245
Бояғыш үздіксіз жіберілетін бастиекте соплодан үнемі тамшылап
жіберілетін сия ағыны кескіндеме шығару үшін қағазға немесе арнайы
жинаққа бағытталады. Бояғыш ағынын тамшыларға бөлу соплода
орналасқанпьезокристалдың
құратын
акустикалық
толқынының
қысымымен (жиілігі ондаған килогерц) жасалады. Кескіндемені
қалыптастыруға арналмаған тамшылар электрстатикалық ауытқытушы
жүйесінің көмегімен қағазға түспей, сиясы бар резервуарға қайтарылады.
Қазіргі принтерлерде екінші əдіс кең тараған, яғни бояғыш тамшысы
басып шығарушы тиектің соплосынан тек қана кескіндеме қалыптастыру
үшін жіберіледі.
Сияны талап бойынша жіберетін бастиектердің техникалық жүзеге
асырылуының соплоны басқарудың екі конструктивтік орындалуы бар:
пьезоэлектрлікəсерді қолдану жəне сияны жылыту (термиялық немесе
«көпіршікті» технология).
Бірінші жағдайда кері пьезо əсер, яғни электр өрісінің ықпалымен
пьезокристалдың механикалық деформациясықолданылады. Соплоның
шығу саңылауының үстінде орналасқан жəне диафрагмамен байланысты
пьезоэлемент өлшемінің өзгеруі тамшының итеріліп шығуына жəне сияның
келесі мөлшерінің түсуіне алып келеді.
Технологияның басты артықшылығы — баспа бастиектің жоғары-
латылған ұзақмерзімдігі. Бірақ егер принтер ұзақ уақыт пайданылмаса,
соплодағы сия кеуіп қалады, егер оны жуу мүмкін болмаса, оны
ауыстыруға тура келеді.
Термиялық технологияны жүзеге асыруда баспа бастиектің əр
соплосында сиямен байланыста микроскоптық қыздыру элементі (əдетте
жұқа үлдірлі резистор) бар, оның температурасы тоқ өткізгенде микро-
секундтар да шамамен 500 °C жетеді (6.5-сур.).
Тез қызғанда бояғыш буланып кетіп, лезде бу көпіршігі пайда болады,
ол сия тамшысын қағаз тасымалдағышына итеріп шығарады. Тоқты
өшіргенде термоэлемент тез суиды, көпіршіктің көлемі шұғыл азаяды жəне
соплоның кіру саңылауы арқылы сияның келесі мөлшері түседі.
Бүріккіш термобаспа принтерлерінің орташа модельдерінің 4 800 х 1
200 dpi рұқсатта минутына түрлі-түсті шамамен 18 парақ басып шығару
жылдамдығы бар.
Бүріккішбаспа сапасы көбінесе сия құрамына тəуелді. Олар ылғал жəне
жарыққа төзімді, қағазда шашылмауы, жағылмауы жəне көлемі бір — төрт
пиколитрмикроскоптық тамшылар қалыптастыруға мүмкіндік берулері
тиіс.
246
6.5
-сур. Сия тамшысын қалыптастыру процесі:
1 — жылытқыш; 2 — сопло; 3 — сия; 4 — бу көпіршігі; 5 — сия тамшысы
Сия екі топқа бөлінеді: пигменттік жəне суда ерігіш. Суда ерігіш сия
түсті жақсырақ шығарады, ал пигменттік сия анағұрлым суда ерігіш болып
табылады.
Бүріккіш принтерлердегі сияларəдетте қара жəне түрлі-түсті
бояуларымен екі катриджде орналастырылады. Фотосуреттерді басып
шығару үшін кейде қосымша түстерімен үшінші картриджді пайдаланады.
Картридждер көлемі төртпиколитрден асатын көлемде шығарылады.
Бірқатар ортақ белгілері бойынша бүріккіш принтерлерге жатқызуға
болады: термобаспа технологиясын қолданатын принтерлерді: бояғышы
қатты
принтерлер
(қаттысиялы)
жəнесублимациялық
баспасымен
принтерлер.
Қа т т ы с ия лы п р инт е р ле р д е балауыз негізінде бояғыштардың
түрлі-түсті жентектері қолданылады. Баспадан шығаруда олар арнайы
жылыту элементпен 60... 70 °С температурасында ерітіледі жəне сұйық
күйде жеке резервуарларға, сосын баспа бастиегіне жіберіледі. Пьезоəсер
негізінде жұмыс істейтін бастиек бүріккіш принтерде сияқты, соплолар
арқылы ерітілген сияны қыздырылған металл барабанына түсіреді,одан
тұтқыр күйін сақтай отырып, кескіндемені қағазға түсіреді.
Балауызтəріздес бояғыштың тамшылары қағазда лезде қатады, бір-
бірімен жақсы ілініседі жəне ашық, түстердің қанық шығуын жəне
кескіндеменің тегіс құйылуын қамтамасыз етеді.
Принтерлерөнделген қағазда, конверттерде, мөлдір үлдірдерде,
қалыңдығы жəне типі əркелкі материалдарға басып шығара алады, бірақ үй
жағдайында қолданыла алмайды, себебі баспаның көп мөлшерімен үздіксіз
жұмыс істеуге арналған.
Су б лим а ция лы қ пр инт е р л е р басып шығару барысында
бояғыштың сұйықтық кезеңіне тоқталмай, газтəрізді күйге фазалық өтуді
қолданып,терможіберу негізінде жұмыс істейді.
247
Осындай принтердің баспа бастиегі тез қыздырылатын нүктелік
элементтерден тұрады, олар арнайы бояғыш таспаға ықпал етіп, бояуды
қағазға тұндырады (6.6-сур).
Керек түсті басып шығару бірнеше өтпе арқылы орындалады: таспа
оған тақалған көптеген термоэлементтерден тұратын термобастиектің
астынан бірізді өткізіледі,термоэлементтер шамамен 400 °С дейін
қыздырылып, бояғышты буға айналдырады. Бастиек пен тасымалдағыштың
арасындағы аз қашықтықтың арқасында нүктелер кішкентей өлшемді жəне
оңуға төзімді болып шығады. Бояудың тасымалдағышқа жақсы енуі
пластикаға да басып шығаруға мүмкіндік береді.
Принтерлердің басып шығару жылдамдығы жоғары емес (около 1,5
минутта шамамен бір сурет), бірақ үй жағдайында 300х300 dpi рұқсатта
10х15 см өлшеміндегі суреттерді басып шығару үшін əбден жеткілікті.
Соңғы кезде кеңселік жəне үй көпфункционалды құрылғылар кең тарап
жатыр, оларда басып шығару, планшеттік сканерлеу жəне факс функция-
лары біріктірілген. Олар дербес (ДЭЕМ-ның қатысуысыз) құжаттарды
көшірмелеуге, факсимильдік хабарламаларды қабылдауға жəне жіберуге,
цифрлық фотокамера қосылған жағдайда — сапалы суреттерді басып
шығаруға қабілетті.
Монополиялық қолданыстағы қазіргі принтерлерде USB интерфейсі
немесе сымсыз байланыс ДЭЕМ-мен негізгі қосылуы болып қала береді,
көпқолданушылық аппараттарда желілік карталар қолданылады.
1
6.6
-сур. Сублимациялық принтердің жұмыс істеу принципі:
1 — қағазды жылжыту білігі; 2 — термобастиек; 3 — түрлі-түсті бояғышы бар
таспа; 4 — газтәрізді бояғыш; 5 — бояу нүктесі; 6 — қағаз парағы
Достарыңызбен бөлісу: |