Бақылау сҧрақтары
Станоктың автоматты нәрлендірілуі үшін дайындалатын бұйымдар қалай топтастырылады?
Станоктың автоматты нәрлендірілуі науалы, таспалы және арқаулы материалдармен қалай қамтамасыз етіледі?
Қандай жағдайда магазинды нәрлендіруші қондырғылар қолданылады?
Бункерлы тиеуші қондырғының магазинды қондырғыдан айырмашылығы қандай?
Ілмекті БТҚ қалай жұмыс атқарады және қандай бұйымдар үшін қолданылады?
Арқаулы БТҚ қалай жұмыс атқарады және олар қалай қондырылған?
БТҚ ӛнімділігі неге тәуелді?
Дірілдеткішті бункер қалай құрылған және оның артықшылықтары неде?
Дірілдеткіш бункердегі бұйымдардың бағдарлануы қалай жүзеге асырылады?
Дірілдеткіш бункердегі бұйымдардың қозғалу жылдамдығын қалай реттеуге болады?
тарау
ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ
ДАЙЫНДАЛАТЫН БҤЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚҦРАЛДАРДЫҢ БЕКІТІЛУІ
Білдектерде дайындамалардың орнатуы мен бекітуі, білдектерден дайын бӛлшектердің босатуы және шешіп алуы елеулі қосымша уақыт алады. Осы уақытты ӛндірістің нақты жағдайлары үшін рационалды жылдам әсер етуші жетектері бар құрылғыларды пайдалану арқылы азайтуға болады. Тез істейтін құрылғылардың автоматтандыруы тек қана бӛлшекті бекіту және алу үшін пайдаланатын кӛмекші уақытты азайтпай, оны қол емес, машиналық етіп аударуға мүмкіндік береді. Білдектің жұмыс аймағына берілетін дайындаманы айлабұйымда орналастырып, сенімді бекітеді.
Әмбебап құрал-жабдықтарда дайындаманы орнатқан кезде жоғары білікті жұмыскер дайындаманың және құралдың білдекке қарай дұрыс орналастыруын (мәселен, айналдырғы осінің дайындама ӛсімен сәйкестендіру үшін) тексеруге кӛп уақыт жұмсайды. Осы уақытты азайту үшін бұйымды орнату қателігі ең тӛмен болғандай орнатылатын қайтаорнатылатын арнайы, әмбебап- баптау, жиналмалы және әмбебап-құрастырмалы құрылғыларды қолданады. Бұған ӛлшеу және технологиялық базаларды қийыстыру, анықтамалық элементтерге қарсы орналасқан тетіктегі қысу элементтерін қолдану немесе есептік мәндерді қысқыштың бірқалыпты-таралған күшті (мысалы, цанг патрондарында) қолдану арқылы қол жеткізеді. Жұмыскердің қатысун жою үшін автоматты түрде басқарылатын тетіктердегі қысу элементтерінің пневматикалық, гидравликалық, электрлік, магниттік, вакуумды жетектерін қолдануға ұсыныс жасалынады.
Білдектерде, автоматтарда және автоматты желілерде белгілі бір білдектер арқылы бӛлшектерді ӛңдеу үшін ыңғайлы және экономикалық тұрғыдан неғұрлым мақсатты тетіктерді қолданады, яғни ӛңдеудің ең арзан құны және қондырғының берілген дәлдігі жағдайында берілген ӛнімділікті қамтамасыз ету.
Кейбір кезде кӛп позициялы білдектерде, автоматтар мен автомат желілерінде бӛлшектердің орнатуы, бекітуі, босатуы және алуына қажет уақытты басқа жайғасымдағы бӛлшектерді ӛңдеуге берілген уақытпен қиыстырады.
Тетікті орнатқан кезде ӛңделетін дайындаманы белгілі бір орында және кесетін құралға қарай белгілі бір қашықтықта орналастырады.
Кейінгі дайындамаларды орнатқан кезде бірінші дайындаманы орнатқан кездегі күйге келтіруі бұзылуы мүмкін. Бұзылыс дайындаманың рұқсаты шегіндегі дайындамалардың мӛлшерлері бір-бірінен ерекшеленетініне, ал ӛлшеу және технологиялық базалар қиыстырылмағандықтан (орнықтандыру қателіктері) орын алады. Сонымен қатар, қысқыш күш-жігерімен болып қалатын сиықсыздану (бекіту қателігі) үлкен әсер етеді. Орнықтандыру қателігі+ бекіту қателігі = орнату қателігі. Дайындамаларды орнатқан кезде технологиялық және ӛлшеу базаларын қиыстыру, қысымның есептік күшін асырмау және дайындаманың иілулері ең аз болатын қысымның сызбасы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |