103
Әрбір жолдардағы секторлар арасында аралас секторлардың мəліметтерін
кенеттен өшіп қалудан қорғайтын аралық болады. Сондықтан, формат-
талғаннан кейін сектордың мəліметтерге қатысты қолжетімді сыйым-
дылығы 512 байтқа дейін төмендейді жəне дисктің жалпы көлемі азаяды
(мысалы, 1,6 Мбайт сыйымдылықтағы жұмсақ диск форматталғаннан
кейін, қолданушыға сыйымдылығы 1,6 Мбайт қолжетімді болады).
Толықтырғыштар мен ОЕҚ арасында мəліметтер алмасу секторлардың
бүтін сандарымен біртіндеп жүзеге асырылады. Дисктің ортасынан бастап
бірдей қашықтықтықта жатқан магнитті жолдарының жиынтығы цилиндр
деп аталады.
Жұмсақ екіжақты дискте бір цилиндрге екі жолдан келеді (дисктің
жоғары жəне төменгісі); қатты дискте пакетте 10 магнитті дискке дейін
жиналуы мүмкін, сондықтан бір цилиндрге 20 жолдан келеді. Жолдар
арасында өзара бөгетті болдырмау үшін арнайы белгіленген қорғаныс
аралықтар болады.
Дискеттегі мəліметтер үнемі кластердің белгіленген санына еселенген
файлдарда сақталады.
Кластер — бір немесе бірнеше жолдар секторынан тұратын дискке
ақпаратты орналастыратын минималды бірлік. Бір файлмен бөлінетін
кластер кез-келген жолда кез-келген бос орында орналасуы мүмкін.
Жұмсақ магнитті дисктер немесе флоппи-дисктер барлық уақытта
ақпаратты резервті көшірме жасаудың негізгі жəне ең қолжетімді құралы
ретінде, сонымен қатар мəліметтерді дербес компьютерлер арасында
алмасу үшін пайдаланылды.
ДЭЕМ-да жұмсақ дисктің екі типтік өлшемі: 5-дюмдік (133 мм) жəне 3-
дюмдік (89 мм) өлшем пайдаланылады. 3,5-дюмді дискетке деген
қажеттілік жыл өткен сайын төмендеуде, ал 5,25-дюмдік диск шығару оның
сыйымдылығының аздығына жəне дисковод көлемінің үлкендігіне
байланысты əлдеқашан тоқтатылған.
Диаметрі 133 мм дискеттер иілгіш тығыз қағаз конверттер (футляр)
ретінде саналды, оған тозуға төзімді ферромагнитті қабатпен жабылған
жұмсақ лавансты ақпарат тасымалдағыш орналастырылған. Футлярда
дисктің дисководта айналуын қамтамасыз ететін орталық ойығы, дисктің
беткі қабатын магнитті бастиекпен байланыстыратын терезесі жəне
ақпаратты жазуға жəне оқуға тыйым салатын оқшаулағышы (мысалы,
жабысқақ лента жабыстыру), бүйір жағында кішкене ойығы болды.
89 мм диаметрлі дискеттің конструкцияға ұқсас, бірақ пластиктен
жасалған неғұрлым қатты футляры болады, оған қоса ол қоршаған ортаның
қолайсыз əсерінен жақсы қорғалған (3.13 сур).
104
3.13 сур. 3,5-дюймді дискеттің сыртқы түрі:
1 — футляр; 2 —дискетті құру бағытының көрсеткіші; 3 — пердеше; 4 — эти-
кетка; 5 — үлкен сыйымдылықты дискеттегі датчикке арналған ойық; 6 —
орнатылған ауыстырып-қосқышы бар, жазуды блокадалайтын терезе; 7 —
пердеше ашық кезде магнитті дискке бастиектің жетуін қамтамасыз ететін
ойық; 8 — аса жоғары сыйымдылықты дискеттегі датчикке арналған ойық.
Дискеттің беткі қабатының зақымдалудан қорғау үшін ақпаратты
оқу/жазу терезесі серіппелі металл пердешемен жабылған, ол дискетті
дисководқа салған кезде ашылып, бастиекті дисктің магнитті бетіне жетуін
қамтамасыз етеді. Жұмсақ диск арнайы жабындымен қорғалады, ол дисктің
магнитті қабатын жəне оған жазылған ақпаратты кірден, шаңнан, судан,
майдан, саусақ іздерінен жəне кейбір ерітінділерден сақтайды.
Футлярдың келесі бетінде орнатылған тесігі бар металл шайбамен
дөңгелек ойық жасалған, бұл жұмсақ дисктің дисководта айналуын
қамтамасыз етуге арналған.
Жазуды блокадалау дискке, футлярдың сол жақ бұрышына орналасты-
рылған, арнайы ажыратып-қосқыш (пластикті жапқыш) арқылы орнаты-
лады. Диск жазудан терезе ашық кезде қорғалады; егер жапқыш терезені
жабатын болса, онда жазуға рұқсат етіледі.
Футлярдың оң жақ төменгі бұрышында дисковод датчигімен дискеттің
тығыздық деңгейін анықтайтын ойық болады. Егер дискет типіндегі датчик
ойығы қорғаныс ойығына қарама-қарсы орнатылған болса, онда дискет
сыйымдылығы 1,44 Мбайтты құрайды. 2,88 Мбайтты аса жоғары
сыйымдылықты дискетте ойық дискеттің жоғарғы бөлігіне жылжытылған.
Дискеттердің жұмыс қабілеттілігі 5°C-ден 50°C-ге дейінгі темпера-
турада сақталады.
105
Қатты магнитті дисктерде толықтырғыштар көбінесе, дисководта
орналастырылады, бірақ бірнеше дисктен тұратын ауыстыратын картриджі
бар перифериялық құрылғы да болады, мысалы,Jaz желісі. Жазу/оқу
бастиектері ауыстырмалы картридж немесе дисководта болады. Қатты
дисктердің неғұрлым кең тараған типтік өлшемдері мыналар: көлемі 2
Гбайттан асатын 3,5; 2,5; 1,8 жəне 1.
Қатты дисктердің сыйымдылығын арттыру үшін түрлі жолдарда
секторларды ауыспалы сандарымен форматтайды. Сыртқы цилиндрлер
шеңберінің ұзындығынан көбірек ақпаратты қамтиды, сондықтан оған ішкі
цилиндрмен салыстырғанда секторлардың көбірек саны форматталады.
ДЭЕМ-да қатты магнитті дисктерді пайдаланудың қолайлылығы үшін
бірнеше логикалық дисктерге (томдарға) бағдарламалық құралдармен жиі
бөледі, мысалы жүйелік аумақты пайдаланушы файлдардан бөлу үшін. Бұл
үшін операциялық жүйе көмегімен жоғары (логикалық) деңгейдегі
форматтау пайдаланылады.
Қатты дисктерде мəліметтерді сақтауды жəне атау беруді ұйымдастыру
үшін ақпаратты физикалық сақтау форматын анықтайтын жəне оның
атрибуттарын (мысалы, файл атауы, өлшем, тек оқу үшін, жүйелік)
операциялық жүйемен байланыстыратын файлдық жүйе пайдаланылады.
Алғашында көптеген файлдық жүйелер FAT (File Allocation Table —
файлдарды орналастыру кестесі) негізінде құрылды: FAT 12, FAT 16, FAT
32 (кластер нөмірімен тағайындалған код разрядтылығымен ерекшеленеді);
олар қазіргі уақытта белгілі барлық операциялық жүйелермен басқарылды.
ДЭЕМ-да кеңінен таралған файлдық жүйе 16 Мбайтқа дейінгі
сыйымдылықтағы бөлімдерде (мысалы, жұмсақ дисктерде) пайдаланы-
латын ҒАТ 12 жəне қатты дисктермен жұмыс жасайтын кезде пайдала-
нылатын, том көлемі 512 Мбайттан 2 Тбайтқа дейінгі FAT32 (File
Allocation Table 32-bit — файлдарды орналастырудың 32 разрядты кестесі)
жүйелері болды.
FAT файлдық жүйесіндегі əрбір логикалық диск жүйелік (қызметтік)
аумақтан тұрды, ол өз ішінде жүктеме секторын, файлдарды орналастыру
жəне түбірлі каталог кестесінің екі көшірмесі (тоқтап қалудан қорғау),
сонымен қатар мəліметтер (кластерлер) аумағын қамтиды. ҒАТ-та
қуатталатын кластердің максималды өлшемі 32 Кбайтты құрайды. Жүктеме
секторы қатты дисктегі (цилиндр 0) бірінші сектор болып табылады, ол
дисктегі бөлімдер тізбегінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |