Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет83/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

10.1. Роторлық тиеуші желілер


Роторлық желілер негізінде қалыптау және кесу арқылы бұйым ӛңдеу, жинау, ӛлшеу, топтамалау, орау және таңбалау сияқты үрдістерден тұратын ӛндірістік үрдісті кешенді автоамттандыру мүмкін болады. Бӛлек ӛндіріс түрлері үшін тек автоматты роторлық желілермен жарақтандырылған автомат-цехтар құру айтарлықтай экономикалық тиімділік береді. Ӛндірістің кешенді автоматтандырылуының заманауи жағдайы технологиялық роторлы автоматтар және автоматты желілер дамуының келесі бағыттарын орнатуға мүмкіндік береді.

  1. Тар шеңберде мамандандырылған құрастырылымдар жасау, технологиялық роторлы автомат немесе желі жаппай ӛндірістің бір

типті бұйымдарының бір немесе бірнеше ӛңдеу операцияларын орындауға арналуы.

  1. Бір түрдегі құралдармен мысалы, түрлі диаметрлі бұрғымен, бір типті бұйымдр жасауға болатын мамандандырылған құрастырылымдар жасау. Бұл үшін ротордың әрбір ұяшығындағы қысқыш қосалқы тетіктер құрастырылымында бұйымдарды бекітуге арналған ауыстырылатын немесе әмбебап элементтер қарастыру жеткілікті. Бұған мысал ретінде түрлі бұйымдарды 12 мм дейін диаметр ойығын бұрғылауға арналған технологиялық роторлық автоматты құрастыруды айтуға болады.

  2. Құралдар бӛліктерін ауыстыру жолымен жаңа тізімдегі бұйымдарын ӛңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап құрастырылымдар жасау. Бұл жол тек жалғыз операцияларға тән, себебі технологиялық ротор құрастырылымы атқарушы органдар қозғалыстарының түрлерін ӛзгертуді қарастырмайды.

Отандық ӛнеркәсіпте 150 ден аса түрлі автоматтық роторлы машиналар мен желілердің үлгілері қолданылады, олардың әрқайсысы адамның қатысуынсыз минутына 30, дан 200 данаға дейін ӛнімділікпен 2-4 ден 10-12 дейінгі технологиялық операцияларды орындайды. Бірдей немесе бір типті бұйымдар шығару бойынша қондырылған бағдарламалар кӛп болған сайын, роторлық желілер де тиімді қолданылатыны анық.
Технологиялық операцияларды жүзеге асыру және құралдың ауысуы үшін кері-қайтарымды және айналмалы қозғалыстарды хабарлау немесе технологиялық ӛңдеу жұмысшы ортаның үздіксіз қозғалыстағы бұйым ағыны бағытында жүзеге асырылуы барысында кіші кӛлемдегі қарапайым пішінді бұйымдар дайындауда автоматтық роторлық желілер тиімдірек қолданылады. Негізгі технологиялық үрдістерден автоматты роторлы желілерді кесу кезінде қолданған дұрыс, себебі бұл жағдайда жетектің жұмыс қозғалысы жүйесінің жоғары қаттылығы талап етіледі, ал технологиялық үрдіс сенімділігі тӛмен болып отыр.
Роторлық желілерді ӛнеркәсіптік пайдалану тәжірибесі оларды келесі жағдайларда қолданғаны ерекше тиімді болып табылатынын кӛрсеткен:

  • Ӛнеркәсіптің машина жасау, аспап құрастыру, электртехникалық, радиотехникалық, автотракторлық және басқа да салаларында қалыптық пішінде жасалатын бұйымдар ӛндірісіндегі қысыммен ӛңдеу операциялары термиялық және химиялық операциялармен, жинау және бақылау операцияларымен ауыстырылады, яғни, физикалық тұрғысынан алуан түрлі операциялар технолгиялық үрдіс құрылымында үйлесім табады;

  • пластикалық массадан сығымдау және пісіру арқылы бұйым ӛндіру барысында, шыны, резеңке, металл және минералдық керамика дайындауда ұнтақты металлургия әдісін қолдану;

  • химиялық-дәрі-дәрмек жасау және тамақ ӛнеркәсібіне арналған

брикеттер және дәрілер жасау;

  • жинау операцияларын орындау үшін: әрлеу, сығымдаулар, қаптамалар, боямалар, орау, сонымен қатар, дайын бұйымдарды ыдыстарға салу және шашырайтын және сұйық материалдарды ӛлшеп қораптау;

  • қыздыру, жасыту, улау, қатайту, кептіру, жуу, майсыздандыру, фосфаттау, гальвандық жабу сияқты термиялық және термохимиялық операциялар орындалуына арналған;

  • бӛлек, сонымен бірге дайын бұйымдардың физикалық- химиялық параметрлері және геометриялық ӛлшемдерін алу бойынша алуан түрлі бақылаушы операциялар орындалуы үшін.

10.13-суретте роторлық желілермен жарақтандырылған автоматты цех және механизмдер және құрылғылар жүйесінің қызметтік қолданылуының сұлбасы келтірілген. Қызметтік қолдану бағыты және пайдалануы бойынша технологиялық ротор механизмінің үш негізгі санатын бӛліп қарастырады:

  1. атқарушы органдары автоматтың қызметтік қолданылуымен алдын ала белгілі болған ӛңдеу, бақылау және жинау негізгі операцияларын орындайтын жұмысшы жүрістерінің механизмі; кескіш, пуансон, қалып және т.б. технологиялық қозғалыстар жетектерінің механикалық, механикалық-гидравликалық және гидравликалық жүйелері.

Жұмысшы жүрістері механизмін ұзақтығы сәйкесінше Тр және Тх құрайтын жұмысшы және бос жүрістер жүзеге асырады. Кезең ұзақтығы Тр үрдістің технологиялық мүмкіндіктерімен, кезең ұзақтығы Тх ротордағы және желідегі роторлардағы жұмысшы механизмдердің топтамалануының баламалары және жетек механизмінің құрылымымен анықталады.

  1. Ӛңделетін бұйымды бағдарлау, беру, қысу, орталықтау, босату және тиеу бойынша кӛмекші қызметтер орындауда атқарушы органдары қызмет ететін бос жүрістер механизмі.

Жұмыс және бос жүрістерді жүзеге асыратын атқарушы органдар қозғалысын басқару механизмі: жұмыс жүрісі механизмінің атқарушы органдарының берілген қозғалыс заңдылықтарын қамтамасыз ететін ротордың негізгі таратушы білігі немесе гидро таратқыш түйіні; технологиялық ротордың құралдық бӛлігіне бұйым берілмеген жағдайда жұмыс жүрістері орындалмағандықтан кері қайтарылуды қамтамасыз ететін құрылғылар; жұмысшы құралдар және с.с. жетектер жүйесіне берілетін сұйықтық шығыны және қысымымен басқарылатын механизмдер және аспаптар.



Сурет 10.13. Роторлық желілермен жарақтандырылған автоматты цех және механизмдер және құрылғылар жүйесінің қызметтік қолданылуының сұлбасы
Жалпы жағдайда, автоматтық роторлық желінің технологиялық кешені технологиялық үрдістің барлық операцияларын орындауға арналған. 10.14.а суретте кӛрсетілген жүйе аралық сызықты тасымалдау құралдарымен біріктірілген бӛлек жүйеастылардан құралады. Бӛлек автоматты роторлы желіде орындалатын технологиялық операциялар саны әдетте қабылданған технологиялық үрдіс мамандануы және талаптарына негізделеді. Кӛршілес автоматты роторлық желілер арасында ӛңдеу нысандарыныңаралық сызықтық науалары орнатылады. 10.14, б, суретте кӛрсетілген жүйе ӛзіне келесідей машиналар түрін қамтиды.

    1. Технологиялық (жұмысшы), ӛңделу нысанына құрал немесе орта арқылы әсер ету жолымен ӛңдеуді жүзеге асыратындар.

    2. Тасымалдау, берілісті, бағдар ӛзгеруін және ӛңделуші заттар ағынының тығыздығын бір автоматты роторлық жүйе ішінде жүзеге асыратындар.

    3. Бақылаушы, ӛңделуші заттар бақылануын біртегіс және ішінара қамтамасыз ететіндер.

    4. Энергетикалық, энергия және қозғалысты ӛзгертуге, технологиялық орта және алаң жасауға арналғандар.

    5. Бақылаушы-басқарушылар, ӛңдеу үрдістерінің технологиялық параметрлерін түзетушілер және ӛңделетін заттар ағынын сұрыптауды жүзеге асыратындар.

Сурет 10.14. Технологиялық кешен сызбасы (а) және жүйеде орналасқан тех- нологиялық (ТМ), тасымалдау (ТрМ), бақылаушы (КМ), энергетикалық (ЭНМ), бақылаушы-басқарушылық (КУМ) және логикалық (ЛМ) машиналар (б):


АРЛ — автоматты роторлық желі; БМЗ — бұйымдардық аралық сызық қорлары; ПРД — жұмы қозғалысының жетегі; ПТД — тасымалдау қозғалыстаының жетегі

    1. Логикалық басқарушылар, технологиялық кіріске бұйым берілісінің, ӛңделуші зат ӛлшенуінің нәтижесі негізінде құрал ауыстыру, аппараттар жұмысын түзету және т.б. ішінара бас тарту туралы шешімін қабылдауға арналғандар.

Роторлық машина жүйесінің бірінші тобын ӛңделетін заттардың технологиялық ағындарының тұрақты тығыздылығы бар автоматты роторлық желілер кӛрсетеді (сурет. 10.15, а-г). Ӛңдеу операциялар құралдармен де, аппараттармен де жүзеге асырылады. Ӛңдеу нысандарының машина аралық берілуі тасымалдаушы роторлар, қайта итергіштер, тізбекті тиеушілер кӛмегімен жүзеге асырылады. Бұйымның желі ішінде болуының барлық кезеңінде олар бекітілген кеңістікке бейінделулерін сақтайды; технологиялық ағынның кесілген жері бір бұйымға тең болып табылады.
Роторлық машина жүйесінің екінші тобына құралдық және аппараттық ӛңдеудің технологиялық роторларын біріктіретін және бірінші топтағы роторлық желілерге қарағандағы бӛлек технологиялық ротор ағындарында ӛзгермелі тығыздықтың болуымен, аппараттар және агрегаттардағы бұйымдар кеңістікке бейінделуінің бұзылуымен жаппай ӛңделетіндігімен ерекшеленетін автоматты роторлық желілер жатады (сурет 10.15, д-з). Ӛңдеу нысандарын машина аралық және желілер аралық беруді дискілі роторлар, жылжыма, механикалық және электрмагниттік элеваторлар кӛмегімен орындауға болады.
Басқа да бӛліктерде бұйымдар кӛрші желілерді бас тартулар туындайтын аппараттарда ӛту барысында біртегіс болмауды ӛтеу үшін аздаған кӛлемде жиналулары мүмкін.


Сурет 10.15. Тӛмендегілер кӛмегімен бұйым берілісі қызметі орындалатын роторлық машина жүйесінің сұлбасы:


а — тасымалдау роторлары; б — тасымалдау роторлары және қайта итерушілер; в — тасымалдау роторлары және қайта итерушілер және тізбекті конвейер; г — тасымалдау роторлары және қайта итерушілер және тізбекті кӛпұяшықты конвейер; д — дискілі роторлар; е — жылжымалы және механикалық элеваторлар; ж — жинақтар және механикалық элеваторлар; з — механикалық және электрмагниттік элеваторлар.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау