Синтез - заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция - белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу аркылы жекеліктен жалпылықка өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әркашанда толық емес.
Дедукция жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика,
юриспруденция, қисында қолданылады.
Экстраполяция - белгілі бір жеке ғылымнын әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы турде).
Модельдеу - кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |