312
Графикалық файлдардың өлшемін кішірейту үшін, арнайы
компрестеу (сығу) процедуралары қолданылады, бұл жағдайда
файлдың өлшемі шамамен 10 есеге кішірейеді.
Графикалық файлдарда түстерді жіберудің бірнеше жүйесі бар.
Ең кең танымал түсті жіберу жүйесі RGB - Red—Green—Blue (қызыл
—жасыл—көк). Әр үш түстің əрқайсысының интенсивтілігі 0-ден
255-ке дейінгі сандармен беріледі жəне түс осы диапазонның үш
санының жиынтығымен сипатталуы мүмкін. Мысалы, 0, 255, 0 —
бұл жасыл түс; 0, 0, 255 — көк түс.
RGB жүйесі қарапайым жəне ыңғайлы, бірақ үнемі
қолданылмайды. Полиграфиядан суретті басып шығарудың алдында
графикалық файлдар түрінде құрылған, алайда қазіргі кезде түстерді
жіберудің басқа жүйесі - CMYK — Cyan — Magenta—Yellow +
BlacK (көгілдір—күлгін— сары + қара) қолданылады. Оларда RGB-
ға қосымша үш түс жəне олардан басқа тағы да қара түс
қолданылады, қағазда басқа үш түстерді араластыру арқылы оны алу
қиын:
КӨГІЛДІР (CYAN) = АҚ — ҚЫЗЫЛ (RED) = ЖАСЫЛ+ +КӨК;
КҮЛГІН (MAGENTA) = АҚ — ЖАСЫЛ(GREEN) = = ҚЫЗЫЛ + КӨК;
САРЫ(YELLOW) = АҚ — КӨК (BLUE) = ҚЫЗЫЛ + +ЖАСЫЛ.
Бұл принцип бойынша түрлі - түсті сиябүрккіш принтерлер басады:
оларға CMY үш бояу бар картридждер жəне қара бояумен қосымша
картридж қойылады (түрлі – түсті сиябүріккіш принтерлердің ең
қарапайым модельдерінде қара түспен бөлек сиясауыт қолданылмайды).
CMYK жүйесі, əсіресе, алдағы уақытта басып шығаруға жəне жоғары
сапалы полиграфиялық орындауға бағытталған
Adobe
Photoshop жəне CorelDraw сияқты кəсіби
графикалық құралдарда кең
қолданылады.
HSB — Hue — Saturation—Brightness (реңк—қанықтылық—жарық),
түсті жіберу жүйесі сонымен қатар, суреттермен жұмыс барысында
қолданылатын,
жарықтылығы,
түстер
реңктері
жəне
оның
қанықтылығының үйлесімділігімен нəтиже беретін түсінің бағалауына
негізделеді. Мысалы, жуаның жасыл түрінің салаттың жасыл түрінен
айырмашылығы бар. Жасыл түстің жарықтығына байланысты.
MS Office қосымшаларынан түстерді баптау терезесіне қарасақ, онда
Спектр аймағында түстерді баптаудың екі түстер моделі бар: RGB м
HSB (13.1-сурет)
Графикалық ақпаратқа əр түрлі жағдайларда əр түрлі талаптар
қойылады. Бір жағдайдаларда, мысалы, сызбалар мен сұлбаларда
сызықтар мен өлшемдерді дəл сақтау маңызды болып табылады, ал
түстерді жіберу маңызды емес немесе мүлдем қолданылмайды.
Фотосурет үшін, түсті жіберу маңызды, ал сызықтардың анықтылығы
өте маңызды болмайды. Осыдан келіп, жартылай тонды (photographic)
жəне контурлық (line art) суреттерді жиі ажыратады