Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет97/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116

286 
 
Кез  келген  МҚБЖ  берілгендерді  ыңғайлы  сақтау  мен    енгізуден 
басқа,  есептерді  алудың  күшті  механизміне  ие.  Есептер  ерекшеліктері 
мен  құрылымы  жағынан  формаларға  ұқсас,  бірақ  берілгендерді  тек 
басып  шығару  құрылғысына  (принтер)  шығару  үшін  арналған.  Осыған 
байланысты есептерде шығарылатын мəліметтерді топтастырудың жəне 
колонтитулдар,  беттердің  нөмірлері,  қызметтік  ақпарат  сияқты  арнайы 
сипаттағы  басып  шығарылатын  құжаттардың  безендіру  элементтерін 
шығару үшін арнайы шаралар қарастырылған 
МҚБЖ-нің ішкі жалпы құрылымын анықтағаннан кейін, мұның бəрі 
не  үшін  керек  екенін  жəне  бұны  қалай  қолдануға  болатынын  анықтау 
керек.  Кез  келген  адам  немесе  өндіріс  орны    өз    жұмыс    үрдісінде 
біршама  ақпарат  массивін  жинақтайды.  Бұл  –  аты  –  жөндері,  телефон 
нөмірлері,  мекен  –  жайлары,  туған  күндері  жəне  өз  туыстары,  достары 
немесее  таныстары  жайлы  қажетті  мəліметтер,  сонымен  қатар, 
өндірістегі  берілгендер  массиві  (мысалы,  не,  қайда,  қашан,  қалай  жəне 
қай  бағаға  сатып  алынды,  кім,  кімге  жəне  қай  түрде  сатылды,  қалай, 
кіммен,  қандай  жағдайларда  жəне  қалай  қолданылды)  болуы  мүмкін. 
Мəліметтер қорын компьютерден алыс адамдар да қолданады. 
Мысалы,  белгілі  ресейлік   компаниясының   «1С:Бухгалтерия» 
бухгалтерлік кешенін немесе «Галактика» бухгалтерлік пакетін алайық. 
Іс  жүзінде,   бұл  жоғарыда  МҚБЖ-нің  идеологиясының  бүкіл 
сипаттамасына дəлме – дəл сəйкес келетін мəліметтер  қоры.  Бұл 
бағдарламалар    бірден    қолдануға  болатын   дайын  шешімдердің 
мысалдары болып табылады. Олар жобаланған, безендірілген  жəне 
дербес компьютерге орнатылғаннан кейін бірден жұмыс жасауға дайын. 
Алайда, қол астында ыңғайлы МҚБЖ –не ие болу қажеттілігі  тек қана 
бухгалтерия саласымен шектелмейді. Сонымен қатар, əрқашан 
қолданушылардың талаптары олар үшін, жалпы  МҚБЖ  көптеп 
орталықтандырылған шығаруды жолға қою үшін жеткілікті түрде əр 
тарапты болады. Мысалы, нумизмат үшін, мəліметтер қорындағы 
математикалық талдау механизмдерін немесе статистикалық бағаларды 
жүзеге асыру мүлдем қажет емес. Ақпараттың шағын көлемдері үшін, өз 
бетінше,  өзі  үшін  қажетті  мəліметтер  қорын  құрастыру  əлдеқайда 
тиімді.   Бұл   үшін,   көптеген 
мүмкін   болатын   орталар   жеткілікті 
құрастырылған,    олардың  арасында   Microsoft  Access   МҚБЖ-сі 
басымдылыққа ие. 
 
12.4. Microsoft Access 2003 бағдарламасымен жұмыс 
технологиясы 
 
Microsoft  Access  2003  жүктеу  барысында  көмекші  терезедегі 
бағдарлама  бұрын  құрылған  мəліметтер  қорын  ашуды  немесе  файлды 
құру үшін тапсырмалар өтуді ұсынады 


287 
 
12.7 -сурет. Мəліметтер қорын құрудың нұсқалары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа мəліметтер қорын қолмен немесе шаблондар негізінде құруға 
болады (12.7-сурет). Мəліметтер қорын бастапқы құрудың  қарапайым 
тəсілі шебердің көмегімен, мəліметтер қорының таңдалған типі  үшін, 
барлық қажетті кестелерді, формаларды жəне есептерді құру.  Бұл үшін 
Файлды құру облысында, шаблондар тобында Менің компьютерімде 
шаблондар  тобын  таңдау,  Мәліметтер  қоры  ішкі  терезесінде 
мəліметтер қорының сəйкес шаблонының белгісін таңдап, OK пернесін 
басу (12.8-сурет). Содан кейін, Жаңа мәліметтер қорының  файлы 
сұхбат терезесінде мəліметтер қорының атын енгізіп, оның  орналасу 
орынын көрсетіп, содан соң,  Құру батырмасын басу  керек. Мəліметтер 
қорының баптаулары үшін, шектеулі параметрлер жиынтығын ұсынады. 
Жаңа бос мəліметтер қорын құру барысында (Файл/Құру/Жаңа 
мәліметтер қоры) бағдарлама небəрі екі қосымша сұрақ қояды: 
 
 
12.8 -сурет. Мəліметтер қорының шаблонының таңдау 
 
 
 
 


288 
 
Сіз  жаңа  мəліметтер  қорын  қалай  атайсыз  жəне  ол  қай  жерде 
сақталатын  болады.  МҚ  құру  барысында  автоматты  түрде  mdb. 
Кеңейткіші қосылатын болады. 
Бастапқы əрекеттерді орындағаннан кейін Microsoft  Access штаттық 
жұмыс режиміне енеді (12.9-сурет), алдағы уақытта сіз онымен тұрақты 
түрде  жұмыс  істейтін  боласыз.  Жұмыс  экраны  обьектілер  қатарынан 
тұрады,  олардың  əрқайсысы  өзінің  жеке  белгісімен  белгіленген: 
кестелер,  сұраныстар,  формалар,  есептер,  беттер,  макростар  жəне 
модульдер.  Құрастырушылар  енгізген  ережеге  сəйкес  бір  аты    бар 
МҚБЖ  элементтері  бір  орында  орналасуы  тиісті.  Барлық  əрекеттер, 
командалар жəне операциялар тек осы уақытта белсенді элементке ғана 
таратылады. 
Microsoft  Access-тың  барлық  мүмкіндіктері  екі  мəзірге  жəне  бір 
құралдар  панеліне  жинақталған.  Microsoft  Access  жұмыс  терезесінің 
жоғарғы  бөлігінде  орналасқан  жүйелік  мəзір  бірінші  болып  табылады: 
Файл,  Түзету,  Көрініс,  Қою,  сервис,  Терезе  жəне  Анықтама.  Екінші 
қолданушы  мəзірі  жанама  –  тəуелді  мəзір  болып  табылады,  оны 
тышқанның  оң  жақ  батырмасымен  басып  шақырамыз.  Бұл  мəзірдің 
тұрақты мазмұны болмайды, себебі,  ол тышқанның маркері нақты неге 
көрсетуіне  байланысты  қалыптасады.  Мəзірмен  қатар,  құралдар  панелі 
де  бар,  олар  Microsoft  Access-те  екеу.  Біріншісі  -  құралдар  панелінің 
Мәліметтер  қоры  экранда  үнсіз  келісім  бойынша  көрінеді  жəне  жиі 
қолданылатын операцияларды қайталайтын экрандық батырмалары бар. 
Екінші құралдар панелі веб-түйіннің Интернетпен жұмыс үшін, қажетті 
қосымша  құралдары  бар.  Үнсіз  келісім  бойынша  бұл  панель  экранға 
шығарылмайды,  бірақ  кез  келген  уақытта  оны  қолмен  белсенді  етуге 
болады. 
 
12.9 – сурет.  Жаңа мəліметтер қорының терезесі 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау