Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет66/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Қазақ хандығының құрылған датасына қатысты тарихнамалық пікірлерді 
талдаңыз.
2. Қазақ хандығының құрылуы қанша жылға созылған тарихи үдеріс және 
оның барысы мен кезеңдеріне талдау жасаңыз.
4. Қазақ хандығының құрылу барысындағы бірінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңыз.


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
183
5. Қазақ хандығының құрылу барысындағы екінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңыз.
6. Қазақ хандығының құрылу барысындағы үшінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңыз.
7. Қазақ хандығының құрылу барысындағы төртінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңыз.
§­4.­Қазақ­хандығының­құрылуының­тарихи­маңызы
Жалпы, Қазақ елінің тарихында оның ішінде Қазақ хандығының та-
рихында Қазақ хандығының құрылуының алатын орны ерекше, маңызы 
зор болып саналады. Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі 
замандардан бері үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен 
ХІV-ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес 
аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып 
есептеледі. Сонымен бірге бұл маңызды оқиға мемлекеттіліктің дамуындағы 
белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді.
Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызы жағына, оның этника-
лық дамуын жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге 
жеткізуі жатады. Отандық тариханамада қазақ халқының қалыптасуының 
аяқталу кезеңі Қазақ хандығының құрылуымен қатар жүзеге асты деген 
тұжырым берік орныққан. Бұл тұжырымның пайда болуы Қазақ хандығы -
ның құры луымен байланысты екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді.
Қазақстан аумағында этникалық процестер ең бері дегенде қола дәуі-
рінен бастау алып, біздің заманымыздың ХІV-ХV ғасырларында өзінің 
халықтық деңгейіне көтеріледі. Этникалық процестер барысындағы этника-
лық элементтер мен компоненттердің аумақтық, экономикалық, саяси, 
діни-мәдени, тілдік, рухани ортақ кеңістіктерге бірігуі 2-2,5 мың жылдай 
уақыт бойы бірнеше тарихи дәуірлер мен кезеңдер арқылы жүзеге асады. 
Әрбір тарихи дәуірде этникалық процесс өзіндік даму жолынан ауытқымай, 
қажетті шарттармен толыға түседі. 
Жалпы алғанда ХІІІ ғасыр басына дейін этникалық процесс халықтық 
деңгейге жақындаған болатын ортақ этникалық кеңістік қалыптасып болған 
еді. Бірақ оның толығымен шегіне жетіп, түпкілікті түрде жүзеге асуына 
саяси-әлеуметтік ұйым – мемлекет қажетті шарттар жасай алмайды. ХІ ға-
сырда құрылған Қыпшақ хандығы ХІІ ғасырдың ортасынан бастап ішкі 
және сыртқы факторлардың нәтижесінде бытыраңқылыққа ұшырайды. Ал 
ХІІІ ғасыр басында ол жүйе өзінен әлдеқайда мықты мемлекеттік жүйеге 
– моңғолдар мемлекетіне орын береді. Соның нәтижесінде Қазақстан ау-
мағындағы этникалық процеске жаңа бір тарихи дәуірді – моңғолдар үстем-
дігі дәуірін басынан өткеруге тура келді.
ХІІІ-ХV ғасырлардағы этникалық процестер алғашқы кезеңде біршама 
тежеуге ұшырағанымен, өзінің даму барысынан ауытқымайды. ХІV ға-
сырдың ортасына таман Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы моңғолдық 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
184
этнокомпоненттердің жергілікті этноортаға бейімделуі аяқталады, басқаша 
айтқанда моңғолтайпаларының қыпшақтануы аяқталып болады. 
Жазба деректерде Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы ортақ атаумен 
қыпшақтар деп аталынса, ХІV ғасырдың ортасынан бастап оны «өзбектер» 
атауы ығыстырып шығарады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс 
Дешті Қыпшақ тұрғындары үшін «қазақ» атауы қолданыла бастайды. Бұл 
этноним Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің мәреге жетіп, бір 
халықтың қалыптасуының аяқталғандығын көрсетеді. Қазақ хандығының 
құрылу барысы мен халықтың қалыптасуының аяқталу кезеңі қатар жүзе-
ге асып, саяси жағдайларға байланысты пайда болған «қазақ» термині
жаңадан тарих төріне көтерілген халыққа да беріледі. Сөйтіп, осыдан жар-
ты мың жылдан астам уақыт бұрын этноним ретінде пайда болған «қа - 
зақ» сөзі күні бүгінге дейін өзі пайда болған аумақтағы халықтың атауы 
ретінде қолданылып келді.
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері 
үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, 
қазақ халқынын халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ 
хандығының құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра 
келе, ол – қазақ халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, 
этникалық процесті халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты 
этнонимді бергізді деп ойымызды түйіндейміз.
Қазақ хандығының құрылуының келесі бір та-
рихи маңызына оның ХІІІ ғасыр басында моңғол 
жаулап алушылығына байланысты үзіліп қалған 
мемлекеттік дәстүрді жергілікті этностың дәстүріне 
сай қайта қалпына келтіруі жатады. ХІІІ ғасыр ба-
сына дейінгі Қазақстан аумағындағы қыпшақтық 
мемлекеттік жүйе мен моңғолдық мемлекеттік жүйе-
де ортақ ұқсастықтар мен белгілер болса да, олардың 
әрқайсысында тек өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп 
болатын. Мысалы, оған мемлекеттің саяси-әкімшілік 
құрылымының негізін билікті мұраландырудағы 
айырмашылықтарды, билік түрлерінің атқарушы билік түріне қарым-қа-
тынастарын жатқызуға болады. Моңғолдық мемлекеттік жүйе жаулап алуға 
байланысты шығыс Дешті Қыпшақ аумағына енгізіліп, бұрынғы жүйені 
ығыстырып шығарады, бірақта оны жергілікті тұрғындардың санасы мен 
жадынан өшіре алмайды. Моңғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы 
процесі моңғолдық мемлекеттік жүйенің жергілікті ортаға бейімделуімен 
қатар жүреді. Соның нәтижесінде моңғолдық мемлекеттік жүйеге тән ноян, 
баһадүр секілді терминдерді – би, бек, батыр деген жергілікті түрік-қыпшақ 
сөздері ығыстырады. Сондай-ақ жоғарғы билікті мұралануда қыпшақтық 
дәстүр мен моңғолдық дәстүр арасында өзгешеліктер бар болып, ХІІІ- 
ХІV ғасырдың ортасына дейін моңғолдық дәстүр үстемдік құрып келді.
ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың ортасына дейінгі аралық-
тағы саяси оқиғалардың көбісінің астарында осы екі дәстүр арасындағы


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
185
кү рестер жатты. Моңғолдық дәстүр бойынша ханның мұрагері болып оның 
ұлдарының бірі сайланса, жергілікті дәстүрге сай билікті билеуші әулеттің 
жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІV ға-
сырдың соңы мен ХV ғасырдың басында қолданыла бастайды. Ал Қазақ 
хандығының құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін 
көрсетеді. Орыс хан ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске 
жетіп, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді 
ұстанады. Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау ба-
рысында Керей жоғарғы билікті иеленеді. Моңғолдық дәстүр бойынша
1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – Жәнібек хандық билікке келуі тиіс 
болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан болуы – қыпшақтық дәстүрдің 
жеңіске жеткендігін көрсетеді.
Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – моңғолдық үстемдікке дейінгі 
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке 
шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы 
өзара байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын 
көрсетсе керек.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында ежелгі замандардан ХV ғасыр ортасы-
на дейін әр түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мемлекеттердегі билеуші 
әулеттер көбінесе бір тайпадан шығып, мемлекет атауы сол тайпа атауымен 
аталғаны белгілі. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерін айтпағанның өзінде, 
ХІV ғасырдан кейін өмір сүрген түрік, түргеш, оғыз, қарлұқ, қимақ, найман, 
қидан, қыпшақ мемлекеттерінің атауы осыны көрсетеді. 
Сонымен бірге, ХІІІ-ХV ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағындағы мемлекеттік құрылымдар – Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ор-
дасы, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп, 
немесе бірінің орнына бірі келіп, сол ортағасырлардағы Қазақстанның
саяси картасын әр түрлі түспен құбылтып тұрса, Қазақ хандығының құ-
рылуы және оның саяси дамуы әр түсті бір түске ауыстырады.
ХV ғасырдың ортасынан бастап әр түрлі саяси атаулардың орнына бір
ғана саяси термин – Қазақ хандығы атауы орнығады. Бұл атау ХVІІІ ғасыр-
дың басына дейін Қазақстан аумағындағы жалғыз мемлекеттің атауы ре-
тінде қолданыста болады.
Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғарғы ағы сының 
аралығындағы орасан зор аймақ ХІ ғасырдан бері «Дешті Қыпшақ» деп аталы-
нып келсе, Қазақ хандығының құрылуымен оның одан кейінгі ғасырлардағы 
дамуы жаңа ұғымды қолданысқа енгізеді. Жоғарыда атал ған аймаққа қыпшақ 
тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы – «Дешті Қыпшақ» – «Қыпшақ 
даласы» деген ұғымды енгізгені белгілі. ХVІ ғасырыдың бірінші жартысында 
«Қазақстан» термині алғаш рет жазба деректерде жазылып, ол «қазақтардың 
мекені», «қазақтардың елі» дегенді білдіреді. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ атауы 
тарихтың еншісіне қалдырылып, жаңа атау – жаңа этносаяси жағдайларға сай 
қызмет ете бастайды. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – аймақтың са-
яси және этногеографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаңа жағдайларға 
сай жаңа атауларды қалыптастырады.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
186
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жоғарыда айтып өт-
кендермен шектелмейді. Оның ерекше бір атап өтер маңызына – Қазақ хан-
дығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, 
жаңа бір тарихи дәуірге негіз қалауы жатады. 
Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл ма-
ңызды оқиғаны ортағасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының 
құрылуымен, Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. 
VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы Қазақстан тарихындағы 
ХІ-ХІІІ ғасыр басы аралығын Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге 
жатқызады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан 
бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – 
Қазақ хандығы дәуірі.
ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан 
тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың 
өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи сана-
сында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен 
билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар 
осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы 
тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатыр.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін түйіндей келе, 
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқи-
ғалардың бірі деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге 
жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпа-
лын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этноса-
яси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа 
тарихи дәуірдің басталуына негіз салады.
Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы «Қазақстан Республикасы», хал-
қымыздың атауы «қазақ», жеріміздің атауы «Қазақстан» деп аталынуының 
негізінде ХV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау