ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
45
отырғызуды шешкен Темірдің шыдамы таусылмады. 1379 жылы қыста ол
Темір Мәлікке қарсы Ұрық-Темір және Ғияс-ад-Дин басшылығында әскер
жасақтады. Тоқтамысты жеңген Темір Мәлік тура және ауыспалы мағынада
да мас болып, талқандалды. Оның жеңілуіне өз хандарының жеңіл ойлы
әрекеттерінен ызаланған Темір Мәліктің көптеген әмірлерінің Тоқтамыс
жағына өтуі де себепкер болды.
Шығыста орныққан Тоқтамыс 1380 жылы қыста батысқа жорық жа-
сап, аз уақыт ішінде Сарай, Қажы-Тархан және Төменгі Поволжьедегі
алтынордалық қалаларды иеленеді. Оның жеңісінің жеңілдігін мынадай
жағдайлармен байланыстырады: алтынордалық таққа нағыз үміткердің бірі
Мамайды 1380 жылы 6 қыркүйекте Куликово жерінде мәскеулік князь Дми-
трий Донскойдың талқандауынан кейін Тоқтамыс Днепрге дейінгі аумақты
иеленді. Мамайдың өзі Қырымда жасырынбақ болды, бірақ бір мәліметтер
бойынша генуэздер оны ұстап Тоқтамысқа алып келіп берді де, өлтірілді.
Мамайды жеңген соң Тоқтамыстың билігі Балқаштан Днепрге дейінгі
аумаққа созылды. Орыс жерінде Орданың билігін қайтару үшін 1382 жылы
тамызда Тоқтамыс Мәскеуде жазалау рейдін жүргізіп, 3 күндік қоршаудан
кейін талқандайды. Куликово жерінде көп шы-
ғындалған Дмитрий Донской моңғолдарға қарсы-
лық көрсете алмады. Онымен қоса Тоқтамыс
бұрын Алтын Орда құрамына енген жерлер үшін
салық төлеуге мәжбүр етті.
Өзінің керемет жетістіктері үшін Тоқта мыс -
тың Темірге міндеткер екенін ханның өзі де оның
айналасындағы бұрын Хорезмнің және Мәуерен-
нахрдың әмірлері болған әмірлер де жақсы тү-
сінді. Алайда бұл адамдар саяси сахнадан жарты-
лай табиғи түрде, жартылай заңның қуғындауы
нәтижесінде кетіп отырды. Олардың орнына бұ рын
Мамайдың жақтастары болған негізінен Кавказ
және Русь жеріне қызығушылық танытқан адам-
дар келе бастады. Осылардың әсерінен 1385 жылы
Тоқтамыс енді ғана Темір жаулап алған Әзірбайжан жеріне әскер жібереді
және облыстың ең бай қаласы Тебризді талқандайды. Бұл уақытта Иранды
жаулаудан босай алмаған Темірдің екі фронтта күресетін күші жеткіліксіз
болды немесе ол өзінің қол астындағы хан саясатының бұрылысын толық
түсінбеді. Қалай болса да Тоқтамысқа қарсы әскер жіберген Темір тек
соғыс жағдайын барлау және Грузия мен Дербентте ордалық әскерге қарсы
шекаралық адамдарын күшейтумен шектелді. Кавказға жолдың жабық екенін
анықтап, Темірдің белсенділігінің төмендігін әлсіздік деп санаған Тоқтамыс
саясатын өзгертіп Хорезм және Мәуереннахрға соққы береді. 1387 жылы
күзде Тоқтамыс Сығанақ облысына (Темір иеліктерінің солтүстік перифе-
риясына) еніп, Сауран қаласын қоршайды. Қала қоршауға төтеп берді, алай-
да аумақтары толық талқандалды. Кейін Мәуереннахрды билеуге қойылған
Темірдің ұлдарының бірі Омар Шайхтың әскерінің аздығынан хабардар
Достарыңызбен бөлісу: