Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


Бункерлы тиеу қҧрылғыларына бағдарланған бҧйымдардың



жүктеу 6,23 Mb.
бет33/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Бункерлы тиеу қҧрылғыларына бағдарланған бҧйымдардың


топтастырылуы
Бункерлы тиеу құрылғыларының алуан түрлілігі арнайы қалыптағы бұйымдарды тиеуге арналған.
Даналық бұйымдар заманауи жаппай ӛндірілетін кең таралған бұйым түрі болып табылады.
Станоктардың нәрлендіруін автоматтандыру әдістерінің дамуы үшін даналық бұйымдар топтастырылуының маңызы зор. Әдетте даналық бұйымдар топтастырылуын бір ғана белгісі – пішініне қарай жасайды. Алайда пішін нәрлендірудің автоматтандырылу әдісіне әсер ететін бұйымның ерекшеліктерін барлық кезде
сипаттай алмайды. Пішіннен басқа, нәрлендірудің автоматтандырылу әдісіне кӛлемнің ірілігі, салмағы, әдіптері, жарамдылығы, беткейінің кедір-бұдырлығы, ӛңделу ұзақтығы, сонымен қатар, оның физикалық жағдайы: қатты, жұмсақ, қыздырылған түрі әсер етеді. Даналық бұйымдар топтастырылуын жоғарыда кӛрсетілген қасиеттерін есепке ала отырып жүзеге асыру қажет. Ол аталған даналық бұйымдар типіне қандай нәрлендіру жүйесін қолдану қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді: бункерлық, магазинды немесе қолмен шығарылатын. Бункерлық нәрлендіруу жүйесі жағдайында бағдарлануы автоматты түрде жүзеге асырылады, магазинды нәрлендіру жағдайында бейіндеу және бұйымдарды орналастыру қол еңбегі арқылы жүзеге асырылады.
Станоктарды автоматтандыру деңгейі бойынша барлық даналап шығарылатын бұйымдарды үш топқа бӛлуге болады.
Бірінші топқа кішігірім кӛлемде жаппай даналық бұйымдарды жатқызуға болады. Олардың ӛңделуінің қысқалығы, пішіні және тӛзімділігі автоматты бейінделуді жүзеге асырады.
Екінші топқа кӛп кӛлемде топтамалы ӛндірістен шығарылатын даналық ірі бұйымдарды жатқызуға болады. Бұл бұйымдар автоматты бейіндеуді жүзеге асыруға жол бермейтін ұзақ технологиялық ӛңдеуді қажет етулері мүмкін, және пішіндерінің кӛлемді жағына байланысты станоктың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін науада қажетті дайындалатын бұйым қорын толық ұстау мүмкін болмайды. Магазинді бір рет толтыру барысындағы станоктың үзіліссіз жұмыс істеу ұзақтығын 8-10 минут деп алуға болады, бұл бірқатар зауыттардағы магазинды тиеуші қондырғыларды пайдалануға беру тәжірибесінің нәтижесінде расталған. Үшінші топқа кӛлемі ірі және салмағы ауыр бұйымдар жатады, мысалы, қозғалтқыштың оқшаулағышы, сонымен қатар, даналап шығарылатын және аз топтамалы шығарылатын бұйымдарды жатқызуға болады. Бұндай бұйымдарды тиеуді қолдың кӛмегімен немесе арнайы механикалық құрылғылар кӛмегімен жүзеге асырады.
Даналық бұйымдар пішіні кӛбінесе станоктың қуатталу автоматылығының деңгейін шектейді. Мысалы, орамалы серіппелер бункерлық нәрлендіруге қолданылмайтын пішінде болып табылады.
Науаға түскен серіппелер бір-бірімен айқасып қалап, оларды жекелеп науадан алу қиындай түседі, сондықтан да, серіппелерді науадан алу серіппе астына лайық ойығы бар касеталы дүкендік
тиеуші құрылғылар кӛмегімен жүзеге асырылады. Аталған жағдайда бұйымның пішіні станоктың қуатталуын автоматтандыру деңгейін шектеуші себеп болып табылып отыр.
Бұйымдардың ірі кӛлемде жасалуы да станоктың қуатталуын автоматтандыру деңгейіне әсер етеді. Егер бұйымдар кӛлемі жағынан ірі болып келсе, онда қарапайым мӛлшердегі науадағы олардың қорын қамтамасыз ету қиынға соғады және және жиі толтырып тұру қажет болғандықтан, жұмыс механизмі мен станоктың тұтастай жұмыс істеу тиімділігі тӛмендейді.
Мұндай жағдайларда автоматтандыру деңгейі азаяды, яғни ол дүкендік тиеуші құрылғымен шектеледі. Кіші кӛлемді бұйымдар тиеудің автоматтандырылуы да ӛздігінен қиындыққа ұшырауды. Бұйымдардың кӛлемдерінің кішігірімдігі олардың ӛздігінен науаға келіп түсуін және бейінделу механизмдерде жылжуын қамтамасыз етпейді, сондықтан магазинды түрден қолмен атқару жұмысына беру барысында қиындықтар туындайды. Жылжудың сенімділігі үшін дайын бұйымдарды жүкпен, серіппемен және т.б. қысу қажет.
Бұйымның диаметрі немесе ұзындығы жағынан ауытқулар жіберу науадағы ӛтімділігіне әсер етеді. Үлкен алшақтықтаржағдайында бейінделу үрдісі және қысқыштағы бұйымдардың бекітілуі қиындайды.
Бұйымдардың беткейлік тазалығына қатаң талап жағдайында бункерлы тиеу қондырғысын кей кездері қолдануға болмайды, себебі бункерден бұйымды алып беру барысында қысқыш органдар бұйымды қарқынды айналдыра ұстап, нәтижесінде сырылу, сызаттану, жапырылулар орын алады.
Бункерлер мен науалардағы бұйым қорының кӛлемі бұйым мӛлшеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың ӛңделу ұзақтығына да байланысты болады.
Мысалы, егер ӛңдеу 0,4 с. созылса, онда бір минут ішіндегі шығарылым
Q = 60: 0,4 = 150 шт./мин.

Бұйымдарды былайша беру қарқыны тек бункерлық тиеу қондырғысы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, себебі адам жоғары қарқындылықпен жұмыс істеді дегнінің ӛзінде минутына 60 бұйымды беруі мүмкін. Станоктың үзіліссіз 8 минут жұмыс істеуі үшін және қысып алу ықтималдық коэффициентін ескере отырып 1600 бұйымға арналған бункер қажет деп айтуға болады.


Егер үзіліссіз бұйымды ӛңдеу ұзақтығы 1 минут болса, онда 8
минут үзіліссіз жұмыс істеу барысында 8 бұйым қажет болады. Бұндай бұйым қорын дүкен қамтамасыз ете алады, және бункерлық тиеу қондырғысын қолданудың қажеттілігі болмайды. Кӛрсетілген мысалдар, бұйым қасиеттерінің нәрлендіру жүйесін таңдауға тікелей әсер ететіндігін кӛрсетеді.
Бұйымдарды тиеудің бұзылу себептерінің сипаттамалары болып бұйымды жасау барысында технолгиялық талаптардың сақталмауы табылады: пішіні мен кӛлемінің ӛзгеруі, нәтижесінде бұйымның науада және тасымалдаушы қондырғыларда бейінделуі мен ӛткізілуінің қамтамасыз етілмеуі туындайды; қысқыш және бейіндеуші құралдардың, науаның, жылжытпаның және де басқа элементтердің тозуы; ӛнімділіктің біркелкі болмауынан туындаған тиеуші қондырғының және станоктың жұмыс үйлесімдігінің болмауы; жоңқалардың бұйымнан автоматты бӛлінуінің қиындығы және оның станоктың жұмыс істеу аумағында жиналып қалуы; бұйымдар мен науаның ластануы. Сондықтан да бұйым жасаудың технологиялық талаптарын сақтау науадан сапасыз бұйымдарды оңай алып тастауға және басқа да қызметтерді атқаруға мүмкіндік беретін бұйымдардың тиеуші құралдарда сенімді ӛтуінің және бұндай құрастырылымдар жасаудың маңызды шарты болып табылады.
Үш негізгі белгі бойынша топтастыру (4.6- сурет): симметриялы ӛзектер саны, кӛлемі мен пішінің күрделілігінің қатынасы сызбасын жасай отырып, топтастырылған санаттардың салыстырмалы кішігірім және нақты белгілі санына қол жеткіземіз, себебі әрбір топтастырылған белгілер үшін оңтайлы сан шектеулі. Мысалы, симметрия ӛзектері саны бойынша сатылану саны үшке тең болады. Негізгі кӛлемдер қатынасы бойынша әр жұп үшін сатылау саны бестен аспайды, ал егер бұйымның пішініне қарамастан оның ірі кӛлемдерін қарастыратын болсақ, онда бұл сатылар саны үшке тең болар еді. Ӛлшемдеріне қатысты барылқ бұйымдар үш негізгі разрядқа бӛлінуі мүмкін:

  • білікті-арқаулы;

  • бір мӛлшерлі;

  • пластиналы.

Арқаулы бұйымдарды ӛз кезегінде, әдетте автоматты бейінделуге кӛнбейтін ұзын арқаулар, және қарапайым арқауларға: орташа және қысқа деп бӛледі. Пластиналық бұйымдарды сәйкесінгше қарапайым пластиналы және автоматты бейіндеу барысында ерекше ӛңдеуді қажет етеін жіңішке пластиналы бұйымдар деп бӛледі.
Геометриялық пішінінің күрделілігіне байланысты бұйымдардың сатылы саны тежеуіштік коэффициентімен, және бірінші кезекте, сызықтық тежеумен ӛрнектелетін олардың ілінуі санымен анықталады. Бұл коэффициенттер неғұрлым нӛлге жақын болса, соғұрлым бұйымдардың науалы бейінделуші қондырғыларда ажыратылуы мен қысып алынуы оңай жүзеге асырылады, ал коэффициенттер неғұрлым бірге жақын болса, соғұрлым бұйымдардың науалы бейінделуші қондырғыларда ажыратылуы мен қысып алынуы қиындай түседі. Әрбір тежеуіштік коэффициентінің әсерін және мүмкін болатын олардың ӛзара үйлесімділігін ескере отыра, геометриялық пішіндерінің күрделілігіне қарай бұйымдарды тӛрт топқа бӛлуге болады:

  • жәй тегіс, олар үшін сызықтық тежеу коэффициенті ξ/π, мұндағы, ξ— бұйым беткейлері арасындағы үйкелу бұрышы;

  • орташа күрделі, олар үшін сызықтық тежеу коэффициенті ξ/n жоғары, бірақ ξ/π + 0,25 аспайды;

  • күрделі, олар үшін сызықтық тежеу коэффициенті ξ/π + 0,25 жоғары және тығыз емес топтық ілініп қалулар жасауы мүмкін;

  • ӛте күрделі, олар үшін сызықтық тежеу коэффициенті бірге жақын және тығыз топтық ілініп қалулар жасауы мүмкін.

Жалпы топтастыру сұлбасы (4.7-сурет) тек автоматты бейіндеу оңай немесе жеңіл түрде міндетті жүргізілетін бұйымдарды құрайды.
Сондықтан сұлбада ӛте ұзын және ӛте күрделі пішіндегі бұйымдар қамтылмаған. Бұйымдардың абсолютті кӛлемдері 200 мм, ал салмағы 200 г аспайды деп болжануда.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау