І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
40
Аумақ басшылары өз иеліктерінде кең билікке ие болды. Сондықтан
мысырлық сұлтандар ханға байланыс жасау барысында, әдетте, өз грамо-
таларын орталық билік өкілдеріне және аумақ басшыларына да жіберіп
отырды. Аумақ басшылары лауазымына феодалдық аристократияның бе-
делді өкілдері тағайындалды, көбінде аумақтық билеушілік лауазымына
мұрагерлік бойынша сол әулет өкілдері қойылды.
Алтын Орда мемлекеті Өзбек билігі кезінде орта ғасырдың ең ірі мем-
лекеттерінің біріне айналды. Жошы ұрпақтарының моңғол империясынан
бөлінуі және тәуелсіз болуға бағытталған соғыстары сәтті болды.
Бату
ағайындарына тиесілі болған бұрынғы жартылай жеке ұлыстардың әлсіреуі
немесе толықтай бағыну хандық билікті нығайта түсті.
Мемлекеттің орталықтануы біршама жетіліп, орталықта және жер-
гілікті жерлерде бюрократиялық басқару аппараты құрылды. Елді басқару
диван-кеңес қолында болды. Жергілікті басқару орталық әкімшілікпен
тығыз байланысқан және орталық аппарат – төрт әмірден тұратын хан
кеңесі диванға бағынған жергілікті билеушілер қолына шоғырланды.
Өзбек хан билік еткен тұста Алтын Орданың экономикалық өрлеуі де
байқалады. Дәл осы кезеңде қалалар саны қатты өсті, ал ХІV ғасырдың
30-жылдары хан жаңа астана – Сарай-әл-Жадидті салуға кірісті. Сауда
керуен жолдары қауіпсіз ғана емес, ыңғайлы да болды. 33 хорезмдік,
орыс, кавказдық, генуэздік, венециялық, мысырлық, неміс және басқа
көпестері Сарай базарларында тұрақты және үйреншікті адамдарға айнал-
ды. Алтын Орда гүлденуінің нағыз көзі алым-салықтар, соғыстан түскен
әскери пайда және сауда кірістері болды. Мемлекеттің Шығыс пен Батыс
арасындағы транзитті жағдайы және исламмен бірге бай дәстүрлердің
келуі көшпенділерді өз ішінде өзгеріс жасауға талаптандырды. Осы
кезеңде хан билігі күшейді, беделі артты. Сыртқы саясатта Өзбек хан
хулагидтерге қарсы соғысқа көп көңіл бөлді, Әзірбайжанды біріктіруге
тырысты. Өзбек билігі тұсында Алтын Ордаға орыс князьдықтарының
бағыныштылығы да күшейді. 1318 жылы Михаил Ярославович Твер-
ской, 1326 жылы Дмитрий Михайлович Тверской және Александр Ново-
сильский, 1327 жылы Иван Ярославович Рязанский, 1330 жылы Федор
Стародубский, 1339 жылы Александр Тверской және оның ұлы Федор
өлтірілді. Енді Русь жеріне жазалаушы отрядтар көптеп барды. Қорыққан
орыс князьдары өздері ханға салық алып келіп отырды. Русь жеріндегі
моңғолдық билік жаңа кезеңге өтті, мұнда әскери қысым экономикалық
қысыммен ауыстырылды. Ақыр соңында Өзбек өз әскерін әр жаққа шаш-
пай, ирандық бағытқа бағыттай алды.
Достарыңызбен бөлісу: