Қазақ хандығы



жүктеу 24,76 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі24,76 Kb.
#34681
1 нед


Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.

Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.

Ортағасырлық Қазақстан тарихында XV ғасырдың бірінші жартысы мен орта тұсында өмір сүрген Әбілқайыр хандығының өзіндік алатын орны бар. Қазақ хандығының құрылу тарихында бұл мемлекеттің дамуы саяси алғышарттар даярласа, мемлекеттің этникалық негізін құраған «көшпелі өзбектер» деп аталған тайпалар бірлестігі қазақ халқының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Мемлекетті алғаш рет Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында ұзақ уақыттар бойы саяси жағынан алғанда бейтарап болған Шибан әулетінің өкілдерінің бірі – Әбілқайыр хан құрып, бірнеше он жыл бойы жеке-дара билік етеді. Бірнеше ғасыр бойы осы аумақта билік еткен Орда ежен әулетінің орнына Шибан әулетінің келуі және әулет өкілі – 17 жасар Әбілқайыр ханның алғашында Шибан ұлысына, кейіннен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына хан болуы кездейсоқтық болып көрінгенімен, мәселені тереңірек қарастырғанда оның тарихи дамудың заңды құбылысы екенін көруге болады. Осыған байланысты біз осы жұмысымызда жап-жас шибанилық әулет өкілінің билікке келуі мәселесін қарастырамыз.

Ежелгі және ортағасырлардағы дүние жүзілік тарихта, сондай-ақ Қазақстан тарихында да мемлекеттің жоғарғы билігіне билеушілердің бірнеше жолдармен келетіндігі белгілі. Біріншісіне – әулеттің негізін қалаушы тұлға өзінің жеке басының қасиеттерін көрсете отырып, күрес арқылы келсе, екіншісіне – мұрагерлік жолмен келу жатады. Бұл жағдайда көбінесе, бұған дейін хан болған әкенің, не аға-бауырдың өсиеті есепке қатаң алынады. Үшіншісіне – бір әулет ішіндегі тұлғалардың өзара билік үшін күресі арқылы келу болса, төртіншісіне – әулеттің жап-жас өкілін сарай маңындағылардың, әмірлер мен бектердің қолдап отырғызуы жатады. Бұларға дәлел ретінде ежелгі үйсіндердің, түріктердің, қыпшақтардың, саяси тарихынан, сондай-ақ Алтын Орданың, Ақ Орданың, Моғолстанның, Темір мемлекетінің, Ноғай Ордасының тарихынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Осы билікке келудің әртүрлі жолдарын талдай келе, мынадай бір заңдылық бар екені аңғарамыз. Билеуші әулеттің идеологиялық негізі мықты болған жағдайда билікті мұралану барысы қатаң сақталады, ал идеологиялық негіз әлсіреп, тоқырауға ұшырағанда, онда билікке бірге туған бауырлар бірін-бірі өлтіріп жетеді немесе әулеттің ең жас, тәжірибесіз өкілін жергілікті саяси күштер немесе топтар таққа отырғызады. Әбілқайыр ханның билікке келуі осы төртінші жолға жатады.

 Әбілқайыр хандығы. XV ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428—1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпа- ларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.

Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы — алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлүқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мүстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.

XV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ та 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде XV ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.

Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлті- рілді. Ал, Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470— 1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилер ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. XVI ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуераннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарының билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі — Ноғай Ордасы. Ол XIV—

XIV  ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.

Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260—1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.



Ноғай Ордасының негізін салушы — эмір Едіге (1395—1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396—1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426—1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XV ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы — Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы — маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлүқ, алшын, тама жэне т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін қүрады.

Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі — хан. ¥лыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. ¥лыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп- қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
жүктеу 24,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау