304
сұраныс) болатынын көрсету керек
Ерекше жəне үйреншікті емес (типті емес) жағдайлар үшін,
Конструктор формасы бар. Қалған жағдайлар типті болып есептелінеді
жəне олар үшін, арнайы нұсқалар құрастырылған, олардың арасында
тым ерекше екі жағдай бар. Осылайша, диаграммалар шебері, артық
жұмыстарды айналып өтіп, автоматты түрде есеп құрастырады, онда
сандық берілгендер көрнекі диаграмма түрінде ұсынылады. Пошталық
жапсырмалар хаттар мен бандерольдарға арналған арнайы этикеткалар
құрастыруды жеңілдету үшін, əдейі ойлап шығарылған. Теориялық
жағынан мұндай жұмысты оны Microsoft Excel кестесімен
байланыстырса, Microsoft Word орындайды, атап айтқанда, оны
Microsoft Excel кестесінен импорттап ақпаратпен толтыруға болады.
Бірақ, мəліметтер қорының аймағында өте жиі кездесетін тапсырма -
меншікті этикеткалар құрастыруды қолдану болып табылады.
Негізінен есепті алуан түрлі үш тəсілмен құруға болады: кесте
немесе сұраныс негізінде автоесептің көмегімен немесе Конструктор
режимінде қолмен жəне бір немесе бірнеше кестелер мен сұраныстар
негізінде шебердің көмегімен.
Кесте немесе сұраныс негізінде автоесеп. Автоесеп базалық
кестенің немесе сұраныстың барлық өрістері мен жазбалары
шығарылатын есепті құруға қызмет етеді. Оны құру үшін, мəліметтер
қоры терезесінде Есептер обьектісін таңдап алу қажет, құралдар
панелінде Құру батырмасын басу жəне Жаңа есеп сұхбат терезесінде
кесте немесе сұранысты таңдау керек. Кесте немесе сұраныста есеп
негізделуі тиіс берілгендер жəне келесі шеберлердің бірі болу керек:
•
Автоесеп: бағанмен, əр өріс бөлек жолда орналасқанда; жазба
өрістің сол жағында орналасады;
•
Автоесеп: ленталық, əр жазбаның өрісі бөлек жолда орналасқанда,
əр бет үшін бір рет, жазбалар жоғары жақта басылады,
Конструктор режимінде қолмен жасалған есеп. Әуелі, базалық
есеп құрылады, содан соң, Конструктор режимінің талаптарына сəйкес
өзгереді.
Шебердің көмегімен құрылған есеп. Шебер жазбалардың,
өрістердің, макеттердің, қажетті форматтардың қайнар көздері туралы
толық сұрақтар қояды жəне алынған жауаптар негізінде есеп құрады.
Ерекше ештеңе талап етілмегенде, есептер шебері нұсқасын
қорықпай - ақ таңдауға болады. Есептерді құру шеберімен жұмыс үрдісі
қарапайым сұранысты құрастыруға ұқсас (12.19-сурет). Кестелер мен
сұраныстар ашылатын өрісте есепті құру үшін, кестенің немесе
сұраныстың атауын таңдау керек.
Қолжетімді өрістер терезесі таңдауға арналған өрістер тізімін
көрсетеді. Таңдау терезелер арасында орналасқан стильді бағдарлармен,
шағын экрандық батырмалардың көмегімен жасалады.
305
12.19. –сурет. Есепті құру барысында өрістерді таңдау
Мұнда да, сұранысты қалыптастыру барысында қолданылған ереже
жұмыс істейді. Нəтижесінде, өрістер, олар кестеде немесе сұраныс –
көзінде орналасқан ретпен жүрмейді, сіз оларды Қолжетімді өрістер
терезесінен Таңдалған өрістер терезесіне тасымалдаған ретпен
орналасады. Шебердің келесі экрандары топтау деңгейін жəне
жазбаларды автоматты сұрыптауға арналған ережелерді орнатуды
ұсынады. Олар аталған есепке енгізіледі. Сұраныстар жұмысының
нəтижесінде алынған таңдау біршама ретсіз түрде болуы мүмкін, оны
басшылыққа алу жеткілікті түрде қиындық тудыратыны белгілі.
12.20. –сурет. Дайын есепті мысал
306
Ашылатын тізімнен берілгендерді сұрыптау қажет болатын өрістің
атауын таңдау керек жəне сұрыптау бағытын қою керек: өсу бойынша
немесе кему бойынша. Содан соң, макеттің түрін жəне есепті безендіру
стилін таңдап, атын беріп жəне Дайын батырмасын басу арқылы есепті
құру үрдісін аяқтау керек (12.20-сурет)
Монитор экранында компьютер баспаға шұғыл түрде жіберуге
дайын мəлімет шығады. Бұл баспадан шығарғаннан кейін бірден
қолдануға болатын жақсы дайындалған жəне форматталған бет. Осымен
есепті құрастыру аяқталады. Оны сақтап немесе баспаға жіберуге
болады. Кез келген жағдайда есеп толығымен дайын, бірақ сізге оны
Конструктор
режиміне
ауыстырып,
өзіңіздің
қалауыңызбен,
дизайныңызбен, көзқарасыңызбен аздап өзгертуге ештеңе кедергі
болмайды.
MS Access
–пен жұмыс барысында туындайтын
сұрақтар
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. Microsoft Access бағдарламасын орнату барысында
қосымша компоненттерді орнату қажет пе?
Жауап. Сіз өз компьютеріңізге Microsoft Access бағадарламасын
орнату барысында, оны қосымша компоненттерімен қоса толық
орнатуға тырысыңыз. Әрише бұл «байлықтың» бəрі түгелдей сіздің
жұмысыңыз үшін қажет бола бермейді, бірақ, сіз жеткілікті тəжірибе
жинағанда, өзіңіздің қажеттіліктеріңізді алдын ала анықтай аласыз. Ал
əзірге, ең жауапты кезде Microsoft Access сізге міндетті түрде
дистрибутив компактісін қоюды жəне онымен операциялар жасауды
талап етпес үшін, барлық керектерді жасаған дұрыс.
Сұрақ 2. Мəліметтер қорының кестесіне кілт не үшін қажет?
Жауап. Мəліметтер қорын басқару жүйесінің құрастырушылары
кестенің əр жолындағы нақты берілгендерден басқа, тағы жеке өзінің
идентификаторы болатындығы, əдетте ол реттік нөмір болатыны туралы
қарапайым болжамға сүйенген. Осылайша, əрі қарай қандай берілгендер
орналасқан болса да, олар өзара қандай түрде қиылысқан болса да,
уақыттың кез келген нақты кезеңдерінде олардың кез келген
фрагменттерін, яғни кестедегі жолдың нөмірін атай отырып бір жақты
дəлдікпен идентификациялауға болады. Ендеше, бұл нөмірді бөлек
жазбаның жеке кілті ретінде қолдануға болады.
Әр кесте міндетті түрде, ең болмаса, бір кілтке ие болу керек жəне
берілгендердің арнайы типі болу керек. Оның мəні кестеге тағы бір жол
қосылу барысында, автоматты түрде бір бірлікке көбейеді. Microsoft
Access МҚБЖ-де бұл нəтижелер бір міндетті ереже түрінде жəне арнайы
берілгендер типі түрінде жүзеге асырылған. Мұндай берілгендер типі
Достарыңызбен бөлісу: |