Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53

93
Бұл  мемлекеттердің  34-і  Африкада,  9-ы  Азияда,  4-і  Океанияда  және  1-і 
(Гаити)  Латын  Америкасында  орналасқан.  Бұл  топтағы  мемлекеттерде  дү-
ние  жүзі  халқының    11%-дан  астамы  жасайды. 
Бүгінгі  таңда  азық-түлік  проблемасы  да  көптеген  даму  үстіндегі  мем-
лекеттер  үшін  аса  өзекті  мәселе  болып  саналады.  Бұл  ділгірліктің  мәні 
әлемде  жалпы  саны  1,2  миллиардқа  жуық  адам  азық-түлік  өнімдерін  жет-
кілікті  мөлшерде  тұтына  алмай  отырғанынан,  ол  немесе  бұл  дәрежеде 
ашаршылыққа  душар  болғанынан  көрінеді.  Тұрғындарының  саны  жоғары 
қарқынмен  көбейе  түскен  Африка  елдерінде  бұл  проблеманың  өзектілі-
гі  күн  тәртібінен  түспей  келеді.  Атап  айтқанда,  Сомали,  Оңтүстік  Судан, 
Чад  және  басқа  мемлекеттерде  ашаршылық  жалпыұлттық  гуманитарлық 
апат  дәрежесіне  жетті.  Сонымен  қатар  Оңтүстік  және  Оңтүстік-шығыс 
Азия  мен  Латын  Америкасының  кейбір  мемлекеттерінде  де  бірнеше  мил-
лион  адам  ашаршылық  жағдайында  өмір  сүріп  отыр.  Азық-түлік  пробле-
масының  шешілуіне,  негізінен,  ауыл  шаруашылығындағы  техника  мен 
технологияларды  түбірінен  жетілдіру,  бұл  саладағы  еңбек  өнімділігін  арт-
тыру  жолдарымен  қол  жеткізуге  болады. 
Энергетика  проблемасы  да  өзекті  жаһандық  проблемалардың  бірі 
болғандықтан,  оның  мәні  әлемдік  энергетика  балансының  негізгі  бөлігі 
таусылатын  энергия  көздеріне  тура  келуімен  сипатталады.  Яғни  минерал 
отын  ресурстары  (мұнай,  табиғи  газ,  көмір,  сланец,  торф)  қорларының 
азаюы  немесе  оларды  қазып  алудың  өзіндік  құнының  қымбаттауы,  халық 
пен  өндірістің  энергияға  сұраныстары  арасындағы  айырмаға  байланысты 
ділгірліктерді  туындатады.  Бұл  ділгірліктің  шешімі,  көптеген  мамандар-
дың  пікірлеріне  қарағанда,  негізінен  екі  бағыттағы  іс-әрекеттерге  байла-
нысты  болады:  энергия  үнемдейтін  технологиялардың  практикаға  кеңірек 
енгізілуі  және  күн  энергиясы,  жел,  қайту,  геотермалдық  энергия,  биоотын 
тәрізді  дәстүрлі  емес  (баламалы)  энергия  көздерін  пайдалануға  сатылы 
түрде  өту. 
Адамзаттың жаһандық проблемалары, бейбітшілікті сақтау және қарусыздану проб-
лемасы,  азық-түлік  проблемасы,  энергетика  проблемасы.
1.    Жаһандық  проблемалардың  өзіне  тән  ерекшеліктері  нелерден  тұрады?
2.    Жаһандық  проблемалар  қандай  топтарға  бөлінеді?
3.  Қосымша мәлімет көздеріне сүйеніп, дүние жүзінде және Өзбекстанда сан қилы 
баламалы энергия ресурстарын пайдалану бойынша жүзеге асырылып жатқан жұ-
мыстар  жөнінде  ақпарат  дайында.   


94
§  23.  ЕУРОПА  СУБАЙМАҚТАРЫ
Еуропа – Еуразия материгінің батыс 
бөлігін  алып  жатқан  құрлық.  Еуропа 
аумағының  көлемі  10  млн  шаршы  км-
ге  тең.  Соның  4,1  млн  шаршы  км-і 
Ресейдің  Еуропада  орналасқан  бөлігі-
не  тура  келеді.  Еуропаның  саяси  кар-
тасында  44  тәуелсіз  мемлекет  (Ресейді 
қосқанда)  орналасқан.  Бұдан  тыс  Түр-
кия  және  Қазақстан  мемлекеттері  де 
ішінара  Еуропаға  орын  тепкен,  бірақ 
олар  халықаралық  статистикада  Азия 
құрлығының  құрамына  енгізілген.  Қа-
лыпты  жағдайда  Еуропа  мемлекеттері 
4  ірі  субаймаққа  бөлінеді:  Cолтүстік, 
Батыс,  Оңтүстік  және  Шығыс  Еуропа 
(11-сурет).
Солтүстік  Еуропа  мемлекеттері.  Бұл  субаймақтың  құрамына  құр-
лықтың  Солтүстік  Мұзды  мұхитпен  және  Атлант  мұхитының  Солтүстік 
және  Балтық  теңіздерімен  тұтасып  жатқан  8  мемлекеті  енеді.  Бұл  мем-
лекеттер  2  тарихи-географиялық  топқа  бөлінеді:  Cкандинавия  елдері  – 
Норвегия,  Швеция,  Дания,  Финляндия  және  Исландия;  Балтық  елдері 
–  Эстония,  Латвия  және  Литва.  Аталмыш  екі  топтың  мемлекеттері  ор-
тасында  тарихи  қалыптасқан  берік  саяси,  экономикалық  және  мәдени 
байланыстар  бар.  Дания,  Швеция  және  Норвегия  –  конституциялық  мо-
нархия,  ал  қалған  мемлекеттер  парламенттік  республикалар  болып  сана-
лады.
Табиғи  жағдайдың  жалпылама  жақтары  негізінен  климаттың  қоңыр-
жай  және  теңіздік  ерекшелікке  ие  екендігімен  өз  көрінісін  тапқан.  Тек 
Исландия  мен  Норвегияға,  сондай-ақ  Швеция  мен  Финляндияның  сол-
түстік  аумақтарына  субарктикалық  және  арктикалық  климат  типтері  тән. 
Норвегия  мен  Исландияның  жер  бедері  таулы  болса,  өзге  мемлекет-
тердің  аумақтары  негізінен  жазықтықтар  мен  ойпаттардан  тұрады.  Су-
VІІ  ТАРАУ.  ЕУРОПА  ЖӘНЕ
АМЕРИКА  СУБАЙМАҚТАРЫ
11-сурет.  Еуропа  су-
баймақтары  (Еуропа  Одағы                                         
ұйымының  сипаттамасы  бойынша)


95
баймақтың  мемлекеттерінен  тек  Ис-
ландия  ғана  тектоникалық  тұрғыдан 
белсенді  аймаққа  орын  тепкен,  оның 
жанартаулары  мен  гейзерлері  бүкіл 
әлемге  әйгілі.  Исландия  –  геотермал-
дық  ресурстарды  барынша  кең  әрі 
ұтымды  пайдаланатын  мемлекеттердің 
бірі.  Норвегия  мен  Дания  табиғи  газ 
бен  мұнайды  Солтүстік  теңіздің  түбі-
нен  қазып  алады.  Бұл  салада  Еуропа-
дағы  ең  ірі  газ  экспорттаушылардың 
бірі  болып  табылатын  Норвегияның  қабілеттілік  деңгейі  айтарлықтай 
жоғары.  Эстония  –  энергетикасы  жанғыш  сланецке  негізделген  әлем-
дегі  бірден-бір  мемлекет,  бұл  елде  электр  энергиясының  90  пайыздан 
астамын  отынның  осы  түрін  пайдаланатын  ЖЭС-лары  өндіреді.  Субай-
мақтың  көптеген  елдерінде  гидроэнергетика    саласы  жақсы  дамыған, 
бұл  салада  Норвегия,  Исландия  сынды  таулы  мемлекеттер  көш  бастап 
келеді.  Швецияда  жоғары  сапалы  темір  рудалары,  ал  Эстонияда  фосфо-
рит  қорлары  үлкен.  Сондай-ақ  субаймақтың  мемлекеттері  орман  ресурс-
тарына  да  бай.
Солтүстік  Еуропа  елдеріндегі  демографиялық  жағдайдың  жалпы 
жағдайы  туылу  мен  өлімнің  төмен  көрсеткіштерімен  сипатталады.  Алай-
да  Скандинавия  мен  Балтық  мемлекеттеріндегі  демографиялық  жағдай 
бірдей  емес.  Литвада,  Латвия  мен  Эстонияда  ұзақ  уақыт  бойы  Сканди-
навия  елдерінде  байқалмаған  халық  санының  табиғи  азаюы  және  миг-
рацияның  кері  балансы  байқалып  отыр,  анығырақ  айтқанда,  осынау  үш 
мемлекеттің  халқы  уақыт  өткен  сайын  азайып  барады.  Солтүстік  Еу-
ропа,  әсіресе  Скандинавия  мемлекеттеріне  тұрғындар  тығыздығының 
едәуір  төмен  көрсеткіштері  тән.  Урбанизация  деңгейі  барлық  мемлекет-
терде  70  пайыздан  жоғары.  Бұл  көрсеткіш  Исландия,  Норвегия,  Дания 
және  Швеция  елдерінде  90  пайыздан  да  асты.  Солтүстік  Еуропадағы  ең 
ірі  агломерациялар  астаналық  қалалар  негізінде  пайда  болған  (12-сурет).
Скандинавия  мемлекеттері  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  тұрғы-
сынан  әлемдегі  ең  дамыған  елдер  қатарынан  орын  алған.  Олар  тұрмыс-
тық  деңгей  көрсеткіштері  бойынша  көптеген  халықаралық  рейтингтерде 
ең  жоғары  қатарларды  иелеп  келеді.  Ал  Балтық  мемлекеттері  бұрынғы 
социалистік  жүйедегі  елдер  ретінде  өтпелі  экономика  мемлекеттері  қа-
тарына  қосылады.  Бірақ  бұл  блоктағы  мемлекеттер  арасында  Литва  мен 
Латвия,  әсіресе  Эстония  әлеуметтік-экономикалық  даму  көрсеткіштері 
12-сурет.  Стокгольм  –  Швецияның 
астанасы.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау