1.3. Ӛндіріс типтері және тҥрлері
Бұйым жасап шығару бағдарламасының түрлілігі ӛндірісті шартты түрде үш типке бӛлінуіне әкеп соқтырды: біртекті, топтамалы және жаппай.
Біртекті ӛндіріс — біртекті қайталанбайтын ӛнім данасын немесе аз кӛлемдегі ӛнім жасап шығару, бұл аталған ӛндіріс үрдісінде қайталанбайтын технологиялық айналымға балама болып табылады. Біртекті ӛндіріс ӛнімі — бұл кеңінен қолданыс таппайтын бұйымдар (кӛліктің сынамалы үлгісі, ауыр сығымдар және тағы сол сияқтылар).
Топтамалы ӛндіріс — созылмалы күнтізбелік уақыт аралығында бірдей ӛнімнің біршама кӛлемінің кезеңімен технологиялық тұрғыда үзіліссіз жасалып шығарылуы. Бұйымдардың ӛндірісі топтамалар түрінде жүзеге асырылады. Шығарылатын ӛнім кӛлеміне байланысты ӛндірістің бұл типі кіші, орта және ірі топтамалық деп бӛлінеді. Топтамалық ӛндіріс ӛнімдеріне кезеңімен қайталанып шығарылатын темір кесетін станоктар, сорғыштар, редукторлар мысал бола алады.
Жаппай ӛндіріс — жұмыс орындарының басым бӛлігінде бірдей
үрдіс орын алған кезде ұзақ уақыт ішінде ӛзгеріссіз сызба бойынша кӛптеген кӛлемде аз ӛнім түрінің технологиялық және ұйымдық үзіліссіз ӛндірісі. Жаппай ӛндіріс ӛнімдері болып кӛліктер, тракторлар, электр қозғалтқыштар және сол сияқтылар саналады.
Ӛндірістің қандай да бір типке жатқызылуы тек ӛнім кӛлеміне ған байланысты емес, сонымен қатар, ӛнімнің ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы, жылына қол сағаттардың сынамалы түрінің мыңдаған данасын жасап шығару біртекті ӛндірісті білдіреді.
Ӛндірісті үш типке бӛлудің шарттары бір зауытта, бір цехта бір бұйым бір данада шығарылса, басқалары – кезеңімен қайталанып топтама түрінде, үшіншілері – үзіліссіз шығарылады.
Ӛндіріс типін анықтау үшін үрдісті бекіту коэффициентін қолдануға болады.
kз.о _ поп /М,
Мұндағы, поп — бір ай ішінде цехта немесе аумақта орындалатын немесе орындалуы тиіс түрлі технологиялық үрдістер саны; М — цехта немесе аумаққа сәйкес жұмысшы орындары саны.
МЕСТ ӛндіріс типтеріне байланысты үрдістерді бекіту коэффициенттерінің келесідей мәндерін ұсынады: бірегей ӛндіріс үшін — 40 жоғары; майда топтамалық ӛндіріс үшін — 20 дан 40 дейінгі; топтамалық ӛндіріс үшін — 10 нан 20 дейінгі; ірі оптамалы ӛндіріс үшін — 1 ден жоғары 10 қоса алғанда; жаппай ӛндіріс үшін
— 1.
Мысалы, ӛндіріс орындарында темір кесетін құрылғының 20 бірлігі болатын болса, ал аталған орындағы орындалуы тиіс түрлі технологиялық үрдістің саны 60 тең болса, онда бекіту коэффициенті:
kз.о = 60:20 = 3,
бұл ірі топтамалы ӛндіріс типі екендігін білдіреді.
Осылайша, ұйымдастырылу тұрғысынан ӛндіріс типтері бір жұмыс орнында орындалатын үрдістер санымен сипатталады, ал бұл ӛз кезегінде, қолданылатын құрылғынынң ерекшеліктері мен мамандану деңгейін анықтайды
Осыған байланысты ӛндіріс типтерін ӛнім кӛлемі және ӛндірілетін ӛнім кӛлемінің салмағын 1.1. кестеде келтірілген деректерге байланысты анықтауға болады.
Қолдану саласына қарай ӛндіріс екі түрге бӛлінеді: ағынды және ағынсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |