282
12.1-кесте. Тауалар
Код
Сатушы
Тауар типі
Өлшем бірлігі
Бағасы, р.
1
ИЧП Сергеев
Вафли
Қорап (6 кг)
360
2
ЗАО «Сластена» Кəмпиттер
Бума (10 шт.)
820
3
ИТД Анохин
Печенье
Қорап (8 кг)
430
Мəліметтер қорын құрудың бірінші кезеңінде мифологиялық модель
құрылады.
Мәліметтер қорын құру кезеңдері. Мəліметтер қорын құрудың
негізгі кезеңдерін сызба түрінде көрсетуге болады (12.3- сурет).
Инфологикалық модельді құру кезеңінде мəліметтер қорының
обьектілері жəне олардың арасындағы өзара байланысы анықталады.
Мəліметтер қоры кестесінің құрылымын анықтау - əр кестенің өріс
типтерін анықтауды білдіреді.
Берілгендерді енгізу жəне редактрлеу екі тəсілмен жүргізіледі:
арнайы формалар көмегімен жəне формаларды қолданбай, кестеге
тікелей енгізу арқылы.
Мəліметтер қорындағы ақпаратты өңдеу сұраныстарды орындау
жолымен немесе арнайы бағдарламаны қолдану арқылы жүргізіледі.
12.3 -сурет. Мəліметтер қорын құрудың негізгі кезеңдері
283
Мəліметтер қорынан ақпаратты шығару үшін, арнайы құрал –
есептер қолданылады. Олар мəліметтер қорынан қорытынды ақпаратты
шығаруға, мəліметтер қорының кестелерінен таңдалынған ақпаратты
есепке қосуға жəне қорда жоқ ақпаратты қосуға, сонымен қатар,
шығарылатын ақпаратты форматтауға мүмкіндік береді.
Мəліметтер қорын басқару жүйесі – бұл жаңа мəліметтер қорының
құрылымын құруға, оның мазмұнын толтыруға, мазмұнын редактрлеуге
жəне ақпаратты көрсетуге (таңдап алу, реттеу жəне безендіру) арналған
бағдарламалық құралдардың кешені. МҚБЖ – бұл берілгендерді
сақтауды жəне өңдеуді басқаратын бағдарламалар.
МҚБЖ-де мəліметтер қорымен жұмыс - мəліметтер қорының құру
кезеңдерінен, берілгендерді енгізуден, редактрлеуден жəне өңдеуден
тұрады. Ең танымал реляциялық МҚБЖ - Access, Paradox, dBase,
FoxPro, Visual FoxPro. болып табылады.
12.3. Mic
rosoft Access 2003 МҚ ұйымдастыру
«Борей» оқу мəліметтер қоры мысалы негізінде Microsoft Access
мəліметтер
қорының
ұйымдастырылуын
қарастырайық
(MS
Access/Анықтама/Мәліметтер қорының мысалдары/Борей мәліметтер
қорының оқу базасы ) (12.4-сурет).
Барлық бастапқы ақпарат нақты белгіленген кестелерде сақталады,
сондықтан, бұл мəліметтер қорын реляциялық деп атайды. Кестенің
құрылымы сондай, оның əр жолы бірегей идентификаторға (мысалы,
жолдың нөмірі) ие, ал берілгендер баған түрінде ұсынылған (12.5 -
сурет).
12.4 -сурет. «Борей» оқу мəліметтер қоры
284
12.5. –сурет. «Борей» мəліметтер қорының «Клиенттер» кестесі
Осылайша, кез келген кесте жазбалардың жиынтығы болып
табылады. МҚБЖ-де кесте құрудың өзгермейтін ережесі - кестенің
өзінің мазмұнын қатаң анықтау болып табылады. Оның ұяшықтарында
тек нақты жəне өзгермейтін ақпарат қана сақтала алады.
Бұл бір түрлі көрінгенмен, Microsoft Access –тің де, МҚБЖ-нің
базалық кестелерінің ұяшықтарында есептелетін мəндер болуы мүмкін
емес. Әрине, бұл шектеуді айналып өтудің қандай да бір мүмкіндіктері
болмаса, берілгендермен операциялар жүргізу ешбір мүмкін болмас еді.
Бұл үшін, МҚБЖ-де сұраныстар бар.
Сұраныстар – бұл да сол кестелер, тек олар қолмен
толтырылмайды, алдын ала берілген формулалар жəне басқа да
тəуелділіктердің көмегімен толтырылады. Ендеше, кестеде орындауға
болмайтынды - қосуды, азайтуды, бөлуді жəне басқа да математикалық
жəне логикалық операцияларды сұраныста орындауға болады.
Сонымен қатар, сұраныстар кестелерде орналасқан ақпаратты таңдау
жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай сұраныспен кездескенде, МҚБЖ өз
бетінше нақты берілгендер сақталатын сəйкес кестелерді қарап шығады
да, олардан сұраныс талабына сəйкесетін барлық жолдарды таңдап
алады. Бірақ, кестелердің өздерімен ештеңе болмайды, сұраныс
кестесіне бұл жазбалардың тек көшірмелері ғана беріледі.
Сұраныстар, сұраныс құрылымында оның кейбір массивінен
ақпаратты таңдау функцияларының үйлесімділігі жəне бұл ақпаратты
формулалар көмегімен өзгертудің мүмкіндігі арқасында, МҚБЖ-нің
негізгі жұмыс құралы болып табылады.
Сұраныстар бір уақытта таңдаумен қатар, кез келген есептеулерді
жүргізе алады. Сонымен қатар, сұраныстар формальды түрде кесте
түрінде жəне болашақта басқа сұраныстар үшін, берілгендердің көзі
ретінде ұсынылуы мүмкін. Бұл «сұраныстан сұраныс» деп аталды.
Сұраныстар мен кестелер олардың арасындағы бірегей жəне қатаң
белгіленген байланыстар арқасында, келісе жұмыс істейді (12.6- сурет).
Теориялық түрде мұндай жалпы кестені құруға болады. Оның аясында
мəліметтер қорында сақталғандардың барлық аспектілерін ұсынуға
болады, дегенмен, іс жүзінде мұндай кесте өте үлкен болатындығын
жəне қайталатын мəліметтермен толтырылатынын көрсетті. Оның өте
үлкен көлеміне байланысты онымен жұмыс істеу қиын, ал артық
берілгендер оның жалпы көлемін қатты үлкейтеді, осындан келіп,
285
компьютердің жүйелік ресурстарына жоғары талаптар қойылады.
Айталық, мəліметтер қоры сату туралы ақпаратты құрайды. Ендеше,
онда клиенттің өзіне арналған мəліметтер бағандары міндетті түрде
болады, мысалы, оның аты – жөні, лауазымы, телефоны жəне жеткізу
адресі. Ал енді, сіздің компанияңызда жыл бойы мысалы, 40 əр түрлі
атаудағы тауарлар сатып алған, тұрақты клиент пайда болды. Кестені
ұйымдастыру ережесіне сəйкес, бұл берілгендер оның əрбір жолында
қайталанып отырады. Ендеше, оларға іс жүзінде керек емес, тағы 39 рет
артық орынды иемденеді. Бұл кезде, байланыс жүйесін қолдана отырып,
тапсырыстарды безендіруге арналған бөлек кесте жəне клиенттер
реестрімен бөлек кесте құруға болады. Егер, сатып алушы бірінші рет
байланысқа шықса, онда реестр жаңа жолмен толады. Егер, клиент
қайта келсе, онда реестрдегі жаңа жазбаның орнына тапсырыс
кестесінде реестрдің бұрыннан бар жолына көрсеткіш қойылады.
Сіздің экранда көретініңіз бен компьютердің винчестеріне
жазылғанның арасында үлкен айырмашылық болады. Мысалы, сіз
экранда табиғат суреті бейнеленген бейнені көресіз, ал қатқыл дискіде
тек белгілі бір ретпен кездесіп келетін нөлдер мен бірліктер «жатыр». Іс
жүзінде, сақталатын ақпарат нақты берілгендердің мысалы ретінде
қызмет атқарып, ал оның негізінде бейнеленетін сурет – көрсетілу
формасы болады. Форма қаншалықты дұрыс ұйымдастырылған болса,
ақпарат соншалықты қолданушымен жақсы қабылданады немесе жақсы
енгізіледі.
Осылайша МҚБЖ-гі формалар адам үшін ақпаратты тек ыңғайлы
ұсыну үшін қызмет етеді.
Алайда, тəжірибеде формалар механизмінің көмегімен көп рет жəне
əр түрлі себеппен бір мезгілде бір ғана берілгендермен жəне бір ғана
кестелермен жұмыс істеуге болады.
12.6- сурет. «Борей» мəліметтер қоры кестелерінің байланыс сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |