Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет69/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

ІІ
тарау
Х
V

V
ІІІ ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 
САЯСИ ТАРИХЫ


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
193
зерттеушісі Т.И. Султанов Қасым ханды 1445 жылы шамасында дүниеге кел-
ген деп есептейді. Қасым ханның өміріне байланысты деректер 1470 жыл - 
дарға дейін ешбір еңбекте кездеспейді. Оның себебі түсінікті де. Қазақ 
хандығы құрылғаннан 1470 жылдар басына дейін мемлекеттегі ірі саяси 
тұлғалар Керей мен Жәнібек хандар болды. Ал Бұрындық, Қасым, Махмут, 
Әдік және т.б. сұлтандар хандардың жанында жүріп сол кездегі оқиғаларға 
араласқанымен, жазба деректерде негізгі хандар аталып отырған. Алғаш 
рет жазба деректе Бұрындық хан 1469-1470 жылғы оқиғаға байланыс ты
кездеседі. Өйткені бұл кезде оның әкесі Керей қайтыс болған еді. Сол сияқты 
Қасым да алғаш рет жазба дерек мәліметтерінде Жәнібек қайтыс болғаннан 
кейін, яғни 1470 жылдар басынан бастап айтыла бастайды.
XV ғасырдың 70-жылдарынан бастап Қазақ хандығының тарихында 
жаңа кезең басталады. Саяси тарих тұрғысынан қарасақ, бұл кезең – Қазақ 
хандығының күшеюімен, нығаюымен, этникалық тарих тұрғысынан – қазақ
халқының этникалық, ұлттық территориясының біріктірілуінің басталуы - 
мен сипатталады. Мұндағы ең басты оқиғаға – Казақ хандығының Сыр-
дарияның орта ағысы бойындағы қалалар мен далаларды қайтару үшін 
Мәуереннахр билеушілерімен жүргізген күресі жатты. Бұл күрес 1470 жыл-
дардан 1598 жылға созылды. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің 
бірнеше кезеңі бар. Алғашқы кезең – 1470-1520 жылдар аралығында өтті. 
Мысалы алғашқы кезеңде Қасым хан өзін ірі қолбасшы, әрі ірі мемлекет 
басшысы ретінде көрсетіп, замандастарының жазбаларында ұлы тұлға 
түрінде көрініс табады. 
1470 жылдар басында Жәнібек ханнан кейін хандыққа Бұрындық ке-
леді. XVI ғасыр басында жазылған «Шайбани нама» еңбегінің авторы
Камал ад-дин Бинай Қасым тура лы: «Бұрындық хан әскері ішіндегі атақты 
баһадүрі және мықты сұлтанның бірі», – деп жазады. Сыр бойы үшін 
күрестің басталуына Әбілқайыр ханның (1428-1463) немересі Мұхаммед
Шайбани ханның 1471-1472 жылдары осы аймаққа келіп, тұрақтануы 
түрт кі болды. Қазақ хандығы бұған наразылық білдіріп, қыс мезгіліне қа-
ра мастан, Сығанақ пен Сауран төңірегіндегі шайбанилықтарға соққы бе-
реді. Қасым хан басшылық еткен қазақ әскерлері осы қалалар маңында 
шайбанилықтарды талқандап, қашуға мәжбүр етеді. Бұл шайқаста Қасым 
ханның бауырлары: Махмут, Жиренше, Қамбар сұлтандар бастаған жасақтар 
ерлігімен көзге түседі. Мұхаммед Шай бани хан болса өзінің атақты сұлтаны 
мен баһадүрінен айырылады.
1471-1472 жылғы ұрыс Қазақ хандығы үшін өте нәтижелі аяқталды. 
Сыр өңірінен қарсылас жау қуылды және аймақтың солтүстік және солтүстік 
батысындағы Созақ, Сауран және Сығанақ аймақтары Қазақ хандығының 
құрамына өтеді. Кезіндегі Ақсақ Темірге арқа сүйеген Ақ Ордаға қарсы 
күрескен Тоқтамыс хан секілді Мұхаммед Шайбани хан да Мәуреннахрдағы 
Ақсақ Темір ұрпақтарынан әскери жәрдем алып, Қазақ хандығына XV ға-
сыр соңында бірнеше рет күрес жүргізеді. Шайбани ханның екінші peт 
Сыр өңіріне келуі 1480 жылдарда болды. Бұл жолы да Қазақ хандығы оған 
тойтарыс береді және Сыр өңірінің қалған бөліктеріне ықпалын күшейте 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
194
түседі. Бұл жолғы күресте Қасым мен оның інілері қол бастап, жауын тағы 
да қашуға мәжбүр еткізеді.
Күрестің үшінші кезеңі XV ғасырдың 93-96 жылдары етті. Бұл Қазақ 
хандығы үшін ауыр кезең болды. Күреске Мәуреннахр билеушілерімен 
қатар Моғолстан ханы Сұлтан Махмұт хан да араласып, Мұхаммед Шай-
бани ханға әскери көмек береді. Екіншіден, Қазақ хандығының Сыр өңі-
рін толығымен қайтарудың соңғы кезеңінде билеуші топтар арасында 
қайшылық туып, екі топ пайда болады. Бірін Бұрындық, екіншісін Қасым 
және Жәнібек ханның өзге ұлдары құрайды.
Қайшылық – Жәнібек хан ұлдарының Сыр өңірінде жаңа ұлыстарды 
иеленуіне, соның салдары – олардың күшейе бастауына байланысты туын-
дады. Болашақта өз билігіне қауіп төнетінін сезген Бұрындық енді Жәнібек 
хан ұлдарын әлсірету мақсатымен кешегі жауы – Мухаммед Шайбани хан-
мен жақындаса бастайды. Сонымен қатар шайбанилық сұлтанның Сыр 
өңірінде бекінуіне, бірнеше қаланы иеленуіне рұхсат етіледі. Бұрындықтың 
бұл әрекеті – Қасым хан тобынын Сыр бойын толық иеленуіне мүмкіндік 
бергізбеуге және қажет болса, кешегі жаумен Жәнібек хан ұлдарына қар сы 
одақтасуға жасаған бағыты бол ды. Қасым сұлтан қалыптасқан қиын жағ-
дайдан оңай шығады. Өз кезегінде ол Бұрындық пен Шай бани хан одағына 
қарсы моғол ханымен одақ құрып, қарсы шаралар әзірлейді. Сөйтіп, 1496 жы - 
лы Сыр өңірі үшін күрестің алғашқы дәуірі аяқталып, Қазақ хандығы 
Қасым және оның жақтаушылары арқасында Сыр өңірінің солтүстік бөлі - 
гін иемденеді. Егер ХV ғасырдың 70-80 жылдары Қасым үнемі Бұрын-
дық ханның жанында жүріп, «оған бағынып, бұйрықтарын орындап
жүр се», сол ғасырдың 90-жылдарынан бастап, одан алшақтай бастайды.
Қалыптасқан саяси жағдай және оның одан әрі дамуы Бұрындық пен Қасым 
арасын күннен-күнге салқындата түседі. XV ғасырдың соңғы жылдарын-
да Қасымның әскери қолбасшылық қасиетімен қатар, мемлекет қайраткері 
ретіндегі шебер дипломат ретіндегі қырлары айқындала түседі. Бұған дә - 
лел ретінде, Қасымның жеке бастық мүддесінен гөрі мемлекеттілік мүдде-
сін артық қоюы және осы соңғы мүддеге сай іс-әрекет жасап, шешім 
қабылдауы, оны жүзеге асыруы жатады. Қасым ханның қазақ халқы алдын-
да, қазақ мемлекеттілігін нығайтуда сіңірген еңбектерінің бірі – XV ғасыр 
соңында Сыр өңірінің біртіндеп қазақ халқының этникалық территориясы-
на ене бастауы болды. Ал XVI ғасыр басындағы ханның аса бір рөлі – қазақ 
жеріне басқыншы болып келген Мұхаммед Шайбани хан әскерін тас-талқан 
етіп жеңуден көрінді. 1496 жылы Бұрындық ханмен одақтасу арқылы Сыр 
өңірінің бір шетіне табан тіреген Шайбани хан, Мәуреннахрдағы саяси 
бытыраңқылықты ұтымды пайдалана отырып, 1500 жылы Самарқанд тағына 
отырады. Және де 1500-1504 жылдары Орта Азияның бірталай аймақтарын 
бағындырып қуатты мемлекет құрады. Бірақ солтүстікте Қазақ хандығының 
болуы оған үнемі қауіп төндіреді. Сондықтан да Шайбани хан XVI ғасырдың 
басында Қазақ хандығын өзіне бағындыруды басты мәселе етіп қояды. 
Шайбанилық сұлтанның бірі, кейіннен хан болған Убайдуллах XVI ғасыр 
басындағы қазақтармен соғыс туралы мәселеде «біздің бүкіл мұсылман 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
195
әлемін жаулаудағы алғашқа қадамымыз қазақтарды бағындырудан баста- 
лады», – деп жариялайды. Бұл – 1509 жылы айтылған сөз. Орта Азия билеу-
шісі XVI ғасыр басында алдымен қазақтарды экономикалық тәуелділікте 
ұстау үшін 1505 жылы жарлық шығарады. Жарлықтарда қазақтармен толық 
сауда-айырбасты тоқтату жөнінде айтылады және Орта Азияда жүрген 
қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық береді. Бірақ бұл шара оған оң нәтиже 
бергізбейді, керісінше Қазақ хандығы тарапынан қарсы әрекеттер туғызады. 
Шайбани хан өз әрекетін оң көрсету үшін мәуереннахрлық дін басылары-
на қазақтарды «дінсіздер» деп жариялатқызып, күреске Орта Азияның бү - 
кіл мұсылмандарын жұмылдырады. Сөйтіп, ол 1505 – 1509 жылдар аралы-
ғында Қазақ хандығына қарсы үш рет жорық ұйымдастырды. Бұл үш жо-
рық Шайбани хан үшін біршама табысты аяқталды. Сыр өңіріндегі қазақ 
сұлтандарының ұлыстары талқандалып мыңдаған мал мен жан олжаға 
түсіріледі. Талқандалған ұлыстардың бәрі Жәнібек хан ұлдарының ұлыс та-
ры болатын. 1509 жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде Бұрын-
дық хан жау шабуылын біле тұра, Жәнібек хан ұлдарына ешқандай көмек 
бермейді. Керісінше, өз басын аман сақтап, ұлысымен шегініп кетеді. Хан-
ның бұл әрекеті бүкіл қазақ қоғамында оның беделін төмендетеді. Осы кез-
ден бастап барлық күштер Қасым ханның төңірегінде топтаса бастайды. 
Өйткені Шайбани хан алғашқы үш жорықта қазақ елін бағындыруды мақсат 
еткенімен оған жете қоймаған еді. Сондықтан да болашақта түпкі мақсатқа 
жету үшін әлі де болса жорықтар болу қаупі болатын. Міне, осы тұста сыртқы 
жауға тойтарыс бере алатын және бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын 
жалғыз тұлға – Қасым хан еді. Сыр өңірі үшін болған бүкіл қазақ елін соған 
жұмылдыра алатын жалғыз тұлға – Қасым хан еді. Сыр өңірі үшін болған 
күрестерде жинақталған тәжірибе мен атақ-абырой, қолбасшылық пен ұлыс 
билеушілік дәреже, хан әулетінің өкілі болуы – Қасым ханды қиын-қыстау 
жағдайда қазақ елінің ең ірі мемлекет қайраткеріне айналдырады. 
Мұны сол кездегі тарихшылар да аңғарған. Мысалы, Мұхаммед Хайдар 
мырза Дулати: «Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық 
хан туралы ешкім де ойламады», және «хандықты басқару мен ондағы бүкіл 
билікті қолына алды», – деп жазады. 
Шайбани ханның келесі жорықтарынан хабардар болған Қасым хан 
оған алдын-ала әзірленеді. 1510 жылғы Шайбани ханның соңғы жорығында 
Қасым хан өз Ордасын ішкері қарай, Ұлытау маңына қондырады. Сонымен 
қатар Ордада аз күш қалдырып, негізгі күшін кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске 
масаттанған жау қаннен – қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада тойлайды. 
Осы тұста Қасым хан батырларын қарсы шабуылға шығарады. Қазақтардан 
мұндай қарсы әрекетті күтпеген жау әскері ешқандай қарсылық көрсете 
алмай, бас-сауғалап қашуға мәжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан 
Сыр өңіріне дейін қуып, Сығанақ түбінде тас-талқан етеді. Шайбани хан 
әскерінің қалдықтары деректерде жазылғандай, қорыққанынан арттары-
на қарауға мұршасы келмей, Самарқанға дейін ешбір жеңілістің дәмін 
татпаған Шайбани хан әскері Қасым хан әскерінен 1510 жылдың қысы мен 
көктемінде осылай жеңіледі. Орта Азия билеушісінің бұл жеңілісін сол 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
196
тұстағы тарихшы Балхи былай деп бағалайды: «Бір сөзбен айтқанда, Шай-
бани ханның үлесіне ірі жеңіліс тиді. Өзінің ең шырқау биігіне жеткен оның 
билігі енді құлдырай бастады». Көріп отырғанымыздай, Қасым хан тек 
қазақ елін құтқарып қана қойған жоқ, қарсыласы Шайбанидың белін үзіп, 
омыртқасын опырғандай соққы береді. Орны келгенде айта кетелік, Қасым 
ханнан жеңілгеннен соң Шайбани хан өшін айналасындағы сұлтандардан 
алып олардың иеліктерінің бәрін өзгертеді. Өз кезегінде сұлтандар бұған 
наразы болып, іштей қарсылық білдіреді, бірақ бірден сыртқа шығара ал-
майды. Сол жылы оның Бадахшанның таулы тайпаларына жасаған жорығы 
сәтсіз аяқталады. Күзде Мерв қаласында Иран шахы Исмайыл шах әскерінің 
қоршауында қалғанда қарамағындағы бірде-бір сұлтаннан көмек келмейді. 
Сөйтіп 1510 жылы күз айында ол қоршауда қаза табады, ал бірнеше жыл бойы 
орта Азияда саяси бытыраңқылық жайлайды. Міне, Қасым ханнан жеңілген 
Мұхаммед Шайбани ханның тағдыры және ол құрған мемлекеттің тағдыры 
осылай аяқталады. Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі оның рөлін одан 
әрі өсіреді, сонымен бірге ол билеген Қазақ хандығының халықаралық 
жағдайы арта түседі. Жалпы алғанда, Шайбани хан жорықтарына қарсы 
күресі, оны талқандауы – Қасым ханның қазақ халқы алдында сіңірген 
тағы да бір еңбегінің бірі. Қазақ жұрты алдында беделінің жоғалғандығын 
көрген Бұрындық 1511 жылы Мәуереннахрға кетеді. Ешбір деректе жазыл-
маса да, осы жылдан бастап Қасым ханның ресми хандық дәуірі басталады.
Қасым хан Қазақ хандығында 10 жыл (1511- 1521 ж.) отырды. Қазақ халқы 
үшін ол осы 10 жыл ішінде бірнеше хан ұрпағы атқаратын іс атқарып кетті. 
Ол хандық құрған жылдар ішінде қазақ елін, қазақ жұртын іргесіндегі 
көршіден алыстағы Еуропа халқына дейін танып біледі.
1510-1513 жылдары Шайбани хан өлгеннен кейін орта Азияда саяси 
бытыраңқылық белең алып, Сыр өңірінде оның ықпалы әлсірейді. Сондай-
ақ Жетісу мен Шығыс Түркістанда бір жарым ғасырдан астам өмір сүрген 
Моғолстан мемлекеті ыдырайды. Осындай Қазақ хандығы үшін қалыптасқан 
қолайлы сәттерді шебер пайдалана білген Қасым хан Жетісуда толығымен 
сыр өңірінде, Қазақ хандығының билігін орнатады. Мұнда бір ескеретін 
жай- бұл аталған аймақтар ешбір ұрыссыз қазақ халқының этникалық тер-
риториясына енеді. Себебі мұндағы тайпалар қазақ халқының этникалық 
компоненттерінің бірі болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл осы жыл - 
да ры орыс халқынын этникалық территориясының қалыптасу үрдісі, соны - 
мен қатар, саяси үрдісі бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің құры-
лып жатқан кезі болатын. Бірақ та бұл прогрессивті процестер кейбір княз-
дықтардың қатты қарсылығына тап болып, қырғын соғыстар арқылы жүрді.
Ал XVI ғасыр басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ хал-
қының этникалық территориясының қалыптасуы үрдісінің Жетісу, Сыр 
өңірлерінде бейбіт өтуі бірнеше мән-жайды ашады. Біріншіден, этникалық 
процестің біртұтас этнотерриторияда жүруі этникалық компоненттердің 
этнопсихологиялық жағынан жақындасуын тездетеді. Сол себепті де Жетісу 
мен Сыр өңіріндегі этникалық топтар саяси кедергілер жойылғаннан кейін 
өзінің негізгі этникалық ұйтқысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
197
үрдістің қырғын-соғыссыз етуіне өз заманының ұлы қайраткері – Қасым хан 
тұрды. Жеке адамдардың тарихи кезеңдердегі тарихи рөлін Қасым ханның 
атқарған рөлі арқылы түсінуге және түсіндіруге болады. 
Қасым хан қазақ халқының территориясын қалыптастырумен қатар, оның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де күш салады. Оған дәлел – 1513 жылғы 
оның Ташкентке жорық жасауы болды. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ 
хандығына өтуі бірнеше мәселені шешкен болар еді. Біріншіден, Ташкентті 
алу арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен елді мекендердің 
бейбіт өмірін сақтау, хандықтың оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру және 
бір саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен оңтүстігінде Сайрамға дейін Сыр 
өңірінің этникалық тұтастығын қамтамасыз ету, дамыту болды. Екіншіден, 
дәл осындай мақсаттар Жетісуға да қатысты болды. Мәуереннахр тарапы-
нан Жетісуға және Сыр өңіріне апаратын қысқа және төте жол – Ташкент
арқылы өтті. Сондықтан да қаланың қазақтарға өтуінің әскери-стратегиялық 
маңызы болды. Үшіншіден, Қасым хан алдында саяси міндет 1513 жылдың 
басынан қайта күшейе бастаған шайбанилық сұлтандардың күшін, Таш-
кент аймағындағы ықпалын әлсірету болды. Міне, осындай маңызды мақ - 
саттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермеледі. Жорықтың баста луына
Сайрам қаласын өз еркімен Қасым ханға берген Қатта-бектің ұсынысы 
түрткі болды. Бірақ та Қасым ханның Ташкентке жасаған 1513 жылғы 
жорығы сәтсіз аяқталады. Кейін шегінген қазақ әскері Ташкенттің солтүс-
тігіндегі қала – Сайрамға келіп тоқтайды. Уақытша болса да бұл қала 
әскери – стратегиялық маңызға ие болды. 1513 жылдан кейін қайта бірігіп, 
күшейген Мәуереннахрдағы шайбанилық сұлтандар Қазақ хандығының 
Сыр өңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 1516/17 жылдың қысында жорық 
ұйымдастырады. Шайбанилық тарихшылар жорықтың ұйымдастырылуы 
туралы қанша марапаттаса, жорықтың немен аяқталғандығы туралы сон-
ша аузын ашпайды. Қасым хан шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 
1516-1517 жылдардағы оқиғадан соң Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр 
өңірі мен Жетісу аймағындағы саяси талас-тартыс аяқталып, бейбіт өмір 
қалыптасады.
Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік – шығыс бағыттардағы сырт-
қы саясатын сәтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш-жігерін 
батысқа Жайық, Еділ бағытына жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен 
аралығындағы Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын. Мырзалар 
ру-тайпа көсемдері билік үшін өзара күресте мемлекетті толығымен ыды-
ратып, бір-біріне бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай 
мырзаларының өзара күресінен әбден шаршаған ру-тайпалар өздерінің 
этникалық ортасы, этникалық кеңістіктегі құрамдас бөлігі – қазақ этносына 
қосыла бастайды. А. Исиннің зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 
1519 жылы Еділдің оң жағалауына ығыстырылғандығы жөнінде айтылады. 
Ал сол жағалауда Қазақ хандығының билігі жүре бастайды да, ол енді Астра-
хан хандығымен шектеседі. Өз кезінде бұл жағдай Қазақ хандығына Алтын 
Орда ыдырағаннан кейін, оның батыс бөлігіндегі саяси қарым-қатынастарға 
белсене араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазан, Астрахан, Қырым, 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
198
Москва княздықтарымен осы тұста Қасым хан кезінде дипломатиялық 
қатынастар орнатылады. Алтын Орданың мұрагері болуға ұмтылған Қазан, 
Қырым және Астрахан хандықтары бір-бірімен күресте өздеріне мықты 
одақтас іздестіреді. Москва княздығы бұл кезде әлі де болса қуатты емес еді. 
Сондықтан да күшті одақтас Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде 
1520 жылы Қырым хандығында қазақтардан елші келгендігі айтылады. Жаз-
ба деректер бұл жөнінде мардымды ештеңе айтпаса да, осы жылдардағы 
үздіксіз болған байланыстар халық ауыз әдебиетінде жақсы сақталған. Та-
рихи, батырлык, жырларда Қырым, Казан хандықтарына байланысты, же-
келеген батырларға байланысты көптеген оқиғалар баяндалады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау