Басқару жҥйесінің қызметі
Заманауи станоктарда қолданылатын басқару жүйесі ӛзінің қолдану мақсатына қарай, және құрастырылуының рәсімделуіне қарай әртүрлі болып келеді. Алайда автоматта, автоматтық желіде екі негізгі бӛлікті бӛліп қарастыруға болады: басқаратын құрылғы және басқарылатын түйіндер — берілген технологиялық үрдісті орындаушы агрегаттар немесе жұмысшы органдар.
Технологиялық үрдіс оның дұрыс жүруі үшін тұрақты сақталатын немесе заңдылықтарға сәйкес ӛзгеретін бір немесе бірнеше параметрлерден тұрады (беру, жылдамдық, күш түсіру және т.б.). басқарушы құрылғы басқарылатын жұмыс органына сәйкес басқару бағдарламасы арқылы әсер етеді.
Станоктың жұмыс бағдарламасы — станок орындауы тиіс бұйрықтардың жиынтығы. Уақытқа сай дәл және келісілген бағдарлама бойынша берілген механизмдер және құрылғылардың, жұмысшы органдар мен станок агрегаттарының, автоматтар мен автоматтар желісінің әсер етуін қамтамасыз етуі басқару жүйесін құрайды.
Станоктың басқару жүйесінің негізгі мақсаттылығы ең жоғары ӛнімділікпен белгілі бір дәлдікте орындалатын технологиялық үрдістердің талап етілетін параметрлерін қолдау мақсатында берілген бұйрықтарды орындауы болып табылады.
Бағдарламалық басқару жүйесінің танокке берілетін бұйрықтары үш санатқа бӛлінеді.
Ӛңдеу барысында берілген арақашықтыққа станоктың
жұмысшы органының орнын ауыстыруды қамтамасыз ететін технологиялық бұйрықтар.
Жылдамдық және берілістің ауыстырылуы, құрал таңдау, суытуды ӛшіру, реверс бұйрықтары.
Станокпен оған берілген барлық бұйрықтардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін қызметтік немесе логикалық ақпараттың орындалуына берілетін бұйрықтар (мекенжайлардың белгіленуі, бұйрықтардың бӛлінуі белгілері, бақылаушы сандар). Бұл бұйрықтар қабылданған бұйрықтарды кодтау жүйесіне байланысты.
Сандық ақпаратты басқару жүйесіне енгізетін оқу жүйелерін таңдаумен тығыз байланысты орын ауыстыруларды кодтау. Сондықтан да кодтау барысында кез-келген басқару жүйесінде қолдануға болатын кодтар қолданған дұрыс.
Код деп станокты басқаруға қажетті қандай да бір бұйрықтың эквивалентіне сай келетін әріптік және сандық белгілер жиынтығын айтады.
Автоматтық жүйеде жұмыс істейтін станок адам қатынассыз белгілі бір бағдарламаны орындауды мәжбүрлейтін басқару жүйесінен тұрады.
Автоматтандырылмаған станокта оператор ӛңдеу реттілігін құрып және бұйым дайындайды. Ӛңдеу бағдарламасы оған технологиялық үрдіс ретінде беріледі. Егер барлық басқару қызметін оператордан алып оны станокқа беретін болсақ, онда станок барлық жұмысты бағдарламаға сай орындауы тиіс. Оған қоса, станок бағдарламамен берілген қызметтерді орындау үшін станокты дайындайды.
Қолмен басқару жағдайында станокпен бағдарламада жіберілген қатені ӛңдеу барысында жӛндеуге болады. Автоматтық ӛңдеуде бағдарламаны қарапайым құралдармен түзету, ережеге сай, қиынға соғады. Мұнда құралдың тозуын, температураның ӛзгеруі, әдіптің ӛзгеруін, үйкеліс күшінің тұрақсыздығын, қаттылық, механизмдердің инерциялығын, жылдам әрекет ету және басқа да факторлар қатарын алдын-ала болжау қажет.
Қарапайым жону станогында жұмыс барысында кескішті ӛңделуші бұйымға жылдам апарып және жонуды бастайды. Автоматты жұмыс станогында құрал 1 баяу жылдамдықта дайындалатын бұйымға 2 енгізу қажет және бұл үшін жақындату шамасының А қарастырылуы қажет (сурет 10.12); олай болмаған жағдайда ол инерция бойынша шығып кетіп және үлкен жылдамдықта дайындалушы бұйымға келіп соғылуы мүмкін, нәтижеде сыну орын алуы мүмкін. кесуден шығатын кезде құрал сондай-ақ автоматты түрде 3 жағдайға келтірілуі тиіс.
б
Сурет 10.12. Автомата жұмыс істеу барысындағы құралдың қозғалу сұлбасы: а — жону барысында; б — фрезерлеу барысында; 1 — құралдар; 2 — дайындалатын бұйымдар; 3 —құралдың орналасу жағдайы
Автоматтың қарапайым әмбебап станоктан айырмашылығы оның белгілі бір жұмыс айналымын бағдарламаға сай орындайтындығында.
Басқару жүйесін таңдау кӛбінесе технологиялық үрдістің мамандануына, пайдаланылуға берілетін нақты ӛндірістік жағдайына және экономика талаптарына байланысты.
Одан басқа, басқару жүйесі ӛз ерекшеліктерін станоктар кинематикасы және құрастырылымына, желі агрегаттылығына басымдылық береді, себебі станоктың, тасымалдаушы және кӛмекші құрылғылардың кинематикасы және құрастырылымы басқару жүйесінің ажырамас бӛлігі болып табылады. Алайда кез-келген басқару жүйесі оның мақсаттылығына қарай технологиялық үрдіс сипаттамасына байланыссыз келесі негізгі талаптар қатарына жауап беруі тиіс: жоғары деңгейлі жылдамдық және дәлдікпен бұйрықтардың орындалуы; ӛндіріс нысанын ауыстырудағы мобильділік; түрлі айналымдарға қосарлы ауысу; жұмыстың жоғары сенімділігі; ӛңдеу үрдісін автоматтық реттеу және ӛңдеу барысында тиімді параметрлерді ұстану; құрастырылым қарапайымдылығы, тӛмен құндылығы және қызмет кӛрсетуге ыңғайлығы; ӛңдеудің кӛп түзетілімдігі және кӛп құрал қолданатындылығы; жұмыс бағдарламасының даярлануының қысқа мерзімі; технологиялық бұйрықтардың кӛп кӛлемі (берілістің ауысуы, айналдырықтың айналымының санының ӛзгеруі, кескіш бастиектің бұрылуы, суытуды қосу және ажыратуы, құрал ауыстырылуы); бағдарлама тасушыны ауыстырмастан ӛңдеудің жалғасымды айналымын басқару.
Станок автоматтар және автоматты желілерді басқару жүйелерін түрлі белгілері бойынша топтастыруға болады: қосарлану қағидасы бойынша, басқарудың орталықтану деңгейі, әсер ету әдісі, бағдарлама тасығыш түрі, басқарылатын координат саны, бағдарламалау тәсілі, кері байланыстың болуы, технологиялық қолданылуы, ақпарат ағынының саны, ақпарат түрлері, кері байланыс тереңділігі, жетек түрі және де басқа белгілер.
К е с т е 10.2
Достарыңызбен бөлісу: |