Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет22/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Алтын Орда тарихындағы «ұлы дүрбелең» жылдардың басталуының ал-
ғышарттарын талдаңыз.
2. Алтын Орда мемлекетінде орын алған саяси дағдарыстың сипатын, бары-
сын және салдарларын көрсетіңіз.
3. «Мамай феномені» дегеніміз не және Мамайдың тарихи қызметіне берілген 
тарихнамалық бағалар қандай? 
4. «Ұлы дүрбелең» жылдарындағы Алтын Орда мен Ақ Орданың қарым-қа-
тынастарының сипаты қандай болды?
§­5.­Алтын­Орданың­мемлекеттік­құрылымы­және­саяси­билік­
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымын қарастырмас бұрын, ең ал-
дымен, моңғолдар өздерінің мемлекетін қалай атады және мемлекетті 
қоршаған көршілер оны қалай атаған деген сауалдарға жауап беру қажет. 
Моңғолдардың дәстүріне сай моңғол билеушілері өздеріне бөлініп 
берілген жерлерді өздерінің рулық иеліктері деп санады, ал Сарай тағының 
хандары өзінің мемлекетін жай ғана «ұлыс» деп атаған. Тоқтамыс ханның 
өз мемлекетін Ұлы ұлыс деп атаған жарлығы сақталып қалған. Мұндай 
эпитетті дипломатиялық хат алысуларда державаның күштілігін көрсету 
үшін басқа хандар да жиі-жиі қолданған. 
Жошы ұлысының атауына қатысты еуропалық және азиялық дерек-
терде неше түрлі атаулар қолданылған. Араб жылнамаларында Жошы ұлы - 
сын белгілі бір уақытта басқарған ханның есімімен этникалық толықты-
рулармен: «Берке, Ұлы татар ханы», «Тоқта, татар ханы», «Өзбек, солтүстік 
елдердің басшысы», «Тоқта хан, Сарай және қыпшақ жерлерінің иесі», 
«Дешті Қыпшақ ханы Тоқта» деп атайды. Кейбір араб және парсы авторлары 
Алтын Орданы Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деп те 
атаған. Бүкіл Алтын Ордадан өткен Еуропа саяхатшылары П. Карпини және
В. Рубрук ескі терминдерді «Командар елі», «Комония», «татар державасы» 
деп қолданады. Рим папасы ХІІ Бенедик хатында Жошы ұлысын «солтүстік
Татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілерін этни-
калық терминнің көмегімен анықтаған. ХІІІ ғасырдың соңғы он жылдығын -
да ғана «Орда» атауы пайда болып, ол Жошы ұлысының ортақ жалпы атауын 
иеленіп, аталған мемлекет толық құлағанға дейін қолданылған. 
Ал «Алтын Орда» атауына келсек, Бату хан негізін қалаған қалалардың 
ізі де қалмаған кезде пайда болды. ХVІ ғасырдың екінші жартысында алғаш 
рет «Казанцев жылнамасында» «Алтын Орда» немесе «Ұлы Алтын Орда» 
деген сөз тіркесі пайда болады. Оның пайда болуы ханның қонысымен, 
нақтырақ айтсақ ханның киіз үйінің қымбат мата және алтыннан жасалған 
бай әшекейлеріне байланысты болды. ХІV ғасыр саяхатшысы хан шатырын: 
«Өзбек алтын шатыр деп аталатын шатырда отырады. Ол алтын жапырақтары 
бар ағашқа тартылған. Ортасында аяқтары күміспен қапталған және қымбат 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
52
тастармен әшекейленген тақ орналасқан», – деп сипаттаған. «Алтын Орда» 
терминінің ХІV ғасырда орыс жерлерінде күнделікті тілде қолданылғанына 
күмән келтіруге болмайды, дегенмен сол уақытта жазылған жылнамаларда 
бұл сөз тіркесі кездеспейді. Бұл кезеңде орыс жылнамашылары «алтын» сөзін 
жақсылықтың, қуаныш пен жарықтың синонимі ретінде қолданғандықтан, 
бұл сөзді өздерін «езгіге» ұшыратқан мемлекетке қатысты қолданудан бой-
ларын аулақ ұстаған болулары да ықтимал. Сондықтан «Алтын Орда» атауы 
жылнамаларда моңғол жаулап алушылығының барлық қорқынышы ұмытыла 
бастаған кезеңде ғана айналымға енген деуге негіз бар.
Ал енді Алтын Орданың Моңғол империясындағы орны туралы мәселеге 
тоқталайық. Алтын Орда құрылған кезінен бастап дербес мемлекет ретінде 
өмір сүрген емес, сондай-ақ оның билеушілері де тәуелсіз басшылар ретінде 
саналмады. Алғашында, Жошы және оның ұрпақтарының иеліктері мен 
басқа да моңғол ханзадаларының иеліктері заң жүзінде әкімшілік орталығы 
Қарақорым болған біріккен империяны құрады. 
Бұл жерде қалған хан Яссы заңының баптарының бірінде көрсетілгендей, 
моңғолдар жаулап алған барлық аумақтардан түскен табыстардың бір бөлігін 
алып отыруға құқылы болды. Мұндай жүйенің болуы үлкен империяның 
ыдырауын болдырмау үшін ойластырылған еді. Тек орталық билік болып 
саналатын Қарақорым ғана маңызды экономикалық және саяси мәселелерді 
шешетін болған. Империяның шет аймақтарынан аса алыс орналасқан ор-
талық биліктің алғашқы кезеңде беделді болуы тек Шыңғыс ханның абы-
ройы мен даңқының арқасында ғана байланысты болды. Тек осы жағдайға 
қатысты ғана Бату және Берке хандар Қарақорымға байланысты «әділеттілік, 
бағыныштылық, достық пен бірлік» жолын бұзбай ұстанып отырды. 
ХІІІ ғасырдың 60-жылдарында Қарақорым тағы үшін Құбылай мен Арықбұға 
арасында күрес басталды. Жеңіске жеткен Құбылай астананы Қарақорымнан 
Қытай территориясына Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды. Бұл уақытта Алтын 
Орда билеушісі, Арықбұғаны қолдаушы Меңгу-Темір осы сәтті пайдаланып 
Моңғолиядағы астананы, Шыңғыс ұрпақтарының қара шаңырағын тастағанына 
байланысты Құбылайды бүкіл империяның билеушісі ретінде мойындаудан бас 
тартады. Осы уақыттан бастап ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты Ал-
тын Орда өзінің толық тәуелсіздігін алды. Империя жеке бөліктерге бөлініп кетті. 
Алтын Орда саяси егемендігін алған кезде мемлекеттің осы күнге дейін 
құрылған және біршама жақ сы дамыған ішкі мемлекеттік жүйе сі болды. Бұл 
жүйе Шыңғыс ханның Моңғолияға орнатқан жүйесінің кө шірмесі бол ған дығы- 
на таңғалуға болмайды. Мем лекет-
тің кейбір аудандарында Ба тудың 
бауырлары басқарған же ке ұлыстар 
болды. Шыңғыс хан мемлекеті да-
муының ерте кезеңін 
дегі сияқты 
Бату да өз бауырларына ұлыстар 
бөліп берді. 
ХVІІ ғасырдағы белгілі та-
рихшы Әбілғазы қызықты факт 
кел тіреді. Шығыс Еуропаға моң-


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
53
ғол дар шабуылы аяқтаған соң олар Дешті Қыпшаққа қайтады. Бату өзінің 
ағасы Орда Еженге бұл жорықтың аяқталуына сен көмектестің деп оған
15 мың отбасынан тұратын халықты бөліп берген. Сонымен, Алтын Орданың 
құрылған кезеңінде Жошы ұлысы Жошының 14 ұлына бөлініп берілді. Әр 
ұлыстағы ханзада өзін жеке билеуші ретінде есептеді. Алтын Орданың құлау 
уақытында бұл тенденция айқын көрінді. Бату билік құрған кезде бүкіл Жошы 
ұлысының бірлігі сақталды. Әрбір билеуші ханға қызмет көрсетті. Террито 
рияны бөлумен бірге мемлекеттің басқару аппараты құрылды. Алтын Орданың 
Бату мен Берке хандар билеген кезеңін ұйымдастыру кезеңі болды деуге бола-
ды. Бату жалпы мемлекет заңдарының негізін қалады, оны қалған хандар 
сақтады. Ақсүйектердің иеліктері қалыптасты, шенеуніктер аппараты пайда 
болды, барлық ұлыстарды байланыстыратын пошта қызметі жұмыс атқарып, 
салықтар мен міндеткерліктердің мөлшері мен түрлері тұрақтанды. Бату мен 
Берке хандар билігі абсолютті хан билігінің жарқын көрінісі болды. Билік 
пирамидасының ең басындағы хан далада көшіп қонып жүрген, туыстары және 
әйелдерімен бірге жылжымалы ордасында өмір сүрді. Хан мемлекет істері
бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырды. 
Жеке салалар бойынша көптеген шенеуніктер қызметін құру керек бо - 
латын. Алтын Орданың мемлекеттік жоғарғы басқару әкімшілігінде ең жо-
ғарғы екі қызметі қалыптасты. Бірінші – беклербек, ол қолына іс жүзінде 
бүкіл билікті шоғырландырды. Ол әскердің қолбасшысы болды. Сондай-ақ 
басқа мемлекеттермен дипломатиялық қызметті бақылап, жоғарғы сот 
инстанциясының құқықтарын иеленді (бұлайша бар билікті бір адамның 
қолына шоғырландыру олардың шын мәнінде Ноғай, Мамай сияқты дербес 
билеушілерге айналуына да әкеліп соқты).
Екінші жоғарғы мемлекеттік қызмет – уәзір, оның қолында жоғарғы 
атқарушы билік болды. Орталық органы диван деп аталды және хатшылар 
басқаратын палаталардан (қаржы, салық, сауда және мемлекеттің ішкі саяси 
өмірінің басқа да салалары) тұрды. Олардың негізгі қызметі салық жинау 
және жаулап алынған халықтардың сыйлықтарын қабылдап алу еді.
Басқару сатысында беклербек және уәзірден кейінгі сатыда әскербасшы- 
лар – ұлысбегілер (әмірлер, мыңдық басшылары, түмендіктер) және шенеунік-
тер тұрды. Басқару аппаратына байланысты қызметтер: шекарашы – тамға жи-
наушы, таразшы – салық жинаушы, елші – жиналған алым-салықтарды Ордаға 
алып келуші және дипломатиялық қызметтерді орындаушы қуғыншы, бұқала – 
шекаралық қарауылдардың басшысы, тақтұла – пошташы, жәмшік қызметінің 
басшысы. Бұдан басқа жарлықтарда ұсақ қызметтер – құсшы, тасымал- 
даушы, базар бақылаушысы туралы мәліметтер де кездеседі. Алтынордалық 
шенеуніктер категориясын және олардың иерархиясын бізге дейінгі жеткен хан 
жарлықтары мен грамоталарындағы титулдарды зерттеу арқылы Г.А. Федоров-
Давыдов орнатқан болатын. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау