Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет47/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

134
тын, сынап, сурьма; Тәжікстан алюминий өндіру саласында анағұрлым жоға-
ры көрсеткіштерге жетіп отыр. Қазақстанда, Өзбекстан мен Түркіменстанда 
химия  өнеркәсібі  жақсы  дамыған,  олар  негізінен  минерал  тыңайтқыштар, 
сульфат қышқылы, сода, мирабилит өндіруге, мұнай мен табиғи газды қайта 
өңдеуге маманданған. Ал машинажасау бойынша Өзбекстан мен Қазақстан 
көш басында келеді. Бұл салада Өзбекстанда дамып келе жатқан автомобиль 
жасау өнеркәсібі айрықша мақтауға лайықты. 
Ауыл шаруашылығы Орталық Азия мемлекеттерінің барлығында да жақ-
сы  дамыған  әрі  жоғары  экономикалық  маңызы  бар.  Қазақстанда  ауыл  ша-
руашылығының  тауарлық  тармақтары  құрамына  негізінен  егіншілік  (астық 
өндіру) пен мал шаруашылығы енеді. Өзбекстанда ауыл шаруашылығының 
мақта өсіру, жібек талшығын өндіру, бағбаншылық, жүзімшілік, көкөніс өн-
діру  және  қаракөлшілік  салаларының  тауарлық  маңызы  жоғары.  Түркімен-
станда экономиканың аграрлық секторы мақташылыққа, егіншілікке, бау-бақ-
шаға,  қаракөл  елтірісін  өндіру  мен  жылқы  өсіруге  маманданған.  Бұл  елдің 
мал шаруашылығында әлемге әйгілі Ахалтеке тұқымды жылқыларды көбейту 
айрықша маңызды. Тәжікстанда  ауыл шаруашылығы мақташылыққа, бағбан-
шылық пен жібекшілікке, ал Қырғызстанда көкөніс пен темекі өндіруге және 
көп тармақты мал шаруашылығына маманданған. 
Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының бола-
шағы көп ретте олардың өзара экономикалық интеграцияcына байланысты. 
Субаймақ мемлекеттерінің өзара интеграциялануының бірқатар маңызды се-
бепшарттарын атап көрсетуге болады: 
– экономикалық-географиялық орнының ортақтығы
– теміржол және автомобиль көлік жүйелерінің бірыңғайлығы, өзара бай-
ланыстылығы; 
– ірі өзендер мен суару каналдарының трансшекаралығы; 
– таулы және ойпатты мемлекеттер табиғи ресурстарының, әсіресе энергия 
көздерінің бір-бірін толықтыратын ерекшелігі
– субаймақ халықтарының туысқандығы, тарихи-мәдени тұрғыдан жақын-
дығы; 
– Аралдың тартылуы, шөлденуі, жер алқаптарының сортаңдануы, тау мұз-
дықтарының интенсивті еруі, ауа және су алаптарының зиянды қалдықтармен 
ластануы секілді өзекті экологиялық проблемалардың бар екендігі
– жер сілкіну, сел және су тасқындары, қар көшкіндері және басқа табиғи 
апаттарға қарсы бірігіп күресудің қажеттілігі.


135
Орталық Азия, ішкі континенттік мемлекеттер, транзиттік экономикалық-географи-
ялық орын, геосаяси орын, трансшекаралық өзендер, өтпелі экономика мемлекеттері, 
индустриалды-аграрлы экономика, аграрлы-индустриалды экономика, экономикалық 
интеграциялану.
1.  Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық-географиялық және геосаяси орны 
қандай ұнамды және ұнамсыз жақтарымен сипатталады?
2.  Орталық Азия мемлекеттерінің өзара экономикалық интеграциялануының геогра-
фиялық себепшарттарына шолу жаса.
3.    Дәптеріңе  Орталық  Азия  мемлекеттеріндегі  негізгі  өнеркәсіп  және  ауыл  шару-
ашылығы тармақтарын жазып ал.
ТАҚЫРЫПҚА ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ
Орталық  Азия  субаймағын  сипаттағанда,  бұл  географиялық  ұғымның 
“Орта Азия” терминімен байланыстылығын, олардың өзара айырмасын түсін-
дірген орынды. Орта Азия – Еуразия материгінің 14 табиғи географиялық өл-
келерінің бірі, ол батыста Каспий теңізімен, шығыста Тяньшань тауларымен, 
солтүстікте  Қазақстан  аласа  таулары  етегімен,  оңтүстікте  Гиндукуш  және 
Түркімен-Қорасан  тауларымен  шекараланған,  негізінен  Арал-Балқаш  көл-
дерінің тұйық алаптарына тура келеді. Демек, Орта Азия өлкесі табиғи гео-
графиялық  ерекшелігі  мен  шекаралары  негізінде  бөлінген  аумақтық  бірлік 
болып саналады. Орта Азияның табиғи шекаралары шеңберінде 4 мемлекет, 
яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан бүтін қалпында 
орналасқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және оңтүстік-
шығыс бөлігі, Ауғанстан мен Иранның солтүстік бөлігі және Қытайдың шеткі 
солтүстік-батыс бөлігі де Орта Азия аумағына енеді. Ал Орталық Азия сая-
си-географиялық субаймағы – нақ сол мемлекеттердің шекаралары бойынша 
айқындалған аумақтық бірлік.
Табиғи (физикалық) географияда да “Орталық Азия” ұғымы өзіне тән мазмұн 
мен  мағынаны  аңғартады.  Бұнда  Орта  Азиядан  шығысқа  таман  орналасқан, 
Тяньшань және Жоңғар Алатауы тауларының шығыс бөктерлерінен Ұлы Қы-
тай ойпатының батыс шекараларына дейін созылып жатқан таулы және шөл-
ді ландшафтардан тұратын аумақты иелеген Еуразия материгінің табиғи гео-
графиялық өлкелерінің бірі Орталық Азия деп аталады. Саяси-географиялық 
тұрғыдан  қарағанда,  Орталық  Азия  табиғи  географиялық  өлкесі  Қытай  мен 
Монғолия аумағына орналасқандықтан, Шығыс Азия субаймағына тура келеді.


136
Х ТАРАУ. ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
§ 31. ӨЗБЕКСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ОРНЫ МЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Əлемдік  қоғамдастық  пен  дүние  жүзінің  саяси  картасында  Өзбекстан-
ның  өзіндік  орны  мен  беделі  бар.  Ол  бүгінгі  таңда  Біріккен  Ұлттар  Ұйы-
мына  мүше  болған  193  мемлекеттің  бірі  болып  саналады.  Өзбекстан  Рес-
публикасы  БҰҰ-ға  мүшелікке  1992  жылдың  2  наурызы  күні  қабылданған.
Өзбекстан  Еуразия  мен  Орталық  Азияның  дерлік  қақ  ортасына  орын 
тепкен.  Республиканың  аумағы  батыстан  шығысқа  қарай  1425  км-ге  со-
зылып  жатыр,  ал  солтүстіктен  оңтүстікке  дейінгі  аралығы  930  км.  Ең 
биік  нүктесі  болып  табылатын  Хазірет  Сұлтан  шыңы  (Гиссар  тау  жота-
лары)  –  теңіз  деңгейінен  4643  м  биік,  ал  ең  төменгі  нүктесі  Мыңбұлақ 
ойысы  –  12  м.
Мемлекеттік  шекараларының  жалпы  ұзындығы  6221  км,  соның  2203 
км-і,  яки  1/3  бөлігі  Қазақстан  Республикасымен,  1721  км-і  Түркіменстан-
мен,  1161  км-і  Тәжікстанмен,  1069  км-і  Қырғызстанмен  және  137  км-і 
Ауғанстан  Республикасымен  шектеседі.
Өзбекстанның  микроэкономикалық  географиялық  орны  (аумақтың 
өзімен  көршілес  мемлекеттермен  салыстырғандағы  орны)  анағұрлым  қо-
лайлылығымен  ерекшеленеді.  Бұл  ерекшелік  ең  алдымен  оның  Орталық 
Азия  республикаларының  қақ  ортасында  орналасуынан  және  аймақтың 
барлық  мемлекеттерімен  тікелей  шекаралас  болғандығынан  туындайды. 
Өзбекстанның  микроэкономикалық  географиялық  орнының  қолайлылығы 
көрші  елдермен  құрлық  көлігінің  (автомобиль,  теміржол,  құбыр)  барлық 
түрлерімен  жақсы  байланысқандығынан  да  көрініс  табады.  Бұндай  қо-
лайлылықтар  сонау  тарихи  кезеңдерден  бүгінге  дейін  Өзбекстанды  аймақ 
мемлекеттері  ішінде  халқының  орналасуы  ең  тығыз,  ірі  қалалары  мол, 
экономикасы  өзгелермен  салыстырғанда  анағұрлым  жақсы  дамыған  дең-
гейге  көтерген.
Өзбекстан  Республикасының  бірінші  Президенті  И.А.Каримов  “Өзбек-
стан  ХХІ  ғасыр  босағасында:  қауіпсіздікке  қатер,  тұрақтылық  шарттары 
және  өркендеу  кепілдіктері”  кітабында  бұл  жөнінде  мынадай  пікір  біл-


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау