Қазақ тілі
385
Оның айтып отырғаны ...
Ол өзі ...
309-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңыздар. Бастауыштарды
тауып, қандай сөз таптарынан болып тұрғанын ажыратыңыздар.
Бастауыштарды бөліп алып, мәтінді қалпына келтіріп көріңіздер.
У қарағай
У қарағай – өте сирек өсетін ағаш. Ол жер жүзінде бірнеше
ғана жерде – Кавказда, Қиыр Шығыста, Британ аралдарында
қалды. У қарағай ұзақ өмір сүреді: мың жылдан да астам
жасайды. Биіктігі сегіз метрге дейін жетеді. Қызғылт түсті, өте
әдемі, мықты ағаш. Адамдар оны тақтай жасау үшін
пайдаланады.
У қарағайдың қалқаны қара көк, тіпті қап-қара, жылтырап
тұрады. Ол – улы. Егер жылқы жейтін болса, бірден құлап түсіп
өледі. Ал бұғылар, еліктер орманда онымен қатар өмір сүріп,
оған үйреніп кеткен. Олар үшін у қарағайдың қылқаны қауіпті
емес.
310-тапсырма. Сын есімді, сан есімді, есімшені, тұйық
етістікті, одағайды бастауыш етіп сөйлем құраңыздар.
311-тапсырма.
Мақал-мәтелдерді
көшіріп
жазып,
бастауыштың астын сызыңыздар да, есімше мен сын есімнің
қандай жағдайда бастауыш болатынын түсіндіріңіздер. Кім? не?
деген сұрауларға жауап беруіне қарай қандай заттық мағынаға
ие болып тұрғанын анықтаңыздар.
Үлгі: Іздеген – жетер мұратқа. (мақал)
Бастауыш есімшеден болып тұр, заттық мағынаға (адам,
кісі) ие болып, кім? деген сұраққа жауап береді. Іздеген адам
жетер мұратқа. – Іздеген – жетер мұратқа.
Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайы – сырын сақтар, әдепті –
арын сақтар. Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп.
Қорқақ – көлеңкесінен де қорқады. Қорыққан – бұрын
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
386
жұдырықтар. Көп – қорқытады, терең – батырады. Аянбаған –
жауды алар, абайлаған – дауды алар. Жүйрік – бестіден шығар.
Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар.
Баяндауыш
Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта
болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына
жауап береді
Баяндауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады.
Сөз табы
Мысалы
Етістік
Күн жылынды. Досым келді.
Зат есім
Бұл үлкен үй. Оның алғаны кітап.
Сын есім
Дала тап-таза. Күн ыстық.
Сан есім
Екі жерде екі төрт. Оның жасырғаны бес.
Есімдік
Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.
Баяндауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:
Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш.
Мысалы, Олар алыс жерден келді.
Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын
баяндауыш. Мысалы, Ауыл мәдениеті өсіп келеді.
Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш.
Оның ең үлкен кемшілігі сабақ оқымау.
312-тапсырма. Мына сөздерді баяндауыш етіп, сөйлем
құрастырыңыздар.
... – ынтымақ. ... – байлық. .... – оқу. ... – сәлем берді. ... – төрт.
... – бөлінбейді. ... – жетім. ... – білерсің. ... – жаман. ... – арсыз.
313-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыздар. Баяндауыштарды
тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Өркениет пайда болған кезден бастап, ауаға кездейсоқ заттар
қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын.
Қазақ тілі
387
Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар
араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады.
Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады.
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ
заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады.
Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі
тазартып отырады.
Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-әрекеті
салдарынан жиілеп отыр. Оны ластайтын жылу электр
стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден,
т.б. шығатын қалдықтар.
Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті.
Қалаға сырттан қарағанда оның үстін түтінді тұман басып
жатқанын көреміз. Ол тұман газбен тозаңның араласуынан
түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. Ауа
температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында
су буы көп болады да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды.
314-тапсырма. Тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызып,
бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндіріңіздер.
Қайың – күй таңдамайтын ағаш. Ол түрлі жағдайларда ...
өсе береді. Лупа – үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шыққан
жері – Индия. Оттегі – түссіз газ. Спорт – денсаулық күзетшісі.
Адам үшін нағыз асыл қазына – еңбек ете білу. Азамат болу – парыз.
315-тапсырма. Мәтіннен баяндауышты тауып, қай сөз
табынан екенін анықтаңыздар.
Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады.
Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.
Сондай-ақ, мұнай тектес газдың да қуаты күшті. Газ
күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса, т.б.
көптеген өмірге керек заттар шығарылады.
Мұнай тектес газдардан алынатын шайырлардан пластикалық
масса, жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және
қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер, т.б. жасалады.
Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды, әрі
қымбат дәрі-дәрмектер осы мұнайдан бөлініп шығарылған «ақ
майдан» жасалады.