ШҚО Қоғамдық кеңесінің
2018 жылғы І жарты жылдықтағы
қызметі туралы ақпарат
2018 жылдың І жартыжылдығында 53 іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде:
Қоғамдық тыңдаулар форматындағы Қоғамдық кеңестің 6 жиналысы;
Қоғамдық кеңестің сарапшы жұмыс топтарының 21 жиналысы;
Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетуді, шұғыл медициналық көмек көрсетуді қоғамдық бақылау, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін анықтау мақсатымен медициналық мекемелерге 12 рейд, оның ішінде Өскемен қаласында (11), Бородулиха ауданында (1) рейд өткізілді;
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық кеңестер қызметі арқылы аймақтарды басқаруға тұрғындарды жұмылдыру жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қоғамдық кеңестің сарапшы жұмыс топтарының Курчатов, Риддер, Аягоз қалаларындағы, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Зырян, Катон-Қарагай, Бесқарағай, Үржар аудандарындағы 13 көшпелі жиналысы өткізілді.
Есептік кезеңде нормативтік құқықтық актілердің 74 жобасы қаралды, оның ішінде:
облыстық мәслихаттың шешімдері – 14
облыстық әкімдіктің қаулылары - 60
келесі салалар бойынша:
бюджетке өзгерістер енгізу және бюджетті орындау бойынша – 3;
жер қатынастары саласында – 4;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 2;
ауылшаруашылығы саласында – 9;
білім беру саласында – 5;
мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту бойынша – 9;
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу бойынша – 18;
басқа – 24.
2018 жылдың І жартыжылдығында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы БАҚ-да 103 материал жарияланды, оның ішінде:
республикалық электронды БАҚ-да – 1 сюжет
аймақтық баспа БАҚ-да – 61 мақала
аймақтық электронды БАҚ-да – 2 сюжет
аудандық БАҚ-да – 13 мақала
интернет-ресурстарда – 26 мақала
Кеңестің «Қоғамдық қабылдауымен» 34 өтініш қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.
2018 жылғы 13 ақпанда – ШҚО облысы әкімінің «2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2018 жылы даму болашағы туралы» есебі; Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі төрағасының «Шығыс Қазақстан Қоғамдық кеңесінің 2017 жылдағы жұмысы және 2018 жылға жоспары жайындағы» есебі тыңдалды; ШҚО Қоғамдық кеңесінің экология, рухани келісім бойынша сарапшы жұмыс топтарының атқарылған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды және 2018 жылғы жоспарлары қаралды;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің аясында халыққа ең үздік қызмет көрсету бойынша медициналық мекемелер арасындағы ашық бұқаралық өңірлік байқаудың жеңімпаздарына жүлделер табысталды.
2018 жылғы 15 наурызда – «Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында» ақпарат; ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, қажеттілігі ерекше азаматтардың құқығы жөніндегі сараптау жұмыс топтары төрағаларының атқарылған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды және 2018 жылға жоспарлары қаралды;
2018 жылғы 10 сәуірде – ШҚО Қоғамдық кеңесінің спортты дамыту, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру жөніндегі сараптау жұмыс топтары төрағаларының атқарылған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды және 2018 жылға жоспарлары қаралды;
2018 жылғы 18 мамырда – ШҚО Қоғамдық кеңесінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жұмыс тобының атқарылған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды және 2018 жылға жоспарлары қаралды.
2018 жылғы 4 маусымда - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының: мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету үшін мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру, ауылшаруашылығын цифрландыру бағыттарын іске асыру барысы туралы ақпараты тыңдалды; ШҚО Қоғамдық кеңесінің тұрақты даму және ӨСАБ және кіші кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс топтарының атқарылған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды және 2018 жылға жоспарлары қаралды.
Қоғамдық кеңестің 2018 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысының нәтижесі бойынша:
74 нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша оң шешім берілді;
Кіші кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру мәселелері бойынша сарапшы жұмыс топтары құрылды;
Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысын қоғамдық бақылау тұрақты түрде жүргізілді;
Қоғамдық кеңестің 9 сарапшы жұмыс топтарының атқарылған жұмысы жайындағы есебі және 2018 жылға жоспарлары қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |