Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет95/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   116

279 
 
12  2 
т а р а у 
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
 
 
Қатардағы ресей қолданушыларының күнделікті мəселелері мəтіндік 
редакторларды  қолдану  жəне  электрондық  кестелерді  құру  шеңберінен 
аспайды.  Сондықтан,  Microsoft  Office  қолданбалы  бағдарламалардың 
стандартты  жиынтғы  бəріне  таныс  Microsoft  Word,  Microsoft  Excel, 
Microsoft Outlook жəне Microsoft PowerPoint бағдарламаларынан тұрады. 
Microsoft  Access  мəліметтер  қорын  басқару  жүйесі  Microsoft  Office 
кəсіби  кешенінің  құрамына  кіреді,  ол  ақпарат  массивтерімен  жұмыс 
істеуге арналған. 
 
12.1. 
Мәліметтер қоры (негізгі ұғымдар

 
Кез  келген  мəліметтер  қоры  бүгін  жиналатын,  бірақ,  оларды  ертен 
қолданатын  əр  түрлі  фактілер  сақталатын  қойманы  еске  түсіреді  жəне 
бұл фактілердің қай түрде қажет болатынын тек бір құдай ғана біледі. 
Мәліметтер  қоры  –  нақты  бір  тақырыпқа  немесе  тапсырмаға 
қатысты  клиенттердің  тапсырыстарын  қадағалап  отыратын  немесе 
дыбыстық  жазбалар  коллекциясын  сақтайтын  мəліметтер  жиынтығы. 
Егер,  мəліметтер  қоры  компьютерде  сақталмаса  немесе  компьютерде 
оның  бөліктері  ғана  сақталса,  онда  басқа  мəлімет  көздерінен 
ақпараттарды қадағалауға тура келеді, оларды қолданушы көшіріп алып, 
өз бетінше ұйымдастырады. 
Айталық,  мысалы,  сатушылардың  телефон  нөмірлері  əр  түрлі 
орындарда  -  тапсырыс  туралы  мəліметтер  сақталатын  сатушылар 
телефондарының  каталогында,  тауарлар  жəне  электрондық  кесте 
мəліметтерінің картотекасында сақталады. Егер, сатушылардың телефон 
нөмірлері  өзгерсе,  онда  бұл  мəліметтерді  үш  орында  жаңартуға  тура 
келеді.  Мəліметтер  қорында  тек  бір  жерде  ғана  ақпаратты  жаңарту 
жеткілікті  –  сатушының  телефон  нөмірі  алдағы  уақытта  мəліметтер 
қорын қолданғанда,  автоматты түрде жаңаратын болады. 
Көптеген  бумалардан  жəне  кез  келген  сипаттағы  жазбалары  бар 
қағаздар  толып  тұратын  үлкен  кеңсе  шкафын  елестетіңіз.  Бұл  шкафты 
өткен  ғасырлардың  толық  мəліметтер  қоры  деп  атауға  болады,  себебі, 
компьютерге  дейінгі  дəуірде  тек  солай  ғана  болды.  Алайда,  іс  жүзінде 
шкафтың өзі ешқандай бағалы емес, өйткені шкафта не барын, ол нақты 
қай  жерде  жатыр  жəне  қажетті  буманы  қалай  тез  табуға    болатындай 
сізді қызықтыратын сұрақтарға кəсіби қызметкерсіз толық, жан - жақты 
жауап  алу  қиын.  Бұл  қызмет  көрсетуші  шкафтағы  бумаларды 
ұйымдастырудың   міндетті   жүйесімен,   мəліметтер   қорының басқару 


280 
 
жүйесі болып табылады. 
Мəліметтер қоры иерархиялық, желілік жəне реляциялық модельдер 
деп  бөлінеді.  Мейлінше  көп  таралғаны  1970    жылы    құрылған 
реляциялық  мəліметтер  қоры,  онда  барлық  берілгендер  жолдар  мен 
бағандарға бөлінген, қарапайым кестелер түрінде ұсынылады. 
 
12.2. 
Мәліметтер қорлары және олардың түрлері 
 
Мәліметтер  қоры  туралы  түсінік.  Мәліметтер  қоры  –  бұл 
ақпаратты сақтауға аранлған, ұйымдастырылған құрылым. Онда бірдей 
қасиеттер  жиынтығы  бар  обьектілердің  топтары  туралы  ақпарат 
сақталады. 
Мысалы,  «Қызметкерлер»  мəліметтер  қоры  фирма  қызметкерлері 
туралы  ақпаратқа  ие,  олардың  əрқайсында  аты  –  жөні,  əкесінің    аты, 
туған жылы, мекен – жайы, телефоны жəне т.б. бар. 
Әдетте,  мəліметтер  қорына  көп  адамдарда  қолжеткізуге  мүмкіндік 
бар,  бірақ,  олардың  арасында  барлық  мəліметтер  қорына  толық 
қолжетімді  болатын,  сонымен  қатар,  бір  өзі  мəліметтер  қорына 
өзгертулер  енгізуге  қабілетті  тұлға  болмауы  мүмкін.  Мəліметтерден 
басқа,  қор  ұйымның  əр  қызметкеріне  тек  қана  оның  құзырына  кіретін 
мəліметтермен  ғана  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беретін  əдістер  мен 
құралдарға  ие.  Қорда  орналасқан  берілгендердің  өзара  əрекеті 
нəтижесінде  нақты  қызметкерге  қолжетімді  əдістермен  ақпарат 
құралады. Олар бұл ақпаратты қолданады жəне өзінің құзыреті аясында 
берілгендерді енгізіп, редактрлеуді жүргізеді. 
Мəліметтер  қорындағы  барлық  ақпарат  реттелген  түрде  болады. 
Мəліметтер қорының бірнеше жіктелуі бар. 
Берілгендерді  сақтау  технологиясы  бойынша  орталықтандырылған 
жəне таратылған  деп бөледі. 
Орталықтандырылған  мəліметтер  қоры  бір  есептеу  жүйесінің 
жадысында орналасады. 
Таратылған  мəліметтер  қоры  əр  түрлі  компьютерлерде  сақталатын 
бірнеше бөліктерден тұрады. 
Берілгендерге  қолжеткізу  тəсілдері  бойынша  мəліметтер  қорын 
файл-сервер  жəне  клиент  –  сервер  түрінде  ұйымдастырылған  болып 
бөледі. 
Файл – сервер түрінде ұйымдастырылған кезде машиналардың біреуі 
орталықтандырылған  мəліметтер  қорының  бірлесіп  қолданудың 
қоймасы  болып  табылады.  Мəліметтер  қорына  қолжеткізу  жұмыс 
станцияларының атаулары бар, басқа машиналардан жүреді. Мəліметтер 
қорының файлдары оларды өңдейтін жұмыс станцияларына жіберіледі. 
Клиент  –  сервер  түрінде  ұйымдастырылған  кезде,  сақтаудан  басқа 
орталық  машинаға  берілгендерді  өңдеу  функциялары  кіреді.  Клиенттік 
машиналарда тек ақпаратты көрсету жүргізіледі. 


281 
 
 
12.1 – сурет. Берілгендердің иерархиялық моделі 
 
Мәліметтер  қорын  ұйымдастырудың  модельдері.  Берілгендер 
моделінің  көмегімен  мəліметтер  қорындағы  обьектілердің  арасындағы 
байланысы ұсынылады. Обьектілердің өзара байланыс түрі байланысты 
иерархиялық,  желілік  жəне  реляциялық  (кестелік)  модельдер  болып 
бөлінеді. 
Берілгендердің  иерархиялық  моделі  обьектілердің  өзара  байланыс 
сызбасында  аударылған  ағаш  түрінде  ұсынылады  (12.1  -  сурет).  Әр 
элементке өзінен жоғары деңгейдегі элементтен тек бір байланыс сəйкес 
келеді. 
Берілгендердің  Желілік  моделі  12.2  –  суретте  көрсетілген. 
Мəліметтердің  желілік  моделінде  элементтерінің  əр  түрлі  өзара 
байланысын еркін бұтақ түрінде бейнелеуге болады 
Берілгендердің  Реляциялық  моделі  берілгендерді  ұйымдастыруға 
негізделген  екі  өлшемді  кесте  түрінде  болады.  Реляциялық  мəліметтер 
қорының  жолдары  жазбалар  болып  табылады  жəне  олар  кесте  түрінде 
ұсынылған  берілгендер  обьектісінің  бір  экземпляры  туралы  ақпаратты 
сақтайды.  Кестеде  бірдей  жолдар  жоқ.  Мысал  ретінде,  əр  жолы 
жеткізілетін    тауарлардың    біреуі    туралы    мəліметтерден    тұратын 
«Тауарлар» кестесін қарастырайық (12.1- кестесі) 
Кестенің өрістерінде (бағандарында) берілгендер обьектісінің негізгі 
сипаттамалары  орналасады.  Өрістің  əрбіреуі  біркелкі,  яғни,  ондағы 
берілгендер бірдей тип пен ұзындыққа ие. Кестенің əр өрісінің жеке аты 
болады.  Тиісті  жазбаны  бірегей  анықтайтын  өрістің  мəні,  кілтті    өріс 
деп  аталады.  Егер,  кілтті  өріс  біреу  болса,  ол  қарапайым  кілт,  ал  егер, 
кілтті өрістер бірнешеу болса, ол құрамды кілт болады. 
Тақырыптық  салада  бірнеше  обьектілер  арасындағы  байланысты 
көрсету  үшін,  ақпараттық  –  логикалық  модель  (инфологикалық) 
қолданылады.  Онда  тақырыптық  саладағы  берілгендердің  құрамы  мен 
құрылымы көрінеді. 
 
 
 
 
12.2. –сурет. Берілгендердің желілік 
моделі 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау