Алдыңғы жағында роботпен қамтамасыз етілген жону станогы негізіндегі ИӚМ. Қарнауышы 4 бар робот 3 (сурет 14.5), жону станогының 1 алдыңғы жағына бекінеді. Станок жанына жинақтаушы 5 орнатылған, оның ұяшығына 6оператор бұйымдарды орналастырады (бұйым осі тік).
Станокты қосқан кезде робот жинақтаушы ұяшығынан бұйымды қарнап ұстап және оны сүмбі патронына 2 апарады. Бұйымды патрон жұдырықшаларымен қысып алғаннан кейін және роботтың жұмыс органын күту жағдайына әкелген соң бұйымды бағдарлама бойынша ӛңдеу жүргізіледі. Ӛңдеу жұмысы аяқталғаннан кейін жұмысқа робот қайта қосылып, қарнауыш бұымды қысып алады; патрон ашылып, бұйым патронна алынады, жинақтауышқа апарылып және бос ұяшыққа орнатылады. Қысқыш ашылып, жұмыс органы күту жағдайына қайта келеді, ал жинақтауыш артқа бір қадам шегеріледі. Одан кейін бұл айналым қайталана береді.
Сурет14.6. Екі қарнауышты жону станогы негізіндегі ИӚМ жұмысының сұлбасы
Қосарлы қарнауышты роботты пайдалану барысындағы бұйымдарды орын ауыстыра тасымалдау айналымы келесідей.
I жағдайда станоктың жұмыс камерасының есігі ашылады және А қарнауышы ӛңделген бұйымды алып тастау үшін жылжиды (сурет 14.6). II жағдайда бұйым патроннан шығарылып, А және В қарнауыштары жағдайды ауыстыру үшін 180° бұрылады. III жағдайда бұйым В қарнауышымен патронға орналастырылады:А қарнауышы бұйымды ӛңдеу аумағынан алып шығады; жұмыс камерасының есігі жабылып және бұйымның ӛңделуі жүзеге асады. IV жағдайда А қарнауышы бұйымды жинақтаушының «а» жағдайын орналастырады; В қарнауышы келесі бұйымды «в» жағдайында ұстап, жинақтаушы келесі жағдайға ауысады.
Екі қарнауышты роботты қолдану нәтижесінде В қосымша уақыт қысқарып және модуль жұмысының ӛнімділігі артады.
Жоғары дәлдікті патрондық жону станогы негізіндегі ИӚМ (ТПК-125-ВА). Модуль 14.3, а, суреттегі сұлба бойынша келтірілген, болат және түсті қорытпалардан жасалған жоғары дәлдікті бұйымдардың патрондық ӛңделуіне арналған: цилиндрлік, конустық және пішіндік беттердің егеліп және жонылуы, бұранда кесілуі, бүйіржақтарды кесу, арқауларын және басқаларын қашу. Станок кескіш құрылғысы оның арнайы револьверлік бастиек құрастырылымын қамтамасыз ететін автоматты ауыстырылуы барысында жоғары тұрақтылыққа ие бола алады. Бұйымды қондыру және ауыстыру пневматикалық робот кӛмегімен автоматтандырылған. Бір орнату барысында модуль жоғарғы беткейдің кӛп кӛлемінің бастапқы және соңғы ӛңделуін қамтамасыз етуі мүмкін. Құрал тозуының ӛтелімі электронды түзету жүйесінің кӛмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |