29
Маусымдық ырғақтылықтың себептері түрлі ендіктерде әр түрлі: ол
төменгі ендіктерде ылғалдылықпен, қоңыржай ендіктерде күн радиациясы
белсенділігінің өзгеруімен, ал полярлық ендіктерде жарықпен сипатталады.
Тəуліктік ырғақтылық Жердің өз білігі төңірегінде айналуы нәтижесінде
пайда болатын түн мен күннің алмасуына байланысты. Тәуліктік ырғақтылық
барлық метеоэлементтердің тәулік барысында өзгеруінен көрінеді: фотосин-
тез тек күндіз, яғни жарықта ғана жүреді. Адам да “күн сағаты” бойынша
өмір сүреді: ағзаның белсенділігі сағат 2-ден 5-ке де йінгі және 12-ден 14-ке
дейінгі аралықта төмен болады; бұл кезде жүректің соғу жиілігі баяулайды,
есте сақтау қабілеті мен дене температурасы төмендейді.
Ырғақтылық географиялық қабық дамуының маңызды заңдылықтары-
ның бірі болып саналады, оларды зерттеу табиғи құбылыстар мен үдеріс-
терді болжауда маңызды рөл атқарады.
Географиялық қабық, географиялық қабықтың құрамдық түзіліс дәрежелері, геогра-
фиялық
қабықтың ерекшеліктері,
біртұтастық, ырғақтылық, зат және энергия алмасу.
1. Географиялық қабықтың құрылысы қандай?
2. Географиялық қабықтың өзіне тән ерекшеліктерін айт.
3. Географиялық қабықтың біртұтастығы дегенде нені түсінесің?
4. Тәуліктік ырғақтылық құбылыстарын бақыла және дәптеріңе жаз.
§ 7. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ҚАБЫҚТЫҢ
ЕНДІК
ЗОНАЛЫЛЫҒЫ
ЖӘНЕ
СЕКТОРЛЫҒЫ
Қымбатты оқушы, төменгі сыныптарда географиялық қабықтың жал-
пы заңдылықтары жөнінде алған білімдеріңді есіңе түсір. Бұл тақырыпта
бұрынғы білімдеріңді одан әрі байытасың.
Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылығы географиядағы ал-
ғашқы заңдылықтардың бірі болып табылады. Климат аймақтары мен
зоналылықтың бар екенін ежелгі грек және рим ғалымдары анықтаған.
Олар Жер бетін бірнеше климат аймақтарына бөлген. Зоналылық заң-
дылығының дамуына А.Гумбольдтың (ХVІІІ ғасыр) қосқан үлесі ерекше.
Ол климаттық және ботаникалық-географиялық зоналылықты анықтады.
Бертін келе бұл жұмыстарды В.В.Докучаев дамытып, географиялық зона-
лылық заңдылығын ашты және оны негіздеп берді. Бүгінгі таңда геогра-
фиялық зоналылық туралы білімдер В.В.Докучаев іліміне негізделеді.
А
31
жылы әрі ылғалды өлкелерде – кофе, цитрус жемістері, шай, күріш;
салқын өлкелерде – бидай мен арпа; ал суық өлкелерде тек жылыжайлар-
да ғана көкөніс пен аскөк, гүлдер өсіріледі.
Секторлық – құрлықтың ішкерісіне қарай мұхиттан алыстаған сайын
климат ерекшеліктерінің өзгеруі есебінен табиғат компоненттері мен ге-
ожүйелердің де өзгеріп отыруы.
Секторлық құрлықтардағы климат аймақтарының ішінде климат тип-
терінің бөлінуінен айқын көрінеді. Мысалы, қоңыржай климат аймағында
құрлықтағы теңіздік, қоңыржай континенттік, шұғыл континенттік және
муссондық климат өлкелері қалыптасқан. Ал бұл топырақ-өсімдік жа-
мылғысы мен жалпы табиғат зоналарында да байқалады. Климат өлке-
леріне байланысты түрде аралас және жалпақ жапырақты ормандар, ор-
манды-дала және дала, шөлдер мен шөлейттер, муссонды орман табиғат
зоналары қалыптасқан.
Азоналылық заңдылығының зоналылық заңдылығынан ерекшелігі
сол, ол Жердің ішкі үдерістері мен жергілікті себепшарттардың себебінен
табиғат компоненттері мен геожүйелердің өзгеруі болып табылады. Азо-
налылықтың
себепшарттары – Жер бетін жауып жатқан тау жыныстары
мен бедер түзілісіндегі айырмашылықтар, сызат сулары деңгейінің жер
бедері мен тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеттеріне қарап өзгеруі,
адамның шаруашылық қызметі және т.б. Бұл себепшарттар ендіктердің
зоналылық заңдылығына мойынсұнбайды. Əсіресе геологиялық-геомор-
фологиялық себепшарттар Жердің ішкі күштерімен байланысты болған-
дықтан, басқаларына қарағанда кең ауқымды. Геологиялық себепшарттар
ішінде неотектоникалық (қазіргі заман тектоникалық) қозғалыстар, олар-
дың Жер бетінің түрлі нүктелерінде әр түрлі күш пен қарқында бой көр-
сетуі – ең маңызды себепшарт болып табылады. Тау жыныстарының хи-
миялық және физикалық қасиеттері де белсенді әсер көрсетеді. Мысалы,
құрамында тұздары көп тау жыныстары тараған орындарда сортаңдар, ал
суда тез еритін тау жыныстары тараған орындарда карсттар көбейіп, то-
пырақ-өсімдік жамылғысы мен ландшафттардын зоналылық ерекшеліктері
өзгеруіне себеп болады.
Жер бетінің тығыздығы төмендеу орындарында сызат суларының дең-
гейі жоғары болады. Бұндай жағдайда атмосфералық жауындар мен ай-
наладан келіп жатқан ағын сулар есебінен артықша ылғал шоғырланып,
батпақтар пайда болады. Мысалы, Шығыс Сібір, Конго ойысы, Ла-Плата,
Ориноко ойпаттарында батпақтар кең тараған.
Батпақ – артық ылғал-