Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет78/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Автоматтық желілер


Автоматтандырудың екінші сатысы – машиналар жүйесін автоматтандыру. Автоматтық желілерді жасау станок аралық тасымалдау, бейіндеуді ӛзгерту, дайындамалардың жиналуы, сонымен қатар, машина кешендерін басқару жүйесін құру сияқты құрастырмалы тапсырмаларды шешуді қамтиды.
Қазіргі таңда агрегаттық станоктардан құралған желілер ӛңдеу барысында қозғалмайтын, ең бастысы, жабынды бұйымдар (цилиндр бӛліктері және цилиндр бӛліктерінің бастиектері, электр қозғалтқыштарының жабыны, редукторлар және беріліс механизмдері, берілісті ӛзгерту картерінің қорапшасы), сонымен қатар, бұлғақтар, бүгілмелі біліктер, гидро және пневматикалық аппараттар бұйымдарына арналған түрлі машина жасау салаларында кеңінен қолданылуда.
Агрегаттық станоктан құрылған автоматты желінің типтік жоспарлануының сұлбасы 10.8.-суретте келтірілген. Желі ӛтпелі жұмыс істейтін бір жағдайлы екі жақты агрегаттық станоктан құрамдалған, және араларында операция аралық жинақтағыш орнатылған екі тәуелсіз бӛліктерге бӛлінген. Желіде 11 жұмыс істеу жағдайы бар, оларда бір уақытта екі жақты ӛңделетін бұйым тұрақты қосалқы бӛліктерде қысылып және тіркеледі. Бӛлек технологиялық 1,2,3 аумақтар арасында тік 5 және жазық 11 беткейлерге бейіндейтін ӛзгерту механизмдері орналастырылады. Бірінші жағдайға бұйымды бекітіп және соңғысында ағытып алу қолмен немесе кӛтеруші тасымалдау құралдары кӛмегімен жүзеге асырылады. Агрегаттық станоктан құрылған автоматты желілер, ережеге сай, қатты агрегаттық байланысты желілерге жатады, оларда тасымалдау жүйесінің станоктары және элементтері біртұтас қатаң ырғақты жүйеде жұмыс істеуі тиіс, ал кез-келген элементтің



1 аумақ
Секция I

2 аумақ






Сурет 10.8. Агрегаттық станоктан құрылған автоматты желі:
I — дайындамаларды тиеу жағдайы; 2-4, 6-8, 12-16 — жұмыс жағдайлары; 5 және ΊΊ— бұрылмалы үстелдер; 9 — кӛлбеу тасымалдаушы; 10 — операция аралық жинақтаушы; 17 — дайын бұйымды ағытып алу жағдайы
(құрал, механизм, құрылғы) істен шығуы барлық желіні тоқтатуға әкеледі. Операция аралық жинақтауыштармен бӛлек бӛліктерге бӛлінген желілерді қатты байланыс бір бӛлік шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен, 10.8-суретке сәйкес, 1 және 2 (2-4 және 6-8) технологиялық аумақтың барлық станоктары, олардың қадамдық тасымалдаушылары, бұрылмалы үстел 5 бір ырғақта жұмыс істеулері тиіс. Жұмыс айналымы барлық бұйымдарды келесі жұмыс айналымына қарай қозғалта жылжытатын қадамдық тасымалдаушы аумақтың ілгері жылжуымен басталады. Жүріс аяқталғаннан кейін бұйымды қосалқы бӛліктерде іліп алып және ысуға бұйрық беріледі, одан кейін барлық күштік бастиектер қосылуына жалпы бұйрық беріледі. Әрбір бастиек сипатына, түріне және ӛңдеу режиімне сәйкес жылдам ыңғайластыру, баяу жұмыстық беріліс, жылдам кері алу және тоқтатуды орындайды. Күштік бастиектердің кері қайтқандығы туралы соңғы дыбыстық белгі берілгеннен кейін, бұйымды ағытып және ілгіштен алады, одан кейін тасымалдаушының ілгеріге жаңа жүрісі жасалып — жаңа жұмыс айналымы басталады.

Тасымалдаушылардың бастапқы жағдайға қайта келуі бұйымның қосалқы бӛліктерде бекітілуі және ӛңделуімен біріктіріледі. Сол уақытта тасымалдаушының ілгері жылжуы барысында технологиялық аумақтың соңғы жағдайында бұйым берілуімен үстелдің 5 бұрылуы да жүзеге асырылады. Тасымалдаушының келесі жүрісіне дейінгі уақыт аралығында үстел ілгері бұрылып, бұйым келесі аумақ тасымалдаушысымен ағытылып алынады, одан кейін үстел бастапқы қалпына қайта келеді. Бұрылмалы үстелдермен немесе кӛмкергіштермен бӛлінген бірігуші жұмыс айналымдары ауыспалы тоқ сымында біріктіріледі.
Операция аралық жинақтаушылар 10 істен шығуларды болдырмауға мүмкіндік береді (қандай да бір элементтің істен шығуынан барлық желі тоқтатылмайды, тек бір бӛлік қана жұмысын тоқтатады) және сонысымен желі жұмысының ӛнімділігі және сенімділігі артады. Барлық бұйымдар ӛтетін жинақтаушы ӛтпелі типтегі болса, онда бірігуші бӛліктердің жұмыс айналымдары тәуелсіз болады. Бітеулі жинақтаушалар болған жағдайда, қабылдау мен беру бӛліктерінің бірі тоқтатылған кезде (10.8-сурет), бӛліктердің жұмыс айналымы ӛзара байланысты.
Агрегаттық станоктардан құралған автоматты желілер басқа да агрегаттық станоктар сияқты негізінен сәйкестендірілген түйіндерден құрамдалады: күштік үстелдер және бастиектер, сызықтық қадамдық және кӛлденең тасымалдаушылар, бұрылмалы үстелдер, кӛмкергіштер, жинақтаушылар, гидро жаяу жолдар, электр шкафтар және т.б. Бӛлек станоктардағы сияқты түпнұсқалы түйіндер болып станоктардың айналдырық қораптары, бұйымды бекітудің қосалқы бӛліктері және басқа да элементтер табылады.
Желіде ӛңделуге жататын бұйымдар базалық бетке орнату және операция аралық тасымалдау барысында мықты тұрақтылыққа ие болмаса, онда олардың ӛңделуі жағдайдан жағдайға ауысатын, тұрақты қосалқы бӛліктерде қысылып және ілінетін ерекше қосалқы бӛлік - серіктерде жүргізіледі. Серікті желілердің құрастырылым ерекшеліктері болып ӛңделетін бұйымдар ауыстырылатын орында желі басталу орнына серіктердің арнайы тасыамлдаушыларының қайта оралуы табылады.



    1. жүктеу 6,23 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау