|
Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»
|
бет | 118/142 | Дата | 21.12.2022 | өлшемі | 6,23 Mb. | | #40728 | түрі | Оқулық |
| Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1) Бақылау сҧрақтары
Бақылауды автоматтаудың негізгі бағыттары қандай?
Бақылау кезінде қандай қателер пайда болады?
Пассивті және белсенді бақылаудың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Пассивті және белсенді бақылаудың автоматтары қалай құрылған?
Бӛлшектің сызықтық мӛлшерінің автоматты бақылауы қалай орындалады?
Бӛлшек пішінінің автоматты бақылауы немен қамтамасыз етіледі?
Бақылау және бақылау-сұрыптау автоматтардың құрылмасы қандай?
Бақылау автоматтардың ӛлшеуіш станциялардың мақсаты қандай?
Бақылау автоматтардың сұрыптау құрылғылары қалай жасалынған?
Автоматты бақылаудың жүйелері қалай құрастырылған?
«Автоматты сигнал беру» және «автоматты қорғау» деген
не?
14- тарау
ИКЕМДІ ӚНДІРІСТІК ЖҤЙЕЛЕР – МАШИНА ЖАСАУДАҒЫ ӚНДІРІСТІ
АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҦЖЫРЫМДАМАСЫ
Әлемде икемді ӛндірістік жҥйелерді дамыту және
болжау перспективалары
Машина жасауда еңбек ӛнімділігіне айтарлық кӛлемде шығарылатын метал кескіш құрылғылардың автоматтандырылу деңгейлері бойынша құрамы әсер етеді, онымен байланысты метал кескіш құрылығының ағымдағы кезеңге жоспарланатын құрамын және перпективаын анықтау қажет. XX ғасырдың бас кезінен метал кескіш құрылғы құрамының ӛзгеруі тенденциясының кӛптеген болжаулары және ыни талдаулары онымен орын алған барлық ӛзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың алғашқы жартысы ӛндірістің топтамалық және жаппай түрге бӛлінуімен сипатталады, олар метал кекіш құрылғы құрамына деген түрлі талапты қоя білді. Жекелеген және топтамалы ӛндірісте әмбебап станоктар, қосалқы бӛліктердің кӛптеген кӛлемі, жұмысшының жоғары біліктілігі қолданыста болды. Жаппай ӛндірісте керісінше, аз кӛлемде мамандандырылған станоктар және автоматты желілер қолданылды.
Әмбебап станоктарды қолдану барысындағы тӛмен еңбек ӛнімділігі және жылдам ауыстырылатын ӛндіріс нысандарында жаппай ӛндіріс құралдарын қолдана алмау ӛндірістің тұтастай дамуын тежеді. XX ғасырдың орталарында жоғарыда кӛретілген мәселені шешудің екі жолы байқалды. Бір жағынан — бұйымды қалыпта келтіре отырып оны әрбір үйлестіре берген кезде ӛңделетін бұйымдар санын арттыру және ӛндірістің мамандануына қарай түйіндерді олардың топтарымен сәйкетендіру; екінші жағынан — қайта үйлестірілетін құрылғылар және автоматты желі құру.
Мәселенің шешімі болып СББ және ӛңдеуші орталықтар (ӚО) типіндегі станоктар жасау табылды; соңғылары бірмезетте кеңінен қолданылатын әмбебап және толығымен автоматтандырылған станоктар болып табылады. 1950 жылдардың оңынан батап СББ және ӚО типіндегі станоктар шығару қарқынды түрде ӛсе бастады. ЭЕМ қолдану негізінде станоктарды басқаруды автоматтандыру және барлық ӛндірістік жүйені автоматтандыру жүргізіле бастады. Жекелеген және топталған ӛндіріс автоматтандырылуы жекелеген, топтық және жаппай ӛндірі арасындағы нақты түрдегі шектеулерді
жоюға мүмкіндік. Кең әмбебаптылық мобильділік, ЭЕМ негізіндегі толық автоматтандырылу, ӚО құрудың бӛліктік-агрегаттық бӛлігі және икемді ӛндірістік жүйенің (ИӚЖ) басқа да құрылғылары еңбек ӛнімділігін одан әрі арттырып және жаппай ӛндірісте икемді жүйені қолдануға мүмкіндік береді.
Ӛткен жүз жылдықтардағы метал ӛңдеу технологиясының дамуын талдау үшінші мыңжылдық қараңында құрылғылар құрамына белгілі бір болжау жасауға мүмкіндік береді.
АҚШ ұлттық зерттеу кеңесі ӛндірісінде ЭЕМ қолдану бойынша комитет деректері бойынша қазіргі таңда әлемде шығарылып отырған станоктардың 15 % кӛлемі ИӚЖ біріктірілген.
ИЭЖ тәжірибелі болудан қалған кездерде, шетелде 1990 жылдары еңбек ӛнімділігін арттырудың негізгі артуы орын алды; зауыттардың ескіруі ИӚЖ тұжырымдамаына сәйкес келетін еңбектің және технологияның жаңадан ұйымдастырылу жолымен алдын алу шаралары жүзеге асырылды.
1980 жылдың бас кезінде әлемде шетел деректері бойынша 125 ИӚЖ аны анықталған (дегенмен олардың алғашқысы АҚШ-та 1967 ж.пайда болған еді), оның ішінде Жапонияда — 40, АҚШ — 26, Батыс Еуропа елдерінде — 25.
Батыс елдерінің бірқатары ИӚЖ құру бойынша үкіметпен қаржыландырылатын ұлттық бағдарламалар негізінде жұмыс жасауда, бұл жаңа техниканы машина жасауда кеңінен қолданысқа енгізілуін жылдамдытумен байланысты.
ИӚЖ-де роботтар рӛлі артуда. Роботтардың әдеттегі орны таноктың тиеу-түсіру бӛлігінде болады, алайда оларды құралдар салынған автоматты басқарылатын арбаны немесе станоктағы құрал магазинін тасымалдауда қолдануға болады. Роботтар бақылаушы операцияларда ғана пайда болады және тиеу мен тасымалдау операцияларының бірін орындау қажет болғанда қолданылады.
Роботтармен автоматты басқарылатын арба да тығыз байланысты. Автоматты арбалар ИӚЖ-де кеңінен таралады. Арбаларды энергиямен қамту тағы бір мәселе болып табылады.
ИӚЖ жасаушы кӛптеген ұйымдар лазерлер қолдану бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның негізінде прецизионды байланыыз ӛлшеуіш құралдар жасалады. Олардың негізгі ерекшеліктері икемділігінде болып табылады: түрлі кӛлемдегі ӛлшемдер бір қондырғымен оны қайтиа үйлетірмей-ақ бақыланады.
Кескіш құралдың берілген ӛлшемге бапталуы автоматтандырылу үшін қиынға соғуда. Кӛбінесе бұл станоктан тыс жүзеге асады.
Станоктағы бақылауыш құрылғылармен құралдағы бекітілген ӛлшем бойынша ақпарат автоматты түрде алдын ала бапталған құралдармен бірге станокқа берілетіндей, станоктан тыс құрал бапталуын интеграциялайтын жүйелер құралған.
Түрлі істен шығулар және бас тартулардың толық
диагностикасын жасаматан ӛндірітің автоматтандырылуы толық болып саналмайды. Болашақта, әсіресе, «адамсыз» түнгі ауысымда, жүйе алғашқы болмашы істен шығулар және бас тартулар кесірінен тоқтап қалмауы тиіс. Жүйеде тек бұзылуларды ғана анықтап қоймай, сонымен қатар, оларды автоматты түрде алдын-алып, жүйе жұмысын одан ірі жалғастыратындай, мүмкіндіктерге ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|