Автоматты бақылаудың жҥйелері
Автоматты бақылаудың жүйелерін олар орындайтын тапсырмаға қарай технологиялық үрдістің автоматты бақылауы, автоматты басқаруы және автоматты реттеуі жүйелері деп бӛлуге болады. Автоматты жүйелері жеке элементтердің әрекеттесу реттілігі 13.11 суретте кӛрсетілген құрылымдық сызба бойынша зерттеуге болады. Технологиялық үрдістің (сурет 13.11, а.) 1 параметрлері 2 сезгіш элементпен қабылданады, содан кейін 7 тапсырушыдан берілген (анықталған) шамалармен 3 салыстыру элементінде сәйкестендіріледі. Сәйкестендіру нәтижесінде алынған шама 4 түрлендіретін құрылғыға түседі, онда аталған импульс бір түрінен қашықтықта күшейту және тапсыру үшін ыңғайлы басқа түріне айналады.
Түрлендірілгеннен кейін ӛлшеуіш импульс электрмагниттің жұмысын басқаратын 5 атқарушы органға және ӛлшеу және жазу үшін 6 ӛлшеуіш аспапқа түседі. Ӛлшем нәтижелерінің жазуы графикалық немесе сандық түрде болады. Аталмыш құрылымдық сұлба бойынша кӛп жағдайда бақылау және бақылау-сұрыптау автоматтары құрылған.
Білдек құрылмасына орнатылған белсенді бақылаудың құрылғылары 13.11, б суретте кӛрсетілген құрылымдық сұлба бойынша жасалынады. Осы жүйелерде білдек тартпасымен кері байланысы
Сурет 13.11. Автоматты жүйелердегі жеке элементтердің ӛзара әрекеттесу ретінің құрылымдық сұлбасы (а... в)
бар. Технологиялық жабдықтың жұмыс үрдісі кезінде ӛңделетін бӛлшектер қызады, ал ӛңделетін құрал және ӛлшеуіш құралдардың тозуы салдарынан ӛңделетін бӛлшектің мӛлшеріндегі қателіктер пайда болады. Бақылау-ӛлшеуіш аспаптардың кӛбі аталған қателіктерді орнына түсіруге мүмкіндік бермейді. Оларды жою үшін технологиялық жабдықтарда жӛндеу жүйесі бар белсенді бақылаудың аспаптары кӛзделген. Ол құрылымдық сұлба бойынша жасалынады. Аталған жүйелер тек қана ӛңделетін бӛлшектердің мӛлшерлерін бақыламай, бақылау нәтижелері бойынша білдектің жұмысын реттейді. Ол үшін басқару жүйесінде 8 түзету блогы бар, онда w(t) кіре берісте бағдарлама бойынша берілген шамалар салыстыру блогынан алынған Xw(t) ауытқу шамасымен жинақталады. Түзету блогында алынған x(t) жӛндеу импульсі жұмыс органына оның жұмыс режимін ӛзгерту үшін және ауытқуларды орнына түсіру үшін беріледі. Орындалатын міндеттеріне қарай белсенді бақылаудың жүйелерін келесі құрылғыларға бӛлуге болады: тура ӛңдеу үрдісі кезінде бӛлшектерді бақылайтын; баптаушылар; ӛлшеуіш жабқыштар (бұғаттайтын); бақылауды ӛңдеу үрдісіне дейін бақылайттын. Металлды ӛңдеген кезде баптау жүйелері кеңінен қолданылады, олар бақылаудың нәтижесі бойынша (бақыланатын мӛлшердің рұқсат етілетін шегінен шыққан кезде) жабдықтың жұмысын басқаратын жабдық пен ӛлшеуіш құрылғылардың баптауын ӛзгертеді. Белсенді бақылаудың аспаптары үлкен құрылымдықтың әртүрлілігіне ие және ӛлшеудің тәсіліне қарай тікелейжәне жанама болып бӛлінеді. Тікелей ӛлшем құрылғылары (сурет 13.12.) диаметралді ӛлшемдерге арналған және екі-, үш түйіспелі, сондай-ақ қатаң калибрі бар құрылғы болып бӛлінеді. Олардың кейбіреулері қалқыма тұрқыдан жасалынған, ал кейбіреулері білдекте қатаң бекітілген тұрқыға ие.
13.12, а суреттегі бұйымды ӛңдеген кезде А ӛлшеу базасы ӛз қалпын үзіліссіз ӛзгертетін екі түйіспелі қалқыма құрылғының сұлбасы кӛрсетілген. Аталған ӛлшеуіш құрылғылардың дәлдігін жоғарылату үшін олар еркіндіктің бір дәрежесіне ие болу керек.
Егер ӛлшеуіш құрылғылар (сурет 13.12, б.)б ақыланатын бұйымдармен үш түйіспеген болса, онда олар еркіндіктің екі дәрежесіне ие болу керек, ӛйткені ӛңдеу үрдісі кезінде ӛз қалпын екі базалық жазықтық – А және В – ӛзгертеді.
Үш түйіспелі ӛлшеуіш құрылғылар екі түйіспеліден дәлдеу болып саналады, ӛйткені екі түйіспелі бергіштермен ӛлшеген кезде ӛлшенетін бӛлшек пішінінің күштік ӛзгеруі ӛз әсерін тигізеді. Аталған қателіктер ӛзінің кездейсоқ сипатынан түзетуге жарамсыз болады. Ӛзгеру салдарынан орын алатын қателіктердің шамасы мен сипаты жоғары дәрежеде ӛлшеуіш ұщтықтардың түйіспелі жазықтардың пішінінен тәуекелді болады, сондай-ақ тегіс пішінді және бір-біріне параллельді орналасқан ұштықтары бар аспаптар ең тӛмен қателікке ие. Сонымен қатар үштүйіспелі ӛлшеуіштер температураның ӛзгеруінен және діріл салдарынан болатын ӛзгертулер әсеріне онша шалдықпайды, ӛйткені осы құрылғылар
Сурет 13.12. Тікелей ӛлшемнің ӛлшеуіш құрылғылары (а ... г)
тербелісті ӛшуге мүмкіндік беретін еркіндіктің екі дәрежесіне ие. Кейбір кезде 1 тең жетектер иықтарының ӛзара қатынасы жағдайында ӛлшеуіш аспап ұштығының жылжуы ӛлшенетін бӛлшекпен түйісетін ұштықтардың жылжу жиынтығынан тұратынжиынтық жетегі бар ӛлшеуіш құрылғылар қолданылады (сурет 13.12, в.).
Қатаң калибрлері бар жүйелер (сурет 13.12, г.) ішті ажарлаған кезде кеңінен қолданылады. Осы жүйелерді бақылау дәлдігі жоңқа мен түрпілі шаңның калибр және ӛлшенетін бұйымның арасына түсуінен және жұмыстың ауыр жағдайлары нәтижесінен орын алатын калибрдің тозуына байланысты. Ӛлшемнің нәтижесіне тозудың әсерін азайту үшін калибрдің қатты қорытпамен арматуралауын орындайды. Атқару органы есептеу құрылғылардан түсетін сигналдарға сәйкес басқару құрылғының баптауына қызмет етеді; бұл ретте ӛздік баптаудың әсері кӛптеген айнымалы шамаларға байланысты.
Бӛлшектердің ӛндірісі кезінде дәлдікті жоғарылату мақсатында технологиялық жүйенің шығу параметрілерінің кіру параметрілеріне әсер ету жолмен реттеудің түрлі әдістерін қолданады.
Ӛлшенетін шаманы алдын ала берілген эталонмен салыстыру әдістері кең қолданысты тапты. Бірақ қазірде бар және кең таралған бағдарламалық басқару жүйелері кесетін құралдың мӛлшерлік тозуымен және технологиялық үрдістің күштік ӛзгеруімен байланысты қателіктерді орнына түсіруге мүмкіндік беретін мӛлшерлік кері байланыстың қолданусыз бӛлшектердің дайындалуын қамтамасыз ете алмайтынын есепке алған жӛн.
Ӛлшемнің нәтижесіне әсер ететін кӛптеген кездейсоқ факторларды есепке ала тұра, жұйелі және кездейсоқ қателіктерді бӛліп шығаруға ұмтылады; бұл ретте ӛңделетін бұйымдардың кездейсоқ таралуына әкеліп соғатын себептерді білу керек.
Мӛлшерлердің реттеу әдістері бақылау уақытына байланысты және осыларға бӛлінеді:
ӛңдеуге дейінгі бақылау (13.13, а сурет.);
ӛңдеу үрдісіндегі бақылау (13.13, б сурет.);
ӛңдеуден кейінгі бақылау (13.13, в сурет.);
аралас бақылау (13.13, г сурет.).
Ӛлшем нәтижелері бойынша ӛңдеуге дейінгі бақылау кезінде жабдықтың жұмыс режимдері орнатылады. Жүйенің дәлдігі құралдың тозуы, әдіптің тербелістері, қаттылық және т.б. сыртқы әсерлерге байланысты. Ӛңдеу үрдісі жағдайындағы бақылау кезінде құралдың тозу әсері жоқ болады, бұл әрине дайындалатын
бұйымның дәлдігін жоғарылатады. Ӛңдеу кезіндегі ӛлшем нәтижесіне білдектің дірілі, майлап суыту сұйықтықтың болуы, ӛңдеу қалдықтары және т.б. қомақтай әсерін тигізеді. Егер бақылау ӛңдеуден кейін орындалса, аталған факторлардың әсері жоқ болады. Егер бӛлшек ақаумен шықса, онда білдектің қайта баптауын жасап, ӛңдеудің қателіктерін жоюға болады. Ӛзгерілген сыртқы жағдайларға сәйкес ӛздік бапталуын қамтамыз ететін аралас бақылаудың жүйесі ең дәл болады.
Ӛңдеу кезіндегі бӛлшектердің ӛлшемі нәтижесінде білдектің жұмыс режимі реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |