111
§ 26. АФРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ
Африка – табиғи ресурстарға бай болуына қарамай, орын алған сая-
си, әлеуметтік, экономикалық проблемалардың салдарынан даму деңгейі
төмен көптеген мемлекеттер жиналған құрлық болып табылады. Жалпы
жер алаңы 30,3 млн шаршы км-ден астам бұл құрлықта 62 мемлекет
бар. Олардың 54-і – тәуелсіз мемлекеттер, 10-ы арал, 15-і құрлық ішін-
де және 37-сінің теңіздік шекаралары бар. Африка аумағы 5 субаймаққа
жіктеледі (18-сурет).
Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка субай-
мақтары бір-бірінен географиялық орны, табиғи ресурстары, алаңда
орналасқан мемлекеттер саны сияқты көрсеткіштерімен ерекшеленеді
(10-кесте).
10-кесте
Африка субаймақтары туралы жалпы мəлімет
Субаймақтар
Алаңы, млн
шаршы км
Халқының саны,
млн адам
Мемлекеттер
саны
Солтүстік
8,5
218
7
Батыс
6,0
341
16
Шығыс
6,3
379
17
Орталық
6,6
142
9
Оңтүстік
2,7
61
5
Солтүстік Африка Жерорта және Қызыл теңіздерге, Атлант мұхитына
шығу мүмкіндіктері бар болғандықтан, ежелден-ақ Еуропамен және Батыс
Азия мемлекеттерімен жан-жақты байланыс орнатқан болатын. Аумақтың
үлкен бөлігінің субтропикалық аймаққа тура келгендігі бұл өңірдегі мем-
лекеттердің мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус жемістерін өндіруге мамандануы-
на себеп болған. Ал өнеркәсіп тармақтарының дамуы бірінші кезекте ми-
нерал шикізаттарды қазып алу (мұнай, табиғи газ, фосфорит, темір руда-
сы) мен қайта өңдеуге байланысты. Бұдан тыс ауыл шаруашылығы өнім-
дерін қайта өңдеуге маманданған жеңіл және тамақ өнеркәсібі де жақсы
VIII ТАРАУ. АФРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ.
ОКЕАНИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
112
дамыған. Бұл жерде теңіз көлігінің ай-
рықша маңызы бар. Əсіресе Суэц ка-
налының осы аймақта орналасқандығы
көлік қызметтерінің жоғары дәрежеде
дамуына жол ашқан. Бұған қосымша
қызметтер саласында туризмнің алатын
орны ерекше.
Халқының басым бөлігін араб тілін-
де сөйлейтін тұрғындар құрайды. Көп
ғасырлық тарихы бар аймақ мемлекет-
тері экономикасының дәстүрлі тармағы
болып саналатын суармалы егіншілік,
көшпелі мал шаруашылығы, қолөнер-
шілік секілді салаларының өзіне ерек-
шеліктері бар. Египет пен Алжир су-
баймақтың әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне орай алдыңғы қа-
тарлы мемлекеттер болып саналады.
Батыс Африка Сахара шөлі мен Гвинея шығанағы аралығына орын
тепкен. Аумағы тропикалық шөлдерге, саванналарға, ылғалды эквато-
риалдық аймаққа тура келеді. Бұл субаймақта Африканың халық саны
жағынан ең ірі мемлекеті – Нигерия бар. Оның халқының құрамы айтар-
лықтай күрделі. Отаршылық кезеңінде құлдық қанау ең жоғары шегіне
жеткен аймақ болып табылады.
Субаймақтың заманалық көрінісін бірінші кезекте ежелден дамып келе
жатқан ауыл шаруашылығына мамандану белгілейді. Плантация шару-
ашылығының дамуы бойынша бай тәжірибеге ие болған субаймақ мем-
лекеттері негізінен техникалық егіндер өндіруге маманданған. Ауыл ша-
руашылығында егілетін монодақылдардың (жержаңғақ, түрлі жемістер, та-
биғи каучук, какао, кофе ) негізгі бөлігі экспортқа шығарылады. Тау-кен
өнеркәсібі негізгі дамыған өнеркәсіп тармағы болып саналады. Негізінен
темір және уран рудалары, боксит, қалайы, мұнай, алмаз және алтын өн-
діріледі. Нигерия Батыс Африканың экономикасы салыстырмалы дамыған
мемлекеттеріне мысал бола алады.
Орталық Африка мемлекеттері материктің орталық бөлігіне, ылғалды
экваториалдық ормандар мен саванна аймақтарына орын тепкен. Субай-
мақ минерал ресурстар түрі мен қоры бойынша тек Африкада ғана емес,
дүние жүзінде жетекші орындардың бірінде тұрады. Бұдан тыс аймақ суға
18-сурет. Африканың субаймақтары.