107
теңіз компаниялары үшін ең төмен салық ставкаларын енгізіп, дүние
жүзіндегі ең ірі теңіз флоты бар мемлекетке айналды. Бұған негізінен
шетелдік көлік компанияларының ресми түрде Панамада тіркеуден өткен-
дігі арқылы қол жеткізілді.
Латын Америкасы елдері дамып келе жатқан мемлекеттер блогына
жататыны белгілі. Аймақтағы ЖІӨ-нің 2/3 бөлігі тура келетін Бразилия,
Мексика және Аргентина даму үстіндегі тірек мемлекеттер тобына енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыстық
деңгейінің жоғары көрсеткіштері аймақ мемлекеттері арасынан Чилиге,
Уругвайға, Барбадос пен Багама аралдарына тән. Аймақтың ең нашар да-
мыған мемлекеті – Гаити Республикасы.
Экономикалық географиялық орны, әлеуметтік-экономикалық қабілет-
тілігі, халықаралық мамандануы, халқының нәсілдік, этникалық және діни
құрамының ерекшеліктері мен мемлекетаралық экономикалық интеграция
үдерістері ескеріле отырып, Латын Америкасы төмендегідей 7 субаймаққа
бөлінеді:
– Мексика;
– Орталық Америка (Белиз, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никара-
гуа, Коста-Рика, Панама);
– Вест-Индия (Кариб теңізіндегі арал-мемлекеттер);
– Анд мемлекеттері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия,
Чили);
– “Гвиана үшбұрышы” (Гаяна, Суринам, Франция Гвианасы);
– Бразилия;
– Ла-Плата мемлекеттері (Аргентина, Уругвай, Парагвай).
Латын Америкасы, Орта Америка (Мезоамерика), Кариб алабы мемлекеттері, Ор-
талық Америка, Вест-Индия, Оңтүстік Америка, “Гвиана үшбұрышы”, америка-
лық үндістер, метистер, мулаттар, самбо, негрлер, креолдар, даму үстіндегі тірек
мемлекеттер, Анд мемлекеттері, Ла-Плата мемлекеттері.
1. Латын Америкасы мемлекеттері қандай табиғи ресурстарға бай? Аймақтағы
мемлекеттерде әлемдік маңызы бар қандай пайдалы қазбалардың қорлары
бар?
2. Латын Америкасы қандай субаймақтарға бөлінеді және онда қандай өлшемдер
ескерілген?
3. Латын Америкасы мемлекеттерінің халқын нәсілі, тілі, құрамы және орнала-
суы тұрғысынан жазбаша сипаттап бер.
108
§ 25. КАРИБ АЛАБЫНЫҢ АРАЛ-МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері аралығында, Мексика
шығанағы мен Кариб теңізінің Атлант мұхитымен тұтасқан акваториясын-
да орналасқан аралдар Америка құрлығының 1492 жылы Христофор Ко-
лумбтың бірінші экспедициясы ашқан алғашқы жерлері болып саналады.
Колумб оған Вест-Индия, яғни “Батыс Үндістан” деп ат қойған. Бертін
келе бұл аумақ Американың бір бөлігі екендігі анықталса да, бұрынғы
атауы осы күнге дейін қолданылып келеді.
Вест-Индия үш ірі архипелагтан тұрады: Кариб теңізінің солтүстік
жағалауын бойлай созылып жатқан Үлкен Антиль аралдары (ең ірілері:
Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико), Кариб теңізінің шығыс және оңтүстік-
шығыс шетіндегі Кіші Антиль аралдары, сондай-ақ Үлкен Антиль арал-
дарынан солтүстікте орын тепкен Багама аралдары. Вест-Индияның жал-
пы жер алаңы 245 мың шаршы км айналасында, соның 216 мың шаршы
км-ін Үлкен Антиль аралдары алып жатыр. Кіші Антиль және Багама
аралдарының жер алаңы дерлік бір түрлі болғандықтан, екі архипелагтың
әрқайсысына 14 мың шаршы км-ден астам аумақ тура келеді.
Вест-Индия аралдарында барлығы 13 тәуелсіз мемлекет бар. Үлкен Антиль
аралдарында – Куба, Гаити, Доминикан Республикасы және Ямайка, Кіші
Антиль аралдарында – Антигуа мен Барбуда, Барбадос, Гренада, Доминика,
Сент-Висент пен Гренадина, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Тринидад
және Тобаго “ергежейлі” мемлекеттері, ал Багама аралдарында осындай атпен
аталатын мемлекет орын тепкен. Бұдан тыс Вест-Индияның саяси картасын-
да ұзын саны 15-ке жуық Ұлыбритания, Франция, Нидерландия және АҚШ
мемлекеттерінің отар, теңізарты аумақтары мен өзін-өзі басқаратын аумақта-
ры да бар. Аумағының үлкендігі және халқының саны бойынша субаймақтың
мемлекеттері ортасында бірінші орында Куба Респуб ликасы тұрады. Тәуел-
сіз емес мемлекеттер арасында иелеген алаңы мен халқының саны жағынан
ең ірісі – АҚШ-қа тәуелді өзін-өзі басқаратын аумақ саналған Пуэрто-Рико.
Басқару пішіні жағынан 10 ел – республика, ал қалған 3-і – Британия Дос-
тастығы корольдықтары (ресми мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы
болып саналатын конституциялық монархиялар) болып табылады. Куба –
қазіргі заман дүние жүзінің саяси картасындағы социалистік республика жүй-
есіндегі санаулы мемлекеттердің бірі.
Вест-Индия аралдары Кариб және Солтүстік Америка литосфера плита-
лары түйіскен шекарада орналасқандықтан, бұл жерде оқтын-оқтын күшті
жер сілкінулер болып тұрады. Кіші Антиль аралдарында белсенді жанар-
таулар көп. Осындай тектоникалық түзілістерге байланысты Вест-Индия
109
аралдарының жер бедері таулардан тұрады. Тек Кубада ғана жазықтықтар
көлемді алаңды алып жатыр. Көп жерлерде арал жағалаулары кемелердің
тұруына өте қолайлы болып келеді. Мұнда пайдалы қазбалардан: боксит-
тің (Ямайка, Доминикан Республикасы), никель мен кобальт рудалары-
ның (Куба), ас тұзының (Доминикан Республикасы) өнеркәсіптік маңы-
зы жоғары. Мұнай көбінесе Бағама аралдарында, Тринидад және Тобаго
мемлекеттерінде өндіріледі. Сонымен қатар Тринидад аралында табиғи
асфальт қазып алынатын көл де бар.
Климаты тропиктік, жыл бойы ыстық, бірақ Атлант мұхитынан тұрақты
есіп тұратын пассат желі арқасында ауа жұмсақ әрі ылғалды. Мұнда ма-
мыр айынан қарашаға дейін шуақты және жаңбырлы жаз болады, ал
жылы әрі құрғақ қыс қарашаның соңында басталып, мамырға дейін созы-
лады. Нағыз тропикалық қыс маусымы демалып, тынығуға өте қолайлы
әрі ұнамды кезең болғандықтан, туризмнің ең “қайнаған” мезгілі санала-
ды. Климаттың ұнамсыз жақтарының бірі – күшті дауылдардың жиі-жиі
қайталанып тұруы.
Вест-Индия халқының жалпы саны 43 млн адамға тең (2016 жылғы
жағдай). Кубада 11,2 млн, Гаитиде 11,1 млн және Доминикан Республика-
сында 10,6 млн халық жасап, аймақ тұрғындарының саны жағынан бәрі-
нен алда келеді. Пуэрто-Рико, Ямайка, Тринидад және Тобаго қалаларын-
дағы халық саны 1 млн-нан асады. Басқа мемлекеттердің әрқайсысындағы
тұрғындар саны 500 мыңға да жетпейді.
Вест-Индия мемлекеттерінің басым көпшілігінде туылу мен халықтың
табиғи өсу көрсеткіштері орта немесе төмен деңгейде. Гаити мен Доми-
никан Республикасында туылу да, табиғи көбею де субаймақ бойынша
ең жоғары көрсеткіштерге жеткен, оларда халықтың саны жедел қарқын-
мен өсіп барады. Көптеген елдерде халық санының өсуіне эмиграцияның
жоғарылығы кері әсерін тигізіп отыр. Бұл, әсіресе, тұрғындары АҚШ-қа
жаппай көшіп жатқан Пуэрто-Рикоға тән жағдай.
Урбанизация деңгейі көп елдерде жоғары (субаймақ бойынша орта
есеппен 70 пайыз), әйткенмен кейбір “ергежейлі” мемлекеттерде қала
халқының ара салмағы едәуір төмен. Мәселен, Сент-Люция, Тринидад
және Тобаго мемлекеттерінде 20 пайызға да жетпейді. Вест-Индиядағы
ең ірі қалалар – Кубаның астанасы Гавана, Доминикан Республикасының
астанасы Санто-Доминго, Гаитидің астанасы Порт-о-Пренс және Ямайка-
ның астанасы Кингстон болып саналады.
Куба мен Пуэрто-Рико халқының нәсілдік құрамында еуропалықтардың
ұрпақтары (креолдар), Доминикан Республикасында мулаттар, ал басқа ел-
дерде қара тәнділер көпшілікті құрайды. Куба мен Доминикан Республи-
Достарыңызбен бөлісу: |