Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет242/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

с) сана мен ми

Сана қаншалықты идеалдық қүбылыс болғанмен, белгілі бір материалдық негізсіз өмір сүре алмайды. Осы арада психо-физиологиялық мәселе пайда болады.

Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялык негізі адамның миында жатыр. Ол, негізінен алғанда, екі жарты шарды кұрайды. Оның үсті өте нәзік қабықтан - нейрон клеткаларынан тұрады. Орташа есеппен алғанда олардың саны 14,5 млрд. Әрбір нейрон клеткасы адам саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы бір-бірімен байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық байланыс нүктелері пайда болады. Егерде шахмат ойыншылары 64 клеткада 32 фигуралармен миллиондаған ойын варианттарын тудыра алса, 70 млрд. жуық «клеткалары» бар мидың потенциалы шексіздікке кетпей ме?! Адамның миы өз салмағының 2,5%-ын құрағанмен, организмнің қабылдайтын оттегінің 20%-ын жағады екен, бұл да ғажап емес пе? Яғни жүрекпен қатар, ми да өте интенсивті жұмыс істейтін мүше екені анықталды.

Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы Дүниедегі құбылыстарды қабылдап, алынған ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми бөлімдеріне жеткізеді, міне, осы сәтте оларды сараптау басталады. Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттык өрістер» негізінде жүреді.



Ал мидың ішкі құрылымдарына келер болсақ, олар әлі дұрыс танылмаған, өте күрделі де көне болып танылады. Олар бүкіл физиологиялық үрдістерді бейсаналык жолмен ретке келтіріп отырады деп болжауға болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз минутына 60 рет соқса, оны басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет элктроимпульс жіберіп, оны соқтыртады... Адамның бауыры әсіресе интенсивті түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға шейін істейді екен. Бұл үрдістің уакытын анықтап басқаратын мидың арнаулы бөлігі бар т.с.с.Миды зерттеудегі негізгі қиындық - адамның ең биік құндылық екендігі, олай болса, оған ешқандай эксперименттер жасауға болмайтындығы. Сондықтан адамның миы тек жанама түрде ғана зерттеледі. Мұндағы зерттелмеген нәрселер - шаштан да көп.
д) Сана және онын әлеуметтік табиғаты

Ми сананың өмір сүруінің физиологиялық негізін құрғанына қарамастан, ол - тек кұрал ғана. Сондықтан да тарихта өмір сүрген улы адамдардың миының ерекшелігі зерттелген кезде, онда ешқандай ерекшелік байқалмады. Мысалы, француз жазушысы А.Франстың миының салмағы 1100 г. болса, И.С.Тургеневтікі 2200 г. болған. Лениннің миынан да ешқандай ерекшелік табылмаған. Адам ми арқылы ойлағанмен, оның негізгі органоны коғамның өзі болып табылады. Адам басқа адамдар, жалпы қоғаммен, кітаптар арқылы өткен ұрпактармен сан қилы шым-шытырық байланысқа түсудің негізінде өз ойын дамыта алады. Сана - адамдар жасаған әр затта, оны айнала қоршаған «жасанды табиғатта» сөнген. Өзінің өмірінің барысында сол заттарды пайдаланып, адам ондағы сөнген рухты қайта тірілтіп, өз санасының қүрамына айналдырады.



«¥лы мәртебелі Табиғаттың» жасаған «аянышты тәжірибелеріне» тоқталсақ, жоғарыда айтылған ойдың ақикаттығына көзіміз жетеді. 1920 ж. Үндістан еліндегі орманда каскырдың соңында төрт аяқтап жүгіріп бара жатқан екі егіз кыз ұсталады. Олар қаскыр алып кетіп өсірген Амала мен Камала болып шығады. Оларды адами өмірге қайтару мақсатында Дели университетінің психология факультетінде зерттейді. Ақырында, адами катынастарға шыдай алмай Амала өледі де, Камала 16 жасқа шейін өмір сүріп, небары 30-ға тарта сөздің мән-мағынасын ұғады. Бірақ ол сөздерді сөйлем ретінде бір-бірімен ұштастырып айта алмайды. Олар күндіз енжар болып калғу үстінде болса, түнге карай көздері жарқырап, қасқырша ұлып, белсенділік көрсетеді...

Екінші ғылыми экспериментті Кеңес Одағының көрнекті ғалымдары В.Мещеряков пен Э.Ильенков 60-шы жылдарда жасайды. Олар көзі көрмей, кұлағы естімей туган 4 баланы тәрбиелеп, адами өмірге әкеледі. Ең алдымен оларды кеңістікті сезінуге үйрету керек болды. Ол үшін балаларға емізікпен тамақ берген кезде, оны бірте-бірте аузынан алшақтатады, бала болса оны қолымен ұстап жібермеуге тырысады, яғни ол кеңістікті сезіне бастайды. Жүре келе олардың қолына қасық ұстатып, тәрелкеден тамақ алып, аузына жақындатып салуға үйретеді т.с.с. Сонымен адами заттарды игерудің аркасында олардың сана-сезімі оянып, олар адамдардың қатарына косылып, тіпті сөйлеу дәрежесіне дейін көтеріледі. Қалам иесі 1976 ж. болған ММУ-дағы жұмыс сапарында олармен көзбе-көз кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Олар ол кезде психология факультетінің студенттері еді... Бұл теңдесі жоқ ғылыми теріске шығарды, сонымен қатар сананың әлеуметтік табиғатты эксперимент И.Канттың кеңістік жөніндегі априоризмің шынайы көрсетті.

Келесі экспериментті АҚШ-тағы ғалымдар жасады. Олар шимпанзенің жаңа ғана туған баласын қолдарына алып, әлди-әлди өлеңдерін айтып, адами жолмен тәрбиелеп өсірді. Бірақ ол сөз ұғу дәрежесіне көтерілмеді. Сонымен қатар ол 240-қа жуык «ымдау тілімен» (язык жестов) айтылған мән-мағынаны түсінетін дәрежеге көтерілді. Қаншалықты тәрбиелесе де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты.

Бұл айтылған деректердің бәрі де сананың әлеуметтік адами құбылыс, ал мидың өзі ойлау кұралы екенін көрсетеді.




жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау