Сабақтың бағдарлама : Комплектік жұмыстар. «Бұранда беттерді өңдеу» Сабақтың тақырыбы: «Бұранданы бұрандаойғышпен және бұрандакескішпен жону»



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/2
Дата03.03.2018
өлшемі0,87 Mb.
#11045
түріСабақ
  1   2

Открытый урок - Өңдірістік оқыту шебері: Иманкулова Жамила Байтурсыновна



Өндірістік оқыту сабағының жоспары

«Токарлық ісі және металлөндеу» мамандығы
Сабақтың бағдарлама: Комплектік жұмыстар. «Бұранда беттерді өңдеу»

Сабақтың тақырыбы:

«Бұранданы бұрандаойғышпен және бұрандакескішпен жону»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

- бұрандаойғышпен және бұрандакескішпен бұранданы жону әдіс - тәсілдеріне үйрету;

- теориялық білімдерін және тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету;

- бұрандалардың тұрлері және оны жону боййынша білімдерін бекіту;
Дамытушылық:

- оқушылардың бойларында техникалық ой- өрісін кеңейту және танымдық, есте сақтау қабілетттерін, жұмыс бырысында бір – бірін бақылауын дамыту

Тәрбиелік:

- оқушыларды пайдаланылған құрал – жабдықтарына ұқыптылықпен қарауға;

- білімдерін кеңейту арқылы өзінің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Сабақтың формасы: топпен жұмыс, қос
Сабақтың типі жаңа материалды оқу және бекіту
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Оқу - өндірістік жұмыстар:

1) Винт М8, Н=40, Lp . (сыртқы бұранданы кесу бұрандакескішпен) кесу.

2) Плашкаұстағышқа тұтқа М6, Н=22 бұранданы кесу.

3) Маевский кранына қанқа ішкі бұранданы кесу М8, Н -30.

4) Маевский кранына қанқа сыртқы бұранданы кесу плашкамен ½ және ¾ .

5) Ішкі бұранданы кесу 1 ¼ тр.

6) Тезшешілетін патрон көмегімен бұрғылайтын станокта М27 Ішкі бұранданы кесу .

7) Воротокты фрезрлеу

8) Болты ы фрезрлеу М16

9) Воротокты бұрғылау.



Әдіс – тәсілдер

түсіндіру, көрнекілікті, топпен жұмыс, жартылай ізденіс.


Пәнаралық байланыс:

арнайы технология, техникалық сызу, математика, материалтану, енбекті қорғау.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Д.Н. Сарсенбаева, «Токарлық іс»

3. О.Сыздыков «Токарь ісінің негіздері»
Оқу-материалдарымен қамтамасыздандыру:

1. бөлшектер үлгілері,

2. өлшеуіш құрал-саймандар,

3. дайындамалар

4. таңбалаушылар,

5. бұрандакескіш және бұрандаойғыш.

6. карточка – тапсырмалар,

7. слайдтар ,

8. проектор,

9. компютер,


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру – мотивациялық кезені

1.1. Топты тұрғызу, топ әкімі сабаққа оқушылардың қатысуы туралы рапорт тапсырады.

а) Көңіл – күйлерін қалай?

б) Балалар бүгін сендердің білім, біліктіліктерінді көру үшін сабағымызға қонақтар қатысып отыр , сондықтан бүгінгі сабақта білімдерінді көрсетуге дайынсындар ма?

Онда бүгінгі өндірістік оқыту сабағында токарлық іс бойынша өздерінің білім, біліктіліктерінді көрсетуге бар күш-жігерлерінді саласындар деп ойлаймын. 2 минут


ІІ. Кіріспе инструктаж нұсқау

2.1. Өткен сабақты қайталау

Балалар сендер баяғыдай екі бригадаға бөлініп отырсындар. Ал, енді өздерін түсінгендей бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Әр топтың мүшелерінің сабаққа қатысу белсенділіктерін, белсендік таблосына белгілеп отырамыз, содан қай бригада белсенділік таныса, сол бригада жініңпаз атанып, үздік баға алады. Ең алдымен өткен тақырыптарды қайталау мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап беріндер.

а) Бұранданың негізгі элементтерін атандар?

б) Бұрандалар қалай жіктеледі ?

в) Бұрандалы бет қалай пайда болады?

г) Пішін қалпына байланысты бұрандалар бөлінеді.

Жақсы, сонымен сендер өткен тақырыптар бойынша білімдерінді көрсеттіндер. Балалар сендер өткен сабақта не істедіңдер? Дұрыс сыртқы және ішкі бұрандалырдың элементтері және түрлерін біліп және оларды токарлық станокта өндедіңдер.

2.2 Жаңа тақырыпты ашу және мақсатын анықтау.

Енді бүгінгі сабақтың тақырыбына көшейік (Шебер қолына болт пен гайка). Балалар мына менім қолымдағы бөлшектерге назар аударындар, бұл бөлшектерде қандай токарлық өндеу жұмытары орындалған айтындаршы? (цилиндрлік бет және бұранда, ішкі және сыртқы бұрандалар ). Дұрыс. Ал енді кім айтады осындай ішкі және сыртқы бұрандаларды алу үшін токарлық станокта қандай құрылғылар менкескіштерді қолданамыз? Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсындар? Жақсы, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұранданы бұрандаойғышпен және бұрандакескішпен жону»

Ал, енді бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоямыз? (Сабақтың мақсатына шығу)

ІІІ. Мазмұнды – танымдық кезені:

3.1 Оқушыларға сабақтың материалы жөнінде түсініктеме жасау.

Сонымен балалар жаңа материалды оқуға кірісеміз. Бұған сендер маған көмектесіндер деп ойлаймын.

Бұранда сыртқы және ішкі деп екі түрге бөлінеді. Бұранда кескіштерді қадамы 2 мм-ге дейінгі үшбұрышты пішінді бекіткіш бұрандалардың сыртқы беттерінде жону үшін қолданады. Кейде алдын ала қиылған, ірі қадамды бұранданы мөлшерлеу үшін де бұрандакескішті пайдаланады. Бұрандакескіш диаметрі жұмыс пішінінің қадамы мен бұрышы ойылатын бұранда секілді бұрама, аспаптық болаттан жасалады және бойлық жоңқа бунағы болады. Жону жұмысы заборлы, яғни бұрандакескіштін конустық бөлігімен орындалады, тарақтардың кескіш тестерінің биіктігі ақырындап көтеріледі.

1слайд.


Қазнақ салу үшін бұрандаойғышты бұрандасалғышқа бекітіп жұмысқа кірісуге болады.бұрандакескіштің екі жағын да қолданады: бір жағындағы заборлы конус тозған соң, бұрандакескішті бұрандакескіш ұстағышында айналдырады да, жұмысты екінші жағымен жүргізіледі.



2,3 слайд.

Бұрандакескішті шетжағында бұранда өлшемі мен бұрандакескіш материалы таңбаланады. Қазнақты жонуда бұрандакескіш ұстағышын айналтұтқада немесе артқы тұғыр сүйеутөлкесіне, өздігінен орнатылатын қолмен бекітіледі. Бұранданы қию алдында дайындама соныңда бұрандакескіш кірмесін жеңілдету үшін қйықжиекті жону қажет. Бұрандакескіш пен қазнақты алу барысында болат және шойын металын қолданғанда кесу жылдамдығы 24м/мин және түстіметаладарды қолданған да кесу жылдамдығы 10м/мин белгіленеді. Міндетті түрде суытатын сұйықтық қолданады.


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау