Теория - зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі мән-мағынасын ашатын, практика аркылы дәлелденген, кайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдык моделін (үлгісін) жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың аркасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, кұкықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Танымның практикалық табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді канағаттандырып кана қоймайды. Оның негізгі мақсаты өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты орасан-зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.
Заң - зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.
Енді таным методологиясын талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
Жеке ғылым әдістері
Жалпы дүниетану әдістері
Ең жалпы (универсалды) методологиялар.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. Ол - оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с, бар, физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласыңда белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.
Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз (107-6.)- Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдала-нылады.
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, модельдеу, тарихтык және қисындық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады.
Абстрактілеу дегеніміз зерттеліп жаткан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалпылау - жинақталған жактардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде үғымдану.
Анализ - зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |