Жылдам қайта ыңғайланатын қысқыш қҧрылғылар. Қысқыш құрылғыларды қайта ыңғайлану кезінде дайындық- қорытынды уақытты жұмсаумен байланысты білдектердің тұрып қалуын қысқарту үшін олардың тез қайтаыңғайлану мүмкіндігін кӛздеген жӛн. Қысқыш құрылғылардың тез қайтаыңғайлануын қамтамасыз ететін сомындардың тезшешілетін конструктивті орындауылар 5.9-сур. кӛрсетілген. 5.9, а суретте зеңбірек құлып тәрізді орындалған тезқимылдайтын сомынның құрылмасы кӛрсетілген. Бұрандамаларға - фасонды қысқалша, ал сомынға – фасонды тесіктер жасалған. Бұрандама мен сомындағы бұранда екі қарама-қарсы секторларда орындалған. Суретте кӛрсетілген сомынның бұрандамаға қарасты орналасуы кезінде сомынды бұрандамаға жеңіл орнатып, одан жеңіл шешуге болады. Бұрылғанда сомынның бұрандасы бұрандаманың бұрандасымен ілініске түседі.
5.9 б суретте тезшешілетін сомын кӛрсетілген, онда 10-15° бұрышпен бұрандаманың сыртқы диаметрінен 0,5 мм артық диаметрі бар тесік тесілген. Тесіктердің бұрандалы және кӛлдеу осьтері сомынның ортасында қиылысады. Орнатқанда сомынды 15° бұрышқа иеді және бұрандамаға кигізеді, содан кейін сомынның осіне қатарлас орынға иеді және оны 1-1,5 айналымға бұрап тастайды. Тез шешу үшін сомынды 1-1,5 айналымға бұрап шығарады, содан кейін 15° бұрышқа иеп, бұрандамадан шешеді.
.
5.9.-сурет. Тез шешілетін сомынның құрылымы
а — жылдам қимылдайтын сомын; б — тез шешілетін сомын: 1 — сомын; 2 — сақина; 3 — жалпақ серіппе; в — тез шешілетін кесілетін сомын: 1 — сомын; 2 — сақина; 3 — жалпақ серіппе; г — тезқимылдайтын сомын: 1 — кесілген бұрандасы бар бұрандама; 2 — сомын; 3 — қасқалша; 4 — саңылау; д — тезшешілетін кесілетін сомын: 1 — жартылай сомын; 2 — істік; 3 — серіппе
5.9, в суретте тезшешілетін кесілетін сомын кӛрсетілген, оның сыртқы тегістігіне 2 сақина киілген. Жартылай сомындардың жоғарғы шетжақтары жалпақ 3 серіппеге қосылған. Сомынды шешу үшін бұранданы және сақинаны жоғары қарай жылжытады.Бұл жағдайда серіппе жартылай сомындарды ажыратып, сомынның бұрандамадан тез шешілуін қамтамасыз етеді. Бұрап салғанда сомынды алдымен бұрандамаға орналастырады, содан кейін жартылай соманды тартатын сақинаны тӛмен жылжытып, сомынды бұрап салады.
5.9, г суретте 1 бұрандамамен қатынасатын тезқимылдайтын бұранда кесілген 2 сомын кӛрсетілген. Бұранданың қарама қарсы жақтарында 3 қасқалшалар жасалған. Сомында тиісінше 4 саңылау жасалған. Сомынды тез орнатып, шығарған кезде оның саңылауы бұрандының қасқалшасына сәйкес болатын орынға бұрайды.
5.9, д суретте әрқайсысының тесіктерінде 2 істік бекітілген екі 1 жартылай сомындардан тұратын тезшешілетін кесілетін сомын кӛрсетілген. 2 істіктердің үйінділеріне тірелетін 3 серіппелер жартылай сомындарды тартады. Сомынның тез шешілуі үшін екі саусақпен істіктерге басуға жеткілікті, содан кейін жартылай
сомындар ажыратылып, сомын талап етілетін орынға орнату үшін бұрандамаға қарасты жеңіл қозғалады.
Әмбебап қайта ыңғайланатын құрылғылар (5.10, а сур.) білдек үстелдердегі дайындамлардың бекітуіне арналған. 6 бұранданы 3 ұстағышқа бұрып салған кезде бұранданың сфералық ұшы 2 кронштейіннің дӛңесіне тіреліп, 3 ұстағышты 4 осіне қарасты бұрайды және ӛңделетін дайындаманы білдек үстеліне бекітеді. Қысқыштың кӛп күшін алу үшін ұстағышқа қысым кӛзінен гидроцилиндрге май түскен кезде 12 піспекке қарасты тұрқысы жоғары кӛтерілетін 11 гидроцилиндр (5.10, б сур.) бұрып салады. Бұл жағдайда 13 піспек 2 кронштейннің дӛңесіне тіреледі, ал 3 ұстағыш 4 оське қарасты бұрылып, ӛңделетін дайындаманы бекітеді.
Биіктігі бойынша ұстағыш құрылғының тез қайыңғайлануы келесідей іске асырылады. 7 айырлы иінтіректі 9 бұрандаға қарасты бұрайды, содан кейін 2 кронштейнді 3 ұстағышпен 10 табанға бұрып салынған 1 және 5 бағаналардың трапециялы саңылаулардағы ойымдардың кронштейндегі саңылаулардың дӛңестерімен іліністен шығарғанға дейін оң жаққа жылжытады. Содан кейін кронштейнді ұстағыш арқылы биіктігі бойынша талап етілетін орынға орнатып, кронштейн саңылауларының дӛңестерін 1 және 5 бағаналардың арнайы ойымдарына кіргізеді.
-сур. Әмбебап жылдам қайта ыңғайланатын қысқыш құрылғылар
а — қысқыш құрылғы; б — қысқыштың орнына бұрып салынатын гидроцилиндр 6; 1, 5 — трапециалды тіреулер; 2 — кронштейн; 3 — ұстағыш; 4 — ұстағыш осі;
— қысқыш; 7 — айырлы иінтірек; 8 — серіппеленген шар; 9 — бұранда; 10 — табан; 11 — гидроцилиндр; 12 — тығыздағыш сақина; 13 — піспек
Бағана жӛнінде кронштейннің қозғалып жылжуын алдын алу үшін айырлы иінтіректі 8 серіппеленген шармен бекітілген
бастапқы орынға бұрайды. Қысқыш құралдың табанын білдек үстеліне бұрандамен білдек үстеліндегі Т-тәрізді саңылауларға орнатылатын кепкендіктер арқылы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |