрге озар. Ыстық асқа үрме. Кісі айыбын
ашқаннан жапқан жақсы. Үлкен келсе, аяғыңды аяма. Жасында
әдет үйренбеген кісіден, өскенде қайран жоқ. Досыңды барда да
сына, жоқта да сына. Дос адам артық сұрамайды. Құлағанның
сұрағанын өтесең, өтеуін Құдай береді. Өш алғаннан гөрі, кешірген
жақсы. Халық тарықса, үкімет жұтайды. Зорлық қылғанды кешіру
– сорлы адамды зорлаумен бірдей. Тарығып тапшылықтан өлсең
де аштан, Ақысын жетімдердің жеме ешқашан. Кімде-кім
адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды. Достық пен
махаббат – осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді.
Қорқақ – махаббатқа қабілетсіз, махаббат – ержүректің еншісі.
331-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, тірек сөздерді
табыңыздар. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып
жазыңыздар.
Достық деген не?
Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен
махаббаттың ұрығы жатады... Жерге түскен әрбір ұрықтың өнуі
үшін күннің нұры, топырақтың қызуы қажет. Сол сияқты әр сәбидің
жүрек түкпірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп, өсіп,
гүлдеуі үшін едәуір уақыт керек. Баланың есі кіріп, сана-сезімі
оянып, кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі достық пен
махаббат бүршік жаруға талпынады. Өйткені жолдастық – достық
пен махаббаттың бірінші баспалдағы. Жолдастық достыққа
жеткізеді. Адал достық асыл махаббатқа апарады.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты
болып, өзара тең дәрежеде салаласа байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдері екі жолмен байланысады:
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
398
Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар
арқылы байланысады.
Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып,
интонация арқылы байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар:
Түрі
Ереже
Құрамындағы жай
сөйлемдерді
байланыстыратын
жалғаулықтар
Мысал
Ыңғайлас
Бір-біріне жақын
болған оқиға-
ларды білдіреді.
Және, әрі, да, де,
та, те
Далада жел соғып
тұр, әрі сіркіреп
жаңбыр жауып тұр.
Қарсы-
лықты
Жай сөйлемдері-
нің мағыналары
бір-біріне
қарама-қарсы
болып келеді.
Бірақ, дегенмен,
сонда да, сөйтсе
де, әйтсе де,
алайда
Есікті жауып
қойған, сонда да
ол ішке кіруден
үмітін үзген жоқ.
Себеп-
салдар
Жай сөйлемдері-
нің бірі екіншісі-
нің себебін
білдіреді.
Өйткені, себебі,
сондықтан, сол
үшін
Биыл шөп қалың
шықты, өйткені
жаңбыр көп
жауды.
Кезектес
Іс-қимылдың
кезектесіп келеті-
нін білдіреді.
Бірде, біресе,
кейде
Олар біресе тоқтап
демалады, біресе
күн ұзақ жүріп
алады.
Талғаулы
Жай сөйлем-
дерінде айтылған
іс-әрекеттің
біреуі ғана
орындалады.
Не, немесе, әлде,
я, яки, әйтпесе,
не болмаса
Ертерек үйге
дәрігер шақыру
керек немесе
ауруханаға бару
керек.
Түсіндір-
мелі
Соңғы сөйлемі
алдыңғы сөйлем-
нің мағынасын
түсіндіріп тұрады.
Жалғаулығы жоқ Қорыққаны сонша
– орнынан тұра
алмай қалды.
332-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын
өздеріңіз ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңыздар.
Үлгі: Еңбектің наны тәтті, ... (Жалқаудың жаны тәтті.)
Қазақ тілі
399
Салалас құрмалас: еңбектің наны тәтті, жалқаудың
жаны тәтті.
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: Еңбектің наны, жалқаудың
жаны тәтті.
1. Еңбек ерлікке жеткізер, .... 2. Көз қорқақ, .... 3. Еңбек
түбі – береке, ... 4. Қоянды қамыс өлтіреді, ... 5. Көп қорқытады,
.... 6. Жалғыздың үні шықпас, ... 7. Атаның баласы болма, ...
8. Ат аяғынан семірер, .... 9. Ұста пышаққа жарымас, ... 10. Ата
көрген – оқ жонар, ... 11. Білекті бірді жығар, ... 12. Қына тасқа
бітеді, ... 13. Көп жасаған білмейді, ... 14. Оқу – білім азығы, ...
15. Шебердің қолы ортақ, ....
333-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан
қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты
салалас құраңыздар.
Жел саябырлаған сияқты, .... Теңіз тынышталды, .... Тау
астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, .... Бұрын бай
еді, .... Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, .... Жаз
ортасы болып қалды, .....
334-тапсырма. Қайсысы ыңғайлас салалас, қайсысы себеп-
салдар
салалас,
қайсысы
қарсылықты
салалас
екенін
табыңыздар. Әрбір салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай
сөйлемдердің байланысу жолын түсіндіріңіздер.
Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің
жауаптылығы да өте зор. Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі
қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс...
Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады,
бірақ қайда барса да көретіні – қазып жатқан көр болады. Құдайдың
қаһарынан жалбарынып құтылуға болады, халықтың қарғысынан
ешқашан да құтылуға болмайды.
335-тапсырма. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын
түсіндіріңіздер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңыздар.