31
1.8
-сурет. RS-триггерлердің (а) жәнеТ-триггердің (б) шарт-
ты белгіленуі:
R (Reset— тастау) — триггерді нөлдік жағдайға орнату кірісі; S (Set—
орнату) — триггерді бірлік жағдайға орнату кірісі; Т (Toggle—
релаксатор) — триггердің санағыш кірісі; С (Clock— сағат) —
синхрондаушы импульстер (тактілер) кірісі
1.9
-сурет. Синхронды RS-триггерлердегі п-разрядты регис-
трдің сұлбасы
Суммалаушы санағыш оның кірісіне келіп түскен сигналдарды санауды
жəне нəтижені көпразрядты екілік сан түрінде тіркеуді жүзеге асырады. т-
триггерлерден тұратын санағыш өзара байланысқан N импульстерге дейін
санауға мүмкіндік береді
N= 2
т
— 1.
Санағыштарда Т санағыш кіріске сигнал берген кезде өз жағдайын
қарама-қарсы мəнге өзгертетін Т-триггерлар қолданылады. 1.10-суретте Т-
триггерлерде құрастырылған суммалаушы т-разрядты санағыштың үш
разряды көрсетілген.
Импульстерді санау басталмас бұрын барлық триггерлер «Тастау»
сигналымен нөлге келтіріледі (z шығыстары 0-ге орнатылады).
32
1.10
-сурет. Суммалаушы m-разрядты санағыш
Кіріске (Вх) импульс келіп түсуімен алғашқы триггер 1 жағдайына
ауысады, екінші импульс оны 0 жағдайына ауыстырады, бірақ, сонымен
қатар келесі триггер 1-ге орнатылады жəне т.с.с. Мұндай санағыштар ЭЕМ-
да таймерлер ретінде жəне ағымдағы уақыт пен датаны санау үшін
қолданылады.
Триггерлер
ЭЕМ-да жинақтаушы
жəне
комбинациялы
типті
сумматорларды жүзеге асыру үшін қолданылады.
Сумматор екі екілік көпразрядты сандар кодтарын арифметикалық
қосуды орындауға арналған логикалық құрылғы түрінде болады. ЭЕМ-да
сумматор арифметикалық (азайту, көбейту, бөлу) жəне логикалық
(дизъюнкция
жəне
конъюнкция)
операцияларды
орындау
үшін
қолданылады. Әдетте сумматордың кірісі мен шығысында сандар кодтарын
жəне нəтижелерді сақтау жəне түрлендіру үшін регистрлар болады.
Регистрлар оқжатар типті статикалық жадын жасаушы жүйелі біріккен
құрылымға біріге алады. Оқжатар жады тізбектей жалғанған көпразрядты
регистрлармен жасалады (1.11-сурет) жəне ЭЕМ-да командалардың, ішкі
бағдарламалардың жəне т.б. орындалу тізбектілігін жасау үшін
қолданылады.
1.11
, а-суретте келтірілген регистрлі құрылым сигналдардың кідіріс
сызығының аналогы болып табылады, себебі ақпарат регистрлар бойымен
келу ретімен тізбектей жылжиды. Мұндай жадыдағы санау реттілігі FIFO
(first- in— first-out— «бірінші кірді — бірінші шықты») принципі бойынша
беріледі.
1.11 б-суретте келтірілген регистрлардан құралған жады FILO (first-in—
last-out— «бірінші кірді — соңғы шықты») алгоритмі бойынша жұмыс
істейтін стектік жады деп аталады. Регистр 1 стек шыңы болып табылады,
жəне ол арқылы оқу жүзеге асырылады. Кезекті блокты жазу кезінде
стектің барлық құрамы N регистры жағына жылжиды. Егер шыңынан
саналған ақпарат блогы алынып тасталынса, стек кері бағытта регистр 1
жағына жылжиды.
33
1.11
-сурет. Оқжатар типті регистрлі құрылым:
а — FIFO типті; б — FILO типті; Зп. — жазу кірісі; Сч. — ақпарат блогын
есептеу шығысы
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС үш базалық элементтерінде құрастырылған
логикалық құрылымдардың көптүрлілігі синтездеуге жəне электрониканың
дамуына қарай күрделі процессорларды, оперативті жəне тұрақты жадын,
ақпараттарды енгізу-шығару микросұлбаларын жəне ЭЕМ-ның басқа да
сандық түйіндерін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Базалық логикалық функцияларды атаңыз.
2. Логикалық элементтің ақиқат кестесі нені білдіреді?
3. ЖӘНЕ-ЕМЕС үшкірісті функциясы үшін ақиқат кесте-
сін құрыңыз.
4. ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ бульдік функцияларының алгебра-
лық өрнектерін жазыңыз.
5. Қандай ЭЕМ құрылғыларында кері байланысты логи-
калық сұлбалар қолданылады?
6. Триггерлардың түрлерін және олардың қолданылу
аймақтарын атаңыз.
34
1.4.
ЭЕМ ЭЛЕМЕНТТІК БАЗАСЫ
ЭЕМ архитектурасының пайда болуы мен алдағы жетілдірілуі ваку-
умдағы, қатты денелердегі, олардың беттік қабаттарындағы, сұйықтық, газ
жəне плазмадағы ионды жəне электронды үрдістерді зерттейтін
электрониканың дамуымен тығыз байланысты. Электроника вакуумды,
ионды, шалаөткізгішті, оптикалық жəне кванттық электронды құрылғы-
лардың элементтік базасының өндірісіне арналған теориялық жəне практи-
калық негізді жасады.
Электромеханикалық есептеу машиналарынан электрондыларға (бірінші
буынды ЭЕМ) сапалы өту электронды лампаларды қолданудың арқасында
мүмкін болды (1.12-сурет).
Электронды лампа — бұл əрекеті электродтар көмегімен пайда болатын
электр өрісімен электрондар ағынын (шоқтану жібімен қыздырылған
катодтан алынатын) өзгертуге негізделген электровакуумды құрылғы.
Алғашқы электродты лампаны (вакуумды диод) ағылшын физигы Джон
Флеминг 1904 ж. құрастырды, көп ұзамай триод жасалды, содан соң
бесэлектродты лампа – пентод жəне т.б. жасалды. Электронды лампалар тек
радиоэлектронды құрылғыларды ғана емес əртүрлі дискретті құрыл-
ғыларды да жасауға себепші болды. Мысалы, орыс оқымыстысы Михаил
Александрович Бонч-Бруевич (1918 ж.) ойлап тапқан триггер екі триодтан
құралған жəне екі тұрақты жағдайдың біреуінде бола алатын, яғни 1 бит
ақпаратты сақтай алатын болған.
Дегенмен шалаөткізгішті электроникадағы жетістіктерді (транзисторды
жасау) лампа негізіндегі ЭЕМ жасаудың келешегі жоқтығы шарттады.
1.12
-сурет. Электронды лампаның (триодтың) графикалық
белгіленуі:
1 — тор; 2 — анод; 3 — шоқтану жібі; 4 — катод
Достарыңызбен бөлісу: |