276
Сол сияқты, Excel – дің Стандартты құралдар панелінен Ашу
батырмасын басу арқылы да құжат ашуға болады. Егер, сіз
пернетақтаны
қолдануды
ұнатсаңыз,
[Ctrl]+[О]
пернелер
комбинациясын пайдаланыңыз. Бұл пернелерді бір уақытта басу
Құжатты ашу терезесінің ашылуына əкеледі.
Ж а ғ д а я т 3. Сіз жақында ғана құжатпен жұмыс істедіңіз. Бұл
жағдайда, əуелі, сізде Excel бағдарламасы ашық па əлде жабық па
соны байқаңыз.
1.
Егер, Excel бағдарламасы жабық болса, құжатты ашудың оңай
түрі - Бастау басты мəзірінен Жуық арадағы құжаттар
командасымен ашу, онда сіз жұмыс істеген соңғы 15 құжат көрінеді.
Windows – тың əр түрлі нұсқаларында мəзірдің бұл пункті
басқаша аталуы мүмкін, алайда «құжаттар» деген сөз онда əрқашан
көрсетіледі.
Бұл тəсіл ең қарапайым жəне тез, себебі, қажетті құжатты таңдау
кезінде Windows жүйесі Excel бағдарламасын өзі жүктейді жəне
автоматты түрде көрсетілген файлды ашады.
2.
Excel бағдарламасы ашық болса жəне сіз онда басқа файлмен
жұмыс істесеңіз, онда басқа тəсілді қолдану керек.
Үнсіз келісім бойынша Excel бағдарламасы сіз соңғы кезде
жұмыс істеген, төрт құжаттан тұратын тізімді есте сақтайды. Бұл
тізім Файл мəзірінің төменгі бөлігінде көрінеді. Бұл тізімнен
құжатты ашу үшін, оған тышқанмен жай ғана шертіңіз. Бұл құжатты
ашу үрдісін едəуір тездетеді.
Электронды кестелермен жұмыс барысында пайда
болатын сұрақтар
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. Менде Excel –дің едəуір үлкен кестесі бар. Бағандардың
жəне құжат жолдарының кейбір атауларын үнемі көз алдымда
болуын қалаймын. Бұны қайлай істеуге болады?
Жауап. Мұндай функция Excel бағдарламасында бар – бұл
редактормен жұмыс барысындағы жағымды жақтарының бірі.
Себебі, 20 х 20 кестесімен жұмыс істеуге қажет болғанда, бұл
функцияның көмегінсіз қиын болады.
Оны шақыру үшін, ұяшықтарды белгілеп, Терезе мəзірінде
Аймақтарды бекіту пунктін белгілеу керек. Енді сіз таңдаған
ұяшықтардың жоғарғы жəне сол жағында орналасқан барлық
ұяшықтар экранда үнемі көрініп тұрады. Кестенің басқа элементтері
бойынша басқарудың стандартты құралдарының көмегімен еш
қиындықсыз навигация жүргізуге болады.
277
Сұрақ 2. Бағдарламаның кездейсоқ апаттық жабылуынан қалай
сақталуға болады?
Жауап. Бағдарлама жұмысының немесе компьютердің кездейсоқ
ақаулық жағдайында құжатты жоғалтуды болдырмау үшін, жұмыс
кезінде файлдарды автоматты сақтауды орнату керек. Бұл
төмендегідей тəсілмен орындалады.
Excel 2003 – те автосақтау параметрлері Сервис мəзірінің
Параметрлер терезесінен Сақтау ішкі терезесінде беріледі.
Берілгендерді автоқалпына келтіру үшін әр ... сақтау терезесінде
минут өрісіне уақыт интервалын енгізу керек, ол арқылы Microsoft
Excel құрылатын құжатты белгілі бір мерзім сайын сақтап отырады,
мысалы 10 минут сайын.
Файлдар жиі сақталған сайын, бағдарламаның апаттық аяқталуы,
компьютердің ақауы немесе тұрып қалуы кезінде, жазылмаған
мəліметтерді қайта қалпына келтіруде жоғалту соншалықты аз
болады.
Автосақтауды қолдану ашық тұрған файлды қарапайым тəсілмен
сақтау қажеттілігінен босатпайды. Егер, ашылып тұрған қайта
қалпына келтіру файлын сақтамаса, онда ол барлық сақталмаған
өзгерістердің жоғалуымен бірге өшіріледі. Қалпына келтіру файлын
сақтау кезінде, бастапқы файлды өзімен ауыстырады (егер файлдың
жаңа аты берілмесе).
Сұрақ 3. Егер, бағдарлама апаттық шығуды жасаған жағдайда не
істеуге болады?
Жауап. Бағдарламаның апаттық ақауынан кейін компьютерді
қайта жүктеу керек жəне бағдарламаны қайтадан ашу керек. Егер,
автосақтау қойылған болса, онда қайта қалпына келтірілген файл
ашылады, ал егер, автосақтау қойылмаған болса, тек жоғалған
ақпаратқа өкінесіз де шұғыл түрде автосақтауды орнатасыз.
Маңызды ақпаратты сақтаудың басқа тəсілі құжаттың алдыңғы
нұсқасын резервтік көшірмесі түрінде сақтау болып табылады.
Сұрақ 4. Компьютердің апаттық ақауынан кейін файлды қалпына
келтіру кезінде мəліметтер жоғала ма?
Иə, ақпараттың бір бөлігі – яғни, сіз соңғы автосақтаудан кейін
енгізген бөлігі жоғалады. Бұдан келіп, автосақтау интервалын
шамамен əрбір 10 минут сайын орнату керек.
Бақылау сұрақтары
1. Электрондық кестелер қолданылатын салаларды атаңыз.
2. Кестеде ұяшықтың қалпы қалай анықталады?
3. Қандай ұяшық белсенді болып саналады жəне ұяшықты қалай
белсенді етуге болады?
4. Формула қатары неге арналған?
278
5. Кестенің ұяшықтарына мəтінді енгізу ерекшеліктерін атаңыз.
6. Ұяшыққа формуланы қалай енгізуге болады?
7. Ұяшыққа жазылған формуланы қалай көруге болады?
8. Ұяшықтарды абсолюттік адрестеу деген не? Абсолюттік адрестеуді
қалай қоюға болады?
9. Ұяшықтарды форматтау қалай жүргізіледі?
10. Формулаларды көшіру тəсілдерін сипаттаңыз.
11. Кестені сақтау жəне ашу тəсілдерін атап шығыңыз.
12. Шартты форматтаудың сүзгілеуден айырмашылығы неде?
13. Берілгендерді автосуммалауды қалай орындауға болады?
14. Кестені басып шығаруға қалай дайындауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |