21
Берілген машиналар класына алғашқы рет платаларды сумен салқын-
дату жылуды бұру үшін қолданылу керек болған кеңестік «Эльбрус-1»
(өнімділігі – 10 млн опер./с-қа дейін) жəне «Эльбрус-2» (өнімділігі – 125
млн опер./с-қа дейін) көппроцессорлы есептеу комплекстері жатады.
Дербес компьютердің пайда болуы микроЭЕМ-нің пайда болып
жетілдірілуімен тікелей байланысты, сол үшін бұл терминдерді кейде
синонимдар ретінде қолданған. Қазіргі кезде алғашқы толықфункционалды
дербес компьютердің қашан жасалғанын анықтау қиын. Кейбіреулер
алғашқы дербес ЭЕМ 1973 ж. Францияда жасалып шығарылған деп
есептейді (оның авторы – Труонг Тронг Ти).
1973 ж. Xerox компаниясы Alto дербес микрокомпьютерін ұсынған, онда
алғашқы рет экранға графикалық терезелер түрінде бағдарламалар мен
файлдарды шығару принципі көрсетілген. Келесі жылы атағы шыға
қоймаған америкалық фирма жасаған Altair-8800 компьютері сатылымға
шықты, оның мүмкіндіктері өте шектеулі болғанымен (опертивті жады –
256 байт, пернетақта жəне экран болмаған) ол бірден танымал болып кетті.
Компьютердің
бұл
танымалдылығына
Билл
Гейтстің
(Microsoft
фирмасының негізін қалаушылардың бірі) кəсіби емес қолданушыларға
өздігінше бағдарламаларды оңай жазуға мүмкіндік берген «Бэйсик» тілінің
интерпретаторын жасауы негіз болған.
Дербес компьютерлердің көпшілік өндірісі мен іс-тəжірибеге енгізілуі
Стив Джобстың — 1977 ж. Apple дербес компьютерлерін шығарғанApple
Computer америкалық фирмасының басшысы мен негізін қалаушысының
атымен байланысты.
1981 ж. IBM фирмасы Intel фирмасының 16-разрядты 8088 микро-
процессорында жасалған ашық архитектуралы IBMPC (Personal Computer
— дербес компьютер) алғашқы микрокомпьютерін шығарды.
Компьютер монохромды тексттік дисплеймен қамтамасыз етілген, 160
Кбайт 5-дюймдық иілгіш магнитті дискеталарға арналған екі дискжетекке,
64 Кбайт оперативтік жадына жəне Microsoft фирмасынан тапсырыспен
алынған MSDOS дисктік операционды жүйесінің алғашқы нұсқасына ие
болған.
1982 ж. КСРО «Агат» ДЭЕМ-ын шығаруды бастады.
1984 ж. Apple компаниясы Motorola68000 микропроцессоры негізіндегі,
қолданушымен экранды əрекеттесудің орнатылған құралдарымен –
кішігірім суреттер – белгілер (пиктограмма) түріндегі басқару коман-
даларын енгізуге (белгілерді «тышқан» манипуляторының көмегімен
таңдай отырып) мүмкіндік беретін графикалық интерактивті интерфейспен
«Макинтош» (Macintosh) компьютерін ұсынды.
Осы жаңартулармен жəне 3,5-дюймдық дискеталардағы жинағыштармен
дербес компьютер кəсіби емес қолданушыларға қолжетімдірек болды.
22
1.1
-сурет. ДЭЕМ-ның заманауи түрлері:
а — үстел үстілік; б — ноутбуктар; в — қалталық
Ашық архитектура принципі ДЭЕМ-ға əсер еткені соншалық, тіпті ШМ
РС компьютерлеріне арналған əртүрлі құраушы жəне қосымша
құрылғылардың өндірісінде ғана емес, олармен үйлесімді əртүрлі есептеу
машиналарын шығаратын фирмалардың санында да екпінді өсу байқалды.
Осы кезден бастап дербес компьютерлердің өнеркəсіптік өндірісінің өсуі
басқа да өндірушілерді – жобалау негізіне ашық архитектура мен IBMPC
стандарттарын алған^mpaq, Zenith, АSТ, Арпто^ өндірушілерін қамтамасыз
ете бастады.
Мұндай ДЭЕМ қолданушылары өздерінің компьютерлерінің өмірлік
циклын ұзартуға – əртүрлі өндірушілердің заманауи құрылғыларымен
қамтып, бағдарламалық өнімдердің үйлесімділігін ойламай өз бетінше
олардың аппараттық бөлімін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Қазіргі кезеңде компьютерлердің соншалықты көп түрлері өндіріледі,
тіпті төртінші буын машиналарының барлық номенклатурасын қадағалау іс
жүзінде мүмкін емес, олардың дамуын болжау тіпті қиын (1.1-сурет).
ЭЕМ-ның төртінші буынының дамуына DOS-ты алмастырған Windows
операционды жүйесін үздіксіз жетілдіру анағұрлым деңгейде əсер етті.
ЭЕМ бесінші буыны. Бесінші буынды ЭЕМ-ға ақпаратты өңдеуден
табиғи тілдерді қолданумен кəсіби білімдерді нысандандырылған өңдеуге
өтуді қамтамасыз ететін жасанды интеллектпен оқытылатын жүйелер
жатады. Қолмен енгізу, сөйлеу жəне кескінді тану мəселелерін шешу үшін
1990-шы жылдардан бастап биологиялық нейрон моделін жəне оның
негізіндегі жасанды нейронды желіні қолдана бастады.
Нейрон, шын мəнісінде, кіріс сигналдардың суммасын нейронның өзінің
жағдайына байланысты функция мəніне түрлендіретін олардың қарапайым
сумматоры болып табылады.
23
Әр нейрон бірнеше кірістер мен бір шығысқа ие болуы мүмкін. Нейронды
желі бір нейрондардың шығысының басқаларының кірістерімен қосы-
луынан пайда болады. Нейронды желі сандық күрделі сұлбаға эквивалентті,
демек ол нейрокомпьютердің негізі бола алады. Белгілі бір мəселені шешу
үшін желіні бағдарламалау сəйкесінше нейрондар арасындағы байланысты
өзгерте отырып желі құрылымын өзгертетін оның оқытылуына негізделеді.
Мұндай ЭЕМ-ды жасау мүмкіндігі нанотехнологиядағы жетістіктерді
қолданумен, мүмкін басқа физикалық принциптер негізінде сапалы жаңа
компоненттерді жасаумен тығыз байланысты. Параллельді жұмыс істейтін
қарапайым элементтер – нейрондардың үлкен санының (бірнеше
ондықтардан 10
8
-не дейін) үлестірілген желісімен ұйымдасқан нейронды
құрылымды компьютерлер күрделі биологиялық құрылымдардың жұмысын
өндіре алады.
АҮИС өндіріс технологияларын жетілдіру дəстүрлі түрде жалғасуда.
Мысалы, Intel корпорациясы микропроцессорларды жинау үшін жеке-жеке
дайындалған корпустарды қолданбай, оларды микросұлба кристалының
айналасына «өсіруді» ұсынады. Алдын-ала бағалау бойынша бұл
миллиардтан астам транзисторлардан тұратын жəне 20 ГГц-ке дейінгі
тактілі жиіліктерде жұмыс істейтін көпядролы процессорларды жасауға
мүмкіндік береді.
Суперкомпьютерлер қазіргі кезде параллельді есептеулерді кеңінен
қолданады. Зерттеулерден байқағанымыздай, орта есеппен алғанда үстел
үстілік ДЭЕМ-ның есептеуіш қуаты суперкомпьютерлер өндірісінің
деңгейінен 13 жылға қалып келеді, себебі заманауи дербес компью-
терлердің өнімділігі бойынша сол кездегі суперкомпьютерлерге іс жүзінде
толығымен сəйкес келеді. Көпядролы процессорлы архитектураларды
енгізгелі параллельді бағдарламалау ДЭЕМ-да да тарала бастады.
Көпядролы процессорлардың базасында құрастырылған жүйелердің саны
шұғыл өсуде, сол себепті суперкомпьютерлердің дамуы келесі буынның
дербес компьютерлерінің архитектурасының қалыптасу преспективаларына
əсер ете бастайды.
Бесінші буынды ЭЕМ-ды жасап шығару бағдарламалары көптеген
елдерде қабылданған, жəне, мүмкін, алдағы уақыттарда олардың жүзеге асу
нəтижелерін білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |