Бұған дейін айталғандай, қабылданған техникалық тапсырмаға сәйкес, кез-келген автоматты немесе автоматты желіні жобалауды кейіннен машина қағида сұлбасы таңдалатын технологиялық ӛңдеу үрдісін жасау, бақылау және жинаудан бастайды.
Кез-келген технологиялық үрдіс берілген конфигурацияда және дәлдікте, қажетті кӛлемде шикізат немесе дайындамалардан дайын ӛнім алуды білдіреді.
Технологиялық үрдістің бастапқы жасалу сатысы бұйым
ӛнімділігі және ӛңделуінің берілген дәлдікке сәйкес технологиялық әдіс пен бағыттың таңдалуы. Бұйымды ӛңдеу дәлдігі станоктар жүйесі элементтерінің жағдайларының бір жағдайдан екіншісіне, әсірессе бастапқы жұмыс жағдайынан басқасына ӛтуі барысындағы станок—қосалқы бӛлік — құрал—бұйым (СҚҚБ) тұрақсыздығымен байланысты факторлардың кӛптеген сандарына байланысты болады.
Бұл факторлар қатарына жататындары:
базалық беттер, байланыстық деформацияланулар, дайындау дәлдігі және тозу деңгейі ӛлшемдерінің ауытқуын ескерумен қосалқы бӛліктердегі бұйымдарды орнатудың қателігі;
ӛзгермелі қаттылық жағдайында ӛзгермелі жүктеме әрекетімен СҚҚБ жүйесінің тығыз деформациялануы;
берілген ӛңдеу ӛлшеміне машинаның қате бапталуы;
құрал тозуы.
Аталған факторларды ескере отырып, технологиялық үрдістерді жасау барысында күтілетін ӛңдеу дәлдігін бағалау әдітері «Машина жасау технологиясы» курсында жан-жақты қарастырылған. Талдаулық есептеулердің күрделігі және дұрыстығы және типтік технологиялық әдістердің және үрдістердің үлкен қолданылу тәжірибесінің болуы талап етілетін ӛңдеу дәлдігіне байланысты ӛңдеу үрдістері және бағыттарын қолдану бойынша типтік ұсынымдар пайда болуын туындатты.
Сыртқы цилиндрлік беттерді түрлі әдістермен ӛңдеу барысында
кестеде келтірілген бет ӛлшемдері мен сапа дәлдігінің кӛрсеткіштеріне қол жеткізеді.
Осылайша, әрбір ӛңдеу әдісіне белгілі бір дәлдік тобының диапазоны және беттің кедір-бұдырлығы, сонымен қатар, бұйымның геометриялық дәлдік деңгейі (дӛңгелек еместігі, бұйымның цилиндрлік болмауы және т.б.) сәйкес келеді.
Заманауи талаптар барысында бұйымдарға берілген дәлдіктерге әдетте сәл жоңға жонудың операцияларымен байланысты жұмыстың бастапқысынан жеткізуші соңғысына дейін тек кӛпӛтпелі ӛңдеу арқылы қол жеткізеді. Мысалы, жазық материалдағы (болат бұйымдар) дәлдіктің екінші тобы бойынша ойықты ӛңдеу үшін бес реттілікті ӛңдеу операцияларын орындау талап етіледі: 1 — алғашқы бұрғылау, 2 — екінші ретті бұрғылау, 3 — сүргілеу, 4 — бастапқы жону, 5 — тазалап жону (сурет 10.9), бұлардың барлығы реттілікпен әрекет ететін бес құрал арқылы жүзеге асырылады. Автоматтар және автоматты желілерді технологиялық үрдістердің дифференциалдану және концентрациялану қағидалары кеңінен қолданылатындықтан реттілікпен әрекет ететін құралдар саны аталған бетті ӛңдеуге арналған жұмысшы жағдайларының санын да анықтайды.
10.1 Кесте
Достарыңызбен бөлісу: |