Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет106/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116

313 
 
13.1.  – сурет. Түсті 
таңдау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жартылай  тонды  сурет  түстердің  фотографиялық  сапасына  ие  болады, 
ал  контурлық  сурет,  əдетте,  бірнеше  қарапайым  түстермен  шектеледі 
немесе мүлдем қара – ақ болып келеді. 
Қарапайым  векторлық  жəне  растрлық  редакторлардың  графикалық 
обьектілерді құру мүмкіндіктерін қарастырайық. 
 
13.2.  MS Word 
– қа орнатылған векторлық редактор 
 
Word – қа орнатылған графикалық редактор еркін фигуралар құруға, 
олардың  өлшемдері  мен  формаларын  өзгертуге,  контурдың  түсін  жəне 
қалыңдығын  жасауға  жəне  əр  түрлі  тəсілдермен  фигураның  ішкі 
аймағын бояуға мүмкіндік береді. 
Суреттерді  құру.  Сурет  салу  үшін  Сурет  салу  құралдар  панелін 
қолдану  бəрінен  де  ыңғайлы  (13.2-сурет)егер  ол  редактор  терезесінде 
болмаса,  онда  оны  Көрініс/Құралдар    панелі/Сурет    салу 
командаларымен бұл панельді ашу керек. 
Сурет  салу  құралдар  панелі  автофигураларды  құру  үшін, 
Қою/Сурет/автофигуралар  мəзірінің  командаларын  қолдану  барсында 
да пайда болады 
Кесінді, тікбұрыш немесе шеңбер сияқты  қарапайым фигураларды 
 
13.2 -сурет. Сурет салу құралдар 
 
 
 
 


314 
 
салу  үшін,  Сурет  салу  құралдар  панеліндегі  батырманы  қолдану  керек. 
Сурет    салу  құралдар    панеліндегі   
   батырманы  басу  қажет.  Курсор 
орналасқан  орында  суретті  орналастыратын  рамка  пайда  болады. 
Тышқанның көрсеткісін  рамканың ішіндегі бос  орынға орнатыңыз; бұл 
ретте көрсеткі өзінің түрін + өзгертеді. Содан соң, тышқанның сол жақ 
батырмасын  басыңыз  да,  оны  жібермей  тышқанды  жылжытыңыз, 
соңында батырманы жіберіңіз. 
Кесіндінің  шеттеріндегі  контурлық  шеңбер  осы  уақытта  оның 
белгіленіп тұрғанын білдіреді. Олардың көмегімен тышқанды жылжыта 
отырып  кесіндінің  өлшемдерін  жəне  көлбеуін  өзгертуге  болады.  Егер, 
сіз  тышқанның  көрсеткісін  кесіндінің  ортасына  əкеліп  қойсаңыз,  онда 
көрсеткі     
     түріне  өзгереді.  Тышқанның  батырмасын  басып,  оны 
жібермей  кесіндіні  басқа  орынға  ауыстырыңыз.  Осылайша,  құрылған 
фигуралардың орындарын ауыстырып қоюға болады. 
Құралдар   панеліндегі 
батырмалар   көмегімен   бағдары    бар 
сызықты  салуға  болады. 
батырмалар  көмегімен  тіктөртбұрыш 
жəне  эллипс  салуға  болады  (бұл  фигураларда  жиектеу  рамкалары  көп, 
оларды  жылжыта  отырып  суреттердің  формасы  мен өлшемін  өзгертуге 
болады). 
Суреттің  өлшемдерін  құру  жəне  өзгерту  кезінде  [Shift]  пернесін 
басып ұстаса, онда суреттің пропорциялары сақталған болады. 
[Ctrl] пернесін басып ұстап тұрса, онда өзгертілетін суреттің ортасы 
қозғалмайтын  болып  қала  береді.  Екі  пернені  басып  ұстап  тұруға 
болады.  Бұл  жағдайда  суреттің  ортасы  орынында  қалады  жəне 
пропорциялар сақталады. 
Тышқанмен  маркерді  жылжыта  отырып,  фигураның  өлшемін 
өзгертуге  болады.  Дəл  осылай  бұдан  да  күрделі  фигураларды  салуға 
болады.  Сурет  салу  құралдар  панеліндегі  Автофигуралар  батырмасын 
басыңыз  да,  қасында  дайын  суреттер  топтарымен  қосымша  панель  
пайда болады (13.3-сурет) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
13.3 -сурет. Автофигуралар салу 
 
 


315 
 
 
13.4 -сурет. Автофигуралар 
 
Өзіңізге ұнаған суретке тышқанмен шертіп, бұл суретті таңдап алыңыз. 
Содан  соң,  беттің  бос  жеріне  тышқанмен  шертіңіз  де  –  сурет  құжатқа 
қойылатын  болады.  Егер,  сіз  басқа  өлшемді  сурет  қойығыңыз  келсе,  онда 
шертудің  орнына  тышқанның  көрсеткішін  бос  орынға  орната  отырып, 
тышқанның  батырмасы  басып,  тышқанды  жылжытып,  оның  батырмасын 
жіберу керек. Дұрыс фигура құру үшін [Shift] пернесін басып ұстау керек. 
Фигура  шеттеріндегі  контурлық  шеңберлер,  ол  фигура  дəл  қазір 
белгіленіп  тұрғанын  білдіреді.  Олардың  саны  нақты  автофигураға 
байланысты.  Кейбір  суреттердегі  түрлі  -  түсті  ромб,  форманың  фигурасын 
өзгертуге  арналған.  Мысалы,  күліп  тұрған  бет  бейнесінде,  ондай  ромб 
ауыздың 
ортасында 
орналастырылады 
(13.4-сурет). 
Обьектінің 
геометриясына  байланысты  мұндай  ромбтар  бірнешеу  болуы  мүмкін. 
Фигураның  жоғарғы  жағында  орналасқан  дөңгелек  фигураны  айналдыруға 
арналған. Біздің суретіміздегі сары ромб күлімсіреген бетті мұңайған түрге 
өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Егер,  сіз  тышқанмен  фигураның  шеттерінде 
орналасқан,  контурлық  маркердің  кез  келгенін  жылжытсаңыз,    оның 
өлшемін өзгертесіз. 
Суреттің  орнын  ауыстыру  үшін,  тышқанның  көрсеткішін  суреттің 
ішіндегі  кез  келген  орынға  апарыңыз,  тышқанның  сол  жақ  батырмасын 
басыңыз  жəне  оны  жібермей  тышқанды  жылжытыңыз,  одан    соң 
батырмасын  жіберіңіз.  Сурет  жаңа  орынға  ауыстырылады.  [Ctrl]  пернесін 
басқан  қалыпта  графикалық  обьектіні  жылжыта  отырып,  сіз  обьектінің 
көшірмесін құрасыз; бұл ретте бастапқы обьекті бұрынғы орнында қалады. 
Жазбалар  немесе  мəтін  енгізілетін  фигуралар  деп  аталатын  суреттерде 
бейнелік рамкадағы мəтін қолдануға болады. 
 батырмасы қарапайым тік 
бұрышты   жазбаны   қоюға   арналған,   бірақ,   автофигураларда   күрделірек 


316 
 
 
13.5. –сурет. Мəтінмен енгізілетін фигуралар 
мəтін енгізілетін фигуралар бар. 
Автофигуралар батырмасына басыңыз жəне ашылған қосымша мəзірде 
Мәтін  енгізілетін  фигуралар  панелін  таңдаңыз.  Экранда  мəтін  енгізілетін 
фигуралар  жиынтығымен  қосымша  панелі  пайда  болады.  Тышқанмен  кез 
келгеніне  басыңыз  да,  беттің  бос  орнына  тышқанмен  шертіңіз.  Таңдалған 
мəтін енгізілетін фигура құжатқа қойылады жəне онда жазбаны енгізу үшін, 
мəтіндік курсор орнатылады. Белгіленген мәтін енгізілетін фигура маркері 
бар  рамкамен жиектеледі.  Сонымен  қатар,  экранда  Жазба  құралдар  панелі 
пайда  болады.  Мәтін  енгізілетін  фигураның  ішінде  автоматты  түрде 
орналасатын мəтінді енгізіңіз (13.5-сурет) 
Жазба  мəтінін  Word  –ғы  мəтіннің  кез  келген  басқа  фрагменті  сияқты, 
дəл солай форматтауға болады. 
Word  –  ғы  барлық  суреттер  рамкамен  шектелетін  арнайы  аумақта 
салынады.  Бұл  рамканы  белгілегенде  экранда  бірнеше  батырмалары  бар 
қосымша панель пайда болады. Рамканың шеттеріндегі бұрыштарды, оның 
өлшемін  өзгерте  отырып,  тышқанның  көмегімен  жылжытуға  болады.  Бұл 
жағдайда суреттің өлшемдері бұрынғыша қалады. 
Сурет  аймағының  баптаулары  панеліндегі       
 
батырмасын  баса  отырып,  сіз  бұрыштарды  шеңберге  өзгертесіз.  Бұл 
режимде аумақтардың өлшемдерінің өзгеруі бір мезгілде сурет өлшемдерін 
өзгертеді.  Батырманы  қайта  басу  жұмыстың  қайтадан  қалыпты  режиміне 
қайтарады.   Егер,   сіз   ұлғайту   
    батырмасын бассаңыз, онда 
аумақтың  өлшемдері  үлкейеді.  Суретке  қосымша  өрістер  қосылатын  
болады.  
  батырмасы  мəзірінен  кез  келген  команданы  таңдап  алып,  сіз 
суреттің аумағының мəтінде орналасуы режимін өзгертесіз. Суретті таңдап 
алып,  оны  аумақтың  сыртына  орналастыруға  болады,  одан  соң  рамканы 
белгілеп,  оны  өшіру  керек,  бірақ,  арнайы  аумақта  орналасқан  суреттерді 
қолдану ыңғайлырақ. 
WordArt – ты қолдану арқылы мәтін негізіндегі суреттер. Word 
Art  бағдарламасының  көмегімен  мəтін  негізінде  əр  түрлі  эффектілер 
құруға мүмкіндік беретін,  қызықты безендіру жасауға болады. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау