Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет65/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116

189 
 
технологиялары  бағдарламалық  кодты  қарапайым  жəне  тезірек 
жазуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  бұл  технологиялардың 
мобильді  құрылғыларға  (ұялы  телефондар,  қалта  компьютерлері  
жəне  т.б.)  арналған  бағдарламалар  нарығына  шығуы  байқалады, 
дегенмен, мұнда əуел бастан Java – ның ұстанымы мықты. 
РНР  —  бұл  күшті  скриптерді  жазуды  қамтамасыз  ететін,  тегін 
таратылатын  интерпретатор  –  тіл.  РНР  аббревиатурасын  Personal 
Home  Page  (үйде  қолданылатын  дербес  бет)  түрінде  оқиды,  бұл 
соншалықты  дұрыс  емес  немесе  Personal  Hypertext  Processor 
(гипермəтіндік  дербес  процессор),  бұл  шындыққа  біршама  жақын.  
Ол  MySQL,  SQL  Lite  жəне  т.б.  мəліметтер  қорларын  қолдайды. 
Сонымен  қатар,  Интернетте  РНР-скриптердің  дайын  мол  қорлары 
бар. 
Скриптік бағдарламалау тілдері үнемі дамып, жаңа түрлері пайда 
болады.  Осылайша,  тек  XML  –  мен  (www.waterlanguage.org).  тиімді 
жұмыс  істейтін  Water  бағдарламалау  тілі  құрастырылды.  Clear 
Methods  (www.clearme-  thods.com)  компаниясы  бұл  платформада 
Clear  Methods  Steam  əмбебап  бағдарламалау  тілін  құрастырды.  Ол 
Web-сервистерінің  жұмысына  қажетті,  көптеген  тілдердің  орнына, 
бағдарламашыға  тек  жалғыз  осы  тілді  қолдануға  мүмкіндік  береді, 
себебі,  Water  тілінің  негізінде  «бір  рет  оқып,  содан  соң  əрқашан 
қолдану»  принципі  жатыр.  Бұл  Water  тілінің  көмегімен  жазылған 
XML-қосымшаларын орындауға арналған бағдарлама. 
Web-конструкторлар.  Web-конструкторлар  –  бұл  Web-құрастыру 
дағдыларын  меңгермеген  қолданушыларға  автоматты  режимде 
сайттарды  тез  құрастыруға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалар.  Іс 
жүзінде, 
«шебер» 
қолданылады 
(алдын 
ала 
дайындалған 
шаблондардың  кейбірінен  таңдап  алу  үшін,  сұхбат  терезелерінің 
реттілігі).  Олардың  көмегімен  сайттарды  құрастырудың  кемшілігі  - 
кəсіби     мамандардың     құрастыруымен     салыстырғанда,   мұндай 
«құрастырудың»  бір  үлгіде  болуы.  Бірақ,  мұны  тез  жəне  Web- 
құрастырулардың  инструменталды  құралдарын  білмей  -  ақ  жасауға 
болады. 
Нарықта  ұсынылатын  мұндай  шешімдердің  аясы  өте  кең.  Тек 
бірнеше 
мысалдарды 
атап 
шығайық. 
Web-конструкторлар 
қолданушының  компьютеріне  («қораптық»  өнімдер)  де,  сол  сияқты 
провайдердің  серверіне  де  орнатылуы  жəне  Интернет  арқылы 
(қашықтықтан)  қолданылуы  мүмкін.  Егер,  күрделі  Web-сайттардың 
көп  түрлерін  құруда  тұрақты  жəне  көп  жұмыс  істеу  талап  етілсе, 
алғашқыларын  қолдану  ыңғайлылау,  ал  екіншілері  -  сирек  
құрылатын бірер жəне қарапайым сайттарды құруға ыңғайлы. 
«Қораптық»  өнімдер  интернет  –  дүкендер  құруда  жəне  одан  əрі 
қарай  жетілдіру  мақсатында  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуді 
жоспарлайтындарға қызықты болып табылады. 
MoneyMethod 
бағдарламасы 
(«ГиперМетод» 
компаниясы, 


190 
 
www.hy-  permethod.ru)  тауарлық  позициясының  бастапқы  каталогы 
негізінде  көпфункционалды  интернет  –  дүкендер  құру  мүмкіндігін 
қамтамасыз  етеді.  MoneyMethod  бағдарламасының  көмегімен 
құрылған  дүкен  Интернетке  енгізілгенде,  провайдерге  немесе 
сервердің типіне тəуелді емес. 
«Битрикс: 
Сайтты 
басқару» 
бағдарламасы 
(«Битрикс» 
компаниясы,  www.bitrix.ru)  шағын  автоматтандырылған  жүйелерін 
құрумен  қатар,  үлкен  көп  функционалды  сайттарды  да  құруға 
арналған.  Шағын  жобалар  үшін,  сайттардың  негізі  PHP+MySQL 
технологиясы,  ал  үлкен  жобалар  үшін  -  PHP+Oracle  технологиясы 
болып  табылады.  Көрсетілген  бағдарлама  Web-сайттарды  құруға 
жəне  жүргізуге  арналған  шығындарды,  оның  құрылымын  жəне 
мазмұнын  басқарудың  күрделілігін  төмендету  есебінен  азайтуға 
мүмкіндік  береді.  Ол  Web-құрастыру  маманының  қатысуынсыз, 
басқаруға 
болатын 
сайтты 
құрастыру 
қарапайымдылығын 
қамтамасыз етеді. 
Web-сайттарды  құруға  арналған  құралдар  өте  алуан  түрлі,  жəне 
қайсын таңдауды қолданушы өзі біледі. 
 
Web- 
бетті құрастыруда пайда болатын сұрақтар 
 
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың 
жауабын келтіреміз. 
Сұрақ  1.  MS  Word  форматында  көптеген  құжаттармен    жиі  
жұмыс  істеуге  тура  келеді,  онда  мəтіннен  басқа  əр  түрлі  суреттер  
бар,  бірақ  ол  суреттерді  мəтінен  бөлек  сақтағым  келеді.  Оны  қалай 
жасауға болады? 
Жауап.  Ең  тез  тəсілмен  мақсатқа  жету  үшін,  MS  Word 
форматындағы  құжатты  HTML-құжаты  түрінде  сақтау  керек. 
Мұндау сақтаудан кейін, сіз көрсеткен бумада сақтау үшін, қосымша 
көмекші  элементтері  бар  негізгі  HTML-файл  құрылады,  олардың 
арасында сізге қажетті суреттер болады. 
Сұрақ  2.  Web-беттерді  дайындауға  сіз  қандай  ақыл  –  кеңес 
бересіз? 
Жауап.  Web-беттерді  дайындау  үшін  төменгі  ақыл  –  кеңестерді 
пайдаланыңыз: 
1.  Сіздің 
Web-беттеріңізде 
ақпараттың 
қарапайым  жəне 
логикалық орналасуына назар аударыңыз. 
2.  Көп  ақпарат  орналасқан  бет,  оған  кіретін  қолданушыны 
шошытуы мүмкін, сондықтан, бетте мəтінсіз, суретсіз жеткілікті бос 
орын қалдырыңыз. Бұл ақпаратты қабылдауды біршама жеңілдетеді. 
Ең  маңызды  мəліметті  оп  -  оңай  табу  үшін,  ақпаратты  тізім  
немесе кесте түрінде ұсынуға тырысыңыз. 


191 
 
3.  Суреттерді бірінен соң бірін орналастырмаңыз, оларды құжат 
бойынша, бетте бос кеңістік қалдырып орналастырыңыз. 
4.  Қабылдауға     оңай     болу     үшін, 
ақпаратты     бөліп 
орналастырыңыз. Абзацтың ұзындығына назар аударыңыз – ол үлкен 
болмау  керек.  Егер,  абзац  өте  үлкен  болса,  оны  бірнеше  шағын 
абзацтарға бөліңіз. 
5.  Web-бетті  құрғаннан  кейін,  оның  көлемінің  онша  үлкен 
болмауын  тексеріңіз.  Егер,  көлемін  кішірейтуге  болмаса,  бір 
құжаттың  бөліктерінің  арасында,  қолданушыға  тез  ауысуға  
мүмкіндік  беретін  сілтемелер  қойыңыз.  Кейде,  бір  ұзын  құжаттың 
орнына тақырып тізімі бар бір бетті дайындау дұрыс. Әр тақырыпты 
бөлек Web-бетте ашу жəне тиісті беттерге сілтемелер орнату қажет. 
6.  Суреттерді  қолдану  бетті  əрдайым  көріктендіреді,  бірақ 
графикалық  ақпараттың  саны  жəне  көлемімен  анықталатын,  Web  – 
беттің  жүктелу  уақытын  есте  сақтаңыз.  Әдемі  сурет  ешқандай  əсер 
етпейді, егер оның жүктелуіне 5 минут уақыт керек болса. 
Сұрақ 3. Құрылған Web-бетті қалай тестілеуге болады? 
Жауап.  Серверге  өз  Web-беттеріңізді  шығармас  бұрын  оларды 
тестілеу қажет. Құрылған құжаттар сіздің қатқыл дискіңіз аумағында 
жергілікті  тексеруден  өту  керек.  Тексеру  кезінде  əр  түрлі 
браузерлерді  қолданыңыз.  Сіз  жеткілікті  түрде  айырмашылығы 
барын көресіз. 
Web-бетті тестілеу үрдісінде қажет: 
1)  дұрыс  жазылуын  тексеру.  Мəтіннің  дұрыс  жазылуын 
автоматты  тексерумен  орындаңыз  (бұл  үшін  Microsoft  Word 
бағдарламасын  қолдануға  болады)  немесе  біреудің  түзетіп  беруін 
сұраңыз; 
2)  навигацияны тексеру.  Әр бетте қажетті навигация құралдары 
бар  екендігіне,  барлық  сілтемелердің  дұрыс  жұмыс  істеп 
тұрғандығына көз жеткізіңіз. 
3)  Сыртқы  файлдарға  қолжетімділікті  тексеру.  Графикалық, 
дыбыстық жəне видеофайлдар табуға жəне оларды жүктеуге мүмкін 
болатын  жерлерде  орналасқандығын  анықтаңыз  (қолжеткізу  жолы 
дұрыс  көрсетілуі  тиіс).  графикалық  емес  браузерлер  үшін  мəтіндік 
хабарламаларды алмастырушыларды беру талап етіледі. 
4)  Жүктеу  уақытын  тексеру.  Егер  жүктеу  уақыты  ұзақ  болса, 
онда суреттерді көлемі шағын басқа түріне ауыстыру керек. 
5)  Сіздің  Web-беттеріңізді  басқа  адамның  тексеруін  жүзеге 
асырыңыз.  Сіздің  құжатарыңызбен  таныс  емес,  басқа  біреуге  
басынан  бастап  аяғына  дейін  қарап  шығуды  өтініңіз.  Кей  кездерде  
сіз байқай алмайтын фактілер анықталуы мүмкін. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау