І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
48
аталғандай, Темір өзінің Ордаға
жорығының басында По волжье-
ні Құйыршық оғланға басқаруға
берді, ол Сарайда және Заволжье
аймақтарында билігін орнатты.
Те мірдің ойы бойынша алтын-
ордалық тақта Тоқтамысты
Құйыр шық оғлан ауыстыруға
тиіс еді. Алайда Темір атты-
лары кеткен соң ша ңы басы-
лып үлгермей Қажы Тарханнан
тағы бір оғлан Орыс хан немерелерінің бірі Темір Құтлық пайда болды. Ол
Қондыршыда Тоқтамыс жеңіл ген соң Сарай билігін қолына алмақ болып, Ал-
тын Ордадан қуып шығарылған еді. Сонымен бір уақытта Жайықта өз отауын
Едіге қайта қалпына келтіреді. 1391 жылы Темірдің
Алтын Ордаға жо рығында белсенді болған Темір
Құтлық та, Едіге де 1395-1396 жылдардағы соғыста
көлеңкеде қал ды. Темір 1395 жылы жорығы баста-
лар алдында Едігені өз жағына шақырып, оң жауап
ала алмады.
Шығыс ұлыстардың бағынбайтынын түсін-
ген Тоқтамыс Қырымда өз билігін қалпына кел-
тіруді бастады. 1396 жылы наурызда Каффа қа-
ласын алады. Тоқтамыстың қайта билік алуы
қар сыластарын толғандырып, олар енді белсенді
әрекеттерге кірісті. Әмір Едіге оғлан бола тұра
өзі орда тағына құқығы болмады, алайда өзі қой -
ған Жошы ұрпағы арқылы билеу мүмкіндігі бол -
ды. Тоқтамыс Қырымды жаулап жүргенде Темір
Құтлық және Едіге бірігіп Құйыршық оғланды,
1396 жылы күзде Тоқта мысты Қырымнан қуып
шықты. Нәтижесінде Тоқтамыс литовтық ұлы
князь Вивовтқа қашты, ал Алтын Орда аз уақытқа
Темір Құтлықтың қол астында біріктірілді.
Вивовттың Тоқтамысқа көрсеткен қолдауы
саяси жоспарында болды. Жеңілген Тоқтамыс
формальды түрде Алтын Орданың ханы, барлық
ұлыстардың, соның ішінде Орыс жерінің де иесі
болып қала берді, осыған байланысты көрсетілген
көмек үшін одан өтемақы алуға болар еді. Бұл Ви-
вовт пен Тоқтамыс жасаған келісімде қаралып,
осы бойынша Вивовт Тоқтамысқа Алтын Орда
тағын қайта алуына кө мек тессе, Тоқтамыс оған ұлы Мәскеу князьдығына
жарлық беруге тиіс еді. Мұның Вивовтқа ұна ғаны сонша ол, тіпті, Алтын Ор-
дамен қатынасын бұзды. Темір Құтлық тұ сын да беклербек болған Едігенің
Тоқтамысты қай тару жөніндегі талабына Вивовт кері жауап берді. 1398 жылы
Достарыңызбен бөлісу: