195
бағдарлама ретінде, MS Word бағдарламасы жұмысының негіздерін
қарастырайық.
10.2.
Microsoft Word 2003 бағдарламасын жүктеу
Microsoft Office 2003 кіріктірілген пакетінің Microsoft Word 2003
бағдарламасы мəтіндік құжаттарды құруға, форматтауға, редактрлеуге,
сақтауға жəне баспаға шығаруды ұйымдастыруға арналған.
Қызықты мәлімет
1983 жылы Microsoft фирмасы DOS-қа арналған Multi-Tool мсəтіндік
редакторын таныстырды, кейіннен атауы Microsoft Word деп өзгертілген.
1989 жылы Microsoft Word –ты Windows платформасына көшірді.
Office – тің базалық қосымшалары өзара тығыз байланысты,
сондықтан
мұнда
қарастырылған
мəтіндік
процессордың
ерекшеліктерінің көбі Excel, PowerPoint жəне Access бағдарламаларына
да ортақ.
Әдетте, MS Office пакеті стандартты жəне кəсіби редакцияда
жеткізіледі. Стандартты редакцияға (Office Standard) MS Word əмбебап
мəтіндік редакторы, MS Excel – электрондық кестелерді өңдеу
бағдарламасы, MS Power Point – презентациялар құру бағдарламасы,
MS Outlook – жеке жəне топтық жоспарлау пакеті, электрондық
поштаның кіріктірілген қызметі кіреді,
Пакеттің кəсіби редакциясы (Office Professional) жоғарыда аталған
бағдарламалармен қатар, MS Access - реляциялық мəліметтер қорларын
басқару жүйесі, Publisher – баспа бағдарламасы жəне Photo Draw –
іскерлік графикасын құру жəне редактрлеу бағдарламасы бар.
Заманауи компьютерлер кеңселік пакетті орнату талаптарының
шегінен асып кетті.
Іс жүзінде, бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жиі жұмыс
істеуге тура келеді, сондықтан, барлық қосымшалардың қалыпты
қызмет атқаруы үшін, жедел жады көлемі ең кемі 32 Мбайт құрайтын
компьютерді қолдану ұсынылады.
MS Office пакетінің көпфункционалдылығының жəне оның
баптаулар мүмкіндігінің көптүрлілігінің арқасында, əр қолданушы бұл
пакеттен өзіне керектің бəрін ала алады. Қосымша – бағдарламаларды өз
əдеттеріңізді, кəсіби əрекетіңіздің ерекшеліктерін, тіпті жеке
басыңыздың ерекешеліктерін ескере отырып баптауларын өзгертуге
болады. Егер, сіз солақай болсаңыз, онда компьютердің тышқанын
арнайы сол қолыңызға лайықтап өзгертуге болады.
Кеңселік пакеттің əрбір жаңа нұсқасының пайда болуымен MS Word
мəтіндік редакторы қолданыста қарапайымдана түседі. Осылайша, MS
Word 95-ке қарағанда, MS Word 97 біршама икемді жəне ыңғайлы
құралдарды ұсынады. Ендеше, MS Word 2003 MS Word 2000 жəне MS
Word 97 – нің жақсартылған нұсқасы болып табылады.
196
Қазіргі кезде қолданыста бұл редактордың бірнеше нұсқасы бар: Word
6.0, Word 7.0 (ол жəне Word 95), Word 97 (ол жəне Word 8.0), Word 2000 (ол
жəне Word 9.0), Word 2003 (ол жəне Word 10.0). бағдарламалардың бұл
нұсқалары өте ұқсас, тек Windows 95-тің қолданушылары алтыншы немесе
жетінші нұсқасын пайдаланады, ал қазіргі қуатты компьютерлердің
қолданушылары Word-тың соңғы нұсқаларын пайдаланады.
Әрі қарай сипатталатын, редакторлардағы негізгі, базалық жұмыс
істеу тəсілдері бірдей. Сондықтан, Windows қосымшаларымен
танысудың бастапқы кезеңінде, сіздің дербес копьютеріңізде MS Office-
тің қандай нұсқасы орнатылғандығы сонша маңызды емес.
Word мəтіндік процессоры редактрлеудің жəне қаттаудың,
автоматты мазмұндауды құрастырудың, сонымен қатар, символдарды,
абзацтарды, кестелерді, иллюстрациялар мен тарауларды (қолмен жəне
стильдердің көмегімен) форматтаудың күшті құралдарына ие.
Бағдарлама грамматикалық бақылауды,
редактрлеуді,
автоматтандырылуды, парольдердің көмегімен құжаттарды қорғауды,
ұжымдық жұмысты, WYSIWYG режимінде құжаттарды редактрлеуді,
OLE технологиясын қолдауды, əр түрлі форматтағы мəтінді, графиканы,
кестелерді жəне мəліметтер қорын импорттауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, макровирустардан қорғау құралы да қарастырылған:
файлды ашу кезінде (құжатты немесе шаблонды), оған кіріктірілген
макростардың орындалуына тыйым салуға болады.
Windows ортасындағы бағдарламасының соңғы нұсқасының бірі -
Word 2003 – те мəтіндік құжаттарды құру тəсілдерін қарастырамыз.
Мəтіндік процессорды іске асыру үшін Windows тың басты
мəзірінен (Бастау/Бағдарламалар/Microsoft Word) Бағдарламалар
командасын қолдануға болады. Жақша ішінде қолданушы əрекетінің
реттілігі көрсетілген.
Бағдарламаны жүктеудің бұл тəсілі ең көп танымал болса да, басқа
да тəсілдер бар (мысалы, MS Office құралдар панелінен
батырмасын
басу, егер, ол панель сіздің экраныңызда көрініп тұрса)
Кез келген бағдарламаны жүктеудің ыңғайлы тəсілі жұмыс
үстеліндегі оның пиктограммасы (белгісі) болады.
Windows - бағдарламалардың көпшілігі сияқты Word – ты жүктеуге
арналған бірнеше тəсіл бар. Әдетте, əр қолданушының жұмыс
тəжірибесі жетілдірілген сайын қалыптасатын өзінің сүйікті тəсілі
болады. Бағдарламаны ашудың бірнеше тəсілін қарастырайық.
1 - тәсіл. Word бағдарламасын жүктеу үшін тапсырмалар
панеліндіге Бастау
батырмасына тышқанмен басыңыз да,
Барлық бағдарламалар командасының ішінен Microsoft Word – ты
таңдаңыз (Ескертеміз, жоғарыда арнайы айтылмаған жағдайда, онда
тышқанның сол жақ батырмасы туралы айтылып отыр).
Тышқанды батырманың үстіне апарған кездегі шығарылатын
ақпарат, бұл бағдарламаның хаттар, есептер, Web-беттер жəне
Достарыңызбен бөлісу: |