Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53

113
және  биологиялық  (негізінен  орман)  ресурстарға  да  бай  болғанымен,  қол-
да  бар  табиғи  ресурс  мүмкіндіктері  толығымен  пайдаланылмайды.  Орта-
лық  Африка  өңдей  алмаған  алмаз,  мыс,  кобальт,  марганец,  қалайы,  мұнай 
секілді  минерал  ресурстардың  негізгі  бөлігін  әлемнің  көптеген  елдеріне 
экспорттайды.  Бұдан  тыс  субаймақтың  экспортында  орман  ресурстарының 
үлес  салмағы  да  ауыз  толтырып  айтарлықтай.  Негізгі  өнеркәсіп  тармағы 
тау-кен  өнеркәсібі  болғандықтан,  соңғы  жылдарда  ірі  қалаларда  қайта 
өңдейтін  өнеркәсіп  тармақтары  да  жайлап  дами  бастады.  Тұрғын  халқы 
негізінен  банту  тобына  тән  халықтардан  құралғандығымен  ерекшеленеді. 
Конго  Демократиялық  Республикасы  субаймақ  бойынша  экономикалық 
тұрғыдан  ең  дамыған  мемлекет  болып  саналады.
Шығыс  Африкаға  негізінен  субэкваториалдық  және  тропиктік  климат 
тән.  Ол  Үнді  мұхитына  шығу  мүмкіндігіне  ие  болғандықтан,  ежелден-ақ 
Үндістанмен  және  араб  мемлекеттерімен  сауда  байланыстарын  орнатып 
келген.  Басқа  субаймақтардан  өзгешелігі  сол,  бұл  аймақ  минерал  ресурс-
тарға  кедейлеу.  Сондықтан  да  экономиканы  өркендету  жолында  қолда  бар 
басқа  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалануға  ұмтылады.  Мұнда  негізі-
нен  тропиктік  ауыл  шаруашылығы  дамыған,  әлемдік  базарға  кофе,  шай, 
кокос  пальмасынің  өнімдері,  түрлі  дәмдеуіштер  шығарады.  Аймақтың 
кейбір  мемлекеттері  тау-кен  өнеркәсібінің  өнімдерін  (мыс)  де  экспорт-
тайды.  Қайта  өңдеу  өнеркәсібінің  тармақтары  дамып  келеді.  Ұйымдас-
тырылған  табиғи  бақтар  мен  қорықтар  туризмді  дамытуға  өз  үлестерін 
қосуда  (19-сурет).  Шығыс  Африка  халқы  этникалық  тұрғыдан  алуан  түрлі 
тайпалар  мен  рулардан,  ұлыстар  мен  ұлттардан  құралған.  Кения  мемле-
19-сурет.  Африканың туристік ресурстары.


114
кеті    субаймақтағы  әлеуметтік-экономикалық  даму  тұрғысынан  алдыңғы 
қатарлы  ел  болып  саналады.
Оңтүстік  Африка  –  Еуропа,  Азия,  Америка  құрлықтарынан  едәуір 
ұзақта  орналасқан  болса  да,  қолайлы  көліктік-географиялық  орынға  ие 
болған.  Оның  жағалауларынан  маңызды  теңіз  жолы  бағыттары  өтеді. 
Оңтүстік  жартышардың  тропиктік  және  субтропиктік  аймақтарына  орын 
тепкен  бұл  субаймақ  сан  түрлі  табиғи  ресурстарға    (әсіресе  минерал  ре-
сурстарға)  бай.  Оңтүстік  Африка  Республикасы  тек  субаймақтағы  ғана 
емес,  бүкіл  континенттегі  экономикалық  тұрғыдан  ең  дамыған  мемле-
кет  болып  саналады.  Ол  –  әлемдік  базарға  түрлі  минерал  ресурстарды 
эскпорттап  отырған  мемлекеттердің  бірі.  Оның  экономикасында  тау-кен 
өнеркәсібінен  тыс,  қайта  өңдейтін  тармақтар  да  айтулы  мөлшерде  өнім 
дайындап  береді.  Субаймақтың  басқа  мемлекеттерінің  экономикасында 
ауыл  шаруашылығы  маңызды  орын  иелейді.  Сонымен  қатар  ОАР  халқы-
ның  ұлттық  құрамында  еуропалықтардың  да  салмағы  жоғары. 
Африкада  көлемді  мөлшерде  табиғи,  әлеуметтік,  экномикалық  ресурс 
мүмкіндіктері  бар.  Алайда  аймақ  мемлекеттерінің  әлеуметтік-экономика-
лық  даму  дәрежесінің  төмендігі,  халқының  ұлттық  және  діни  құрамын-
дағы  өзіндік  ерекшеліктер,  тұрғындардың  тұрмыстық  және  сауаттылық 
деңгейінің  нашар  көрсеткіштері,  саяси  тәуелсіздікке  қол  жеткізу  кезеңін-
де  этникалық  ерекшеліктер  ескерілместен,  ұлттық  шекараланудың  жүзеге 
асырылғаны  тәріздес  жағдайлар  көптеген  геосаяси  проблемалардың  туын-
дауына  себеп  болып  келеді.  Қолда  бар  табиғи  ресурстарды  ұқыпты  пайда-
лана  білмеу  экологиялық  ділгірліктердің  (мысалы,  шөлейттену  ділгірлігі) 
пайда  болуына  соқтырған. 
Субаймақтар,  Солтүстік  Африка  мемлекеттері,  Батыс  Африка  мемлекеттері,  Шығыс 
Африка мемлекеттері, Орталық Африка мемлекеттері, Оңтүстік Африка мемлекеттері, 
шөлейттену ділгірлігі, монодақылдар.
1.  Африкадағы мемлекеттер экономикалық прогрестен артта қалған мемлекеттер бо-
лып саналады. Бұған нелер себеп болған?
2.  Африка мемлекеттеріне тән демографиялық жағдайға баға бер.
3.  Дәптеріңе Африканың әрбір субаймағында орналасқан мемлекеттерге бесеуден мы-
сал жаз. 


115
§ 27. ОКЕАНИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
 
Океания  Тынық  мұхиттың  оңтүстік-батыс  және  орталық  бөліктеріне  ор-
наласқан  аралдар  тобынан  құралған,  оның  жалпы  алаңы  1,26  млн  шар-
шы  км-ді  құрайды.  Бұл  аймақта  11  млн-нан  астам  халық  жасайды.  Оның 
құрамында  40-қа  жуық  түрлі  мемлекеттер  мен  аумақтар  бар,  солардың 
13-і  –  тәуелсіз  мемлекеттер.  Океанияның  саяси  картасында  1  федеративтік 
мемлекет  (Микронезия  Федеративтік  штаттары),  1  монархиялық  мемлекет 
(Тонга)  және  түрлі  елдердің  бірқатар  отарлық  аумақтары  (мысалы,  Амери-
ка  Самоасы,  Гуам,  Кингмен  рифі  (АҚШ),  Питкерн  (Ұлыбритания),  Нор-
фолк,  Ашмор  және  Картье  аралдары  (Австралия),  Француз  Полинезиясы, 
Жаңа  Каледония  (Франция)  және  т.б.  бар.  Океания  мемлекеттері  құрамдық 
тұрғыдан  Меланезия,  Полинезия  және  Микронезия  аймақтарына  жіктеледі 
(20-сурет).
Жер  бедерінің  ерекшеліктеріне  орай,  Океания  континенттік,  маржан 
аралдарынан  және  жанартаулардан  келіп  шыққан  аралдардан  құралған. 
Жаңа  Зеландия,  Жаңа  Гвинея  (аралдың  шығыс  бөлігі  Океания  құрамына 
енеді),  Жаңа  Каледония  сынды  ірі  аралдардың    континенттік  ерекшеліктері 
бар.  Олар  Океания  аумағының  87%-ын  алып  жатыр.  Жер  бедері  таулы, 
20-сурет.  Океанияның  құрамдас  бөліктері


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау