Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық



жүктеу 5,05 Mb.
бет239/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық

Болмыстың өмір сүру формаларын талдай келе, біздің алдымызға келесі сұрақ келеді: осы сан алуан себептілік пен қажеттілік, мүмкіндік пен кездейсоқтық т.с.с. жақтарымен құбылып жатқан болмыста не бар? Оның шеңберінде әртүрлі заттар мен құбылыстар, соның ішінде ішкі рухани өмірі бар адам да бар. Ең кең, шегіне жеткен түрде алып қарағанда, әрине, оны материя мен санаға, рухқа теңеуге болады.

Адам саналы пенде ретінде өзіндік санасын тудырады, сол себепті ол бүкіл Дүниені өзіне қарсы койып қарайды (соның ішінде басқа адамдарды да өзінен бөлек санайды). Осы арада көп сұрақтар пайда болады: «Бұл Дүние не?», «Мен неге бұл Дүниеге келдім?», «Менің жаным осы денеммен бірге сөне ме, я болмаса мәңгілік өмір сүре бере ме?», «Дүние шектелген бе, я шексіз бе?». Мұндай сұрақтардың санын жүздеп келтіруге болады. Оларға жауап беру барысында біз қажетті түрде материя мен сана категорияларына келіп тіреліп, олардың арақатынасын зерттеуге мәжбүр боламыз. Міне, осы арада философияның негізгі мәселесі пайда болады.



Соңғы жылдары «философияда негізгі мәселе жоқ, оның барлық мәселелері - негізгі. Оны идеологиялық бүркеме ретінде уақытында Ф.Энгельс енгізген» деген пікір пайда болды. Алайда мұндай көзқарас шындықка лайықты емес, оның өзін жаңа «идеологиялық бүркеме» ретінде қарауға болады. Ал шындыққа жүгінсек, бүкіл философия тарихының негізінде осы мәселені шешу талпынысы жатқанын байқауға болады.

Негізінен алғанда, сана мен материяның арақатынасын анықтауда 3 бағыт бар. Оның бірі - материализм, екіншісі - идеализм, үшіншісі - реализм.

Материализм бағытының негізгі категориясы материя ұғымы (materia латынша - зат).

Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы-сезімдік заттардан көрді (Фалестің суы, Гераклиттің оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы -Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әртүрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен рух дегеніміз - қозғалыстағы жеңіл атомдар.

«Ештеңеден ештеңе пайда болмайды», сондықтан атомдар мәңгілік өмір сүреді, олар ешқайда жоғалмайды. Дүниедегінің бәрі қажетті де себепті. Демокрит Құдайды мойындағанмен, ол жер мен көктің екі ортасында өмір сүреді, оның бұл Дүниеге қатысы жоқ деген батыл көзқараста болды.



Жаңа дәуірдегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғалымдар материяны табиғаттың заты, оның қасиеттерімен теңеді (Ламетри, Гоббс, Гольбах т.б.). Бұлардың ойынша, рухани өмір материалдық элементтерден тұрмайды, ол материяның жалпы қасиетіне жатады. Бұл, әрине, алға жылжулықты көрсетті. Т.Гоббс: «Зат адамның санасында өзінің тікелей ізін қалдырмайды, оның тигізетін ықпалы адамның миына жеткенше біршама сатылардан өтеді...» - деген пікір айткан болатын.

XX ғ. басында материя жөнінде жаңа гносеологиялық (танымдық) тұжырым пайда болады. Ол, негізінен алғанда, ғылыми-техникалық прогреспен, ескі атомистиканың күйзелісімен байланысты болатын. Материяны заттық субстратқа (негізге) теңеуге болмайды. Материя дегеніміз объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни ұғым.

Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы: материяны субстанциялық- аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя тек қана физикалық реалдык емес, сонымен қатар рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі.

Ал енді идеалистік бағытқа келер болсак, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқы негізі) рухани болмыста жатыр. Идеализмнің дүниеге келуінің алғышарттарына адамның өмірлік практикалық мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл бөледі. Егер материализм, негізінен, сыртқы Дүниені тануға бағытталған философия болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам, оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның негізгі мәселелеріне айналады.

Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс -шынайы болмыс, ал сезімдік дүние - оның бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғана. Бұл ойын Платон былайша дәлелдейді. Дүние жөнінде адамдардың әртүрлі пікірі бар, оларды тек қана білім арқылы тексеруге болады. Білім ақиқатқа әкеледі, соңғының көрінісі ұғымда жатыр. Егер сезімдік таным өне бойы өзгерістегі сезімдік-заттық дүниені бейнелесе, ұғым өзінің тұрақтылығымен сипатталады. Ал олай болса оған сәйкес өзгермейтін, жетілген, кемеліне келген эйдос әлемі бар. Ұғым арқылы біз заттың терең мәнін ашамыз. Олай болса, ұғым мен сезімдік танымды бір-бірімен салыстырсақ, олар болмыс пен елес секілді.

Оның ойынша, адам - қайшылықты пенде. Оның денесімен катар, жан дүниесі бар. Дене сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны — эйдос әлемі, сондықтан ол — мәңгілік.



Әрине, Платонның философиясы қайшылыкты. Бір жағынан, біз сезімдік әлем мен эйдос әлемінің арасындағы кайшылықты көрсек, екінші жағынан, дене мен жанның ымыраласпайтынын байқадық.

Орта ғасырдағы діни философия идеалистік көзқарасты әрі қарай дамытады. Философияға бірқұдайлыққа өтуге байланысты сенім категориясы кіреді. Көне замандағы дана емес, сенетін адам ғана ақиқатқа жете алады деген пікір кіреді.

Эйдос әлемі Қүдайдың ойына айналып, адамдардың санасындағы ойлар Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады. Құдай Дүниені жоқтан жаратқаннан кейін, оның ойы зат әлемінің алдында келеді, ал адамның танымында зат алда жүреді. Орта ғасырда жан-дүние ұғымымен қатар рух пайда болады.

Бұл идеяларды дамытуға Жаңа дәуірде Р.Декарт өз үлесін қосады. Оның ойынша, жан - материядан бөлек субстанция және оның негізгі қасиеті - ойлауда. Егер материя тек кеңістікте созылатын енжар зат болатын болса, жан өз белсенділігімен танылады. Сонымен қатар адамның санасында туа біткен қажетті идеялар бар: ол - адамның «мендік» идеясы, математикалык идеялар, Құдай идеясы.

В.Г.Лейбниц идеалистік философияның жаңа түрін Дүниеге әкеледі. Адам өзінің ішкі жан дүниесінің бар екенін өз тәжірибесінде анықтайтын болса, онда басқа заттардың да жаны бар деп ойлауға болады. Егер Демокрит көзге көрінбейтін атомдарды мойындаса, Лейбниц көзге көрінбейтін өз-өзіне жеткілікті жандарды - монадаларды философияға енгізеді. Мұндай көзқарастың шеңберінде Құдайдың өзі монаданың монадасы ретінде қаралуға тиіс.



Неміс классикалық философиясында идеалистік философия әрі қарай дамиды. И.Кант өзінің трансцендентальдық философиясында шынайы болмыс бізге танылмайды деген пікірге келеді. Біздің танып-білетініміз - тек құбылыстар әлемі. Біз өзіміздің априорлық, тәжірибеге дейін берілген сезімдік және ақыл-ой категорияларымыз арқылы тәжірибеде берілген мазмұнды ретке келтіреміз. Бірақ адамның осы априорлық категорияларға тәуелсіз бір қасиеті бар, ол - адамның ішіндегі ар-ұжданы, адамгершілік заңы. Ол ерікті ырықты, адамның шексіз жетілуін, олай болса, өлместікті, ал онымен бірге Құдай идеясын талап етеді. Олай болса, шынайы болмысқа таным арқылы емес, оған тек діни сенім аркылы ғана жетуге болады.

Алайда Канттың бұл идеялары оның әріптестерін канағат етпей, олар ғылыми деректерге сүйене отырып, бүкіл Дүниені ақыл-ойдың қисынына сәйкес дамуы ретінде түсінгілері келді (Фихте, Шеллинг, Гегель). Осы идеяға сүйене отырып, ұлы Гегель философия тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жүйе жасады. Оның негізінде Абсолюттік Идеяның өз-өзін тану жолында басқа болмысына, яғни Дүниеге айналып, өзін соның шеңберінде ширатып адамның санасы мен объективті рухты тудыруы, соның нәтижесінде Абсолюттік Рухтың сатыларына көтерілуі жатты. Яғни болмыс пең кұбылыстың арасында қазылған ешқандай ор жоқ, олар бір-бірімен диалектикалық байланыста деген тұжырымға келді.

Маркстік философияда бұл мәселе керісінше шешілгенмен, сол нәтижеге келді. Дүниені ешқандай Абсолюттік Идея тудырған жоқ. Ол – мәңгілік өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамып жатқан материалдық Дүние. Өз даму барысында ол тіршілікті тудырып, соңынан тарихқа саналы пенде - адам табиғи түрде келеді. Ол өз санасында Табиғаттың заңдылықтарын бейнелеп, құбылыстарды зерттеу арқылы объективті дүниедегі үрдістердің мән-мағынасын аша алады. Соның нәтижесінде ғылым мен философия дүниеге келіп, адам айнала қоршаған ортаны өзінің шығармашылық іс-әрекеттері арқылы өз өміріне лайықты қылып қайта өзгертеді. Маркстік философия сана мен рухты материалдық болмыстан шығарғанмен, олардың салыстырмалы дербестігін, тәуелсіздігін, өзі туғызған материалдық дүниеге қайта әсерін тигізетінін мойындайды.

Қорыта келе айтайын дегеніміз, материализм мен идеализмнің екеуі де өз дамыған формаларында реализм бағытына толығынан қосылмағанмен, жақындай түседі.

Енді реализмге келер болсақ, бұл бағыт Шындықтың екі жағын да толығынан мойындап, я болмаса оларды Болмыстың құндылығы жағынан тең екі жағы ретінде түсінеді. Олай болса, бұл бағыт материализм мен идеализмнің біржақтылығын мойындамайды.



Философия тарихында алғашқы реалистік жүйе жасаған «бірінші мұғалім» Аристотель болған-ды. Ол грек философиясының натурфилософиясындағы негізгі жетістіктерді Платонның идеалистік идеяларымен ұштастырып, «материя» мен «форманың» екеуінің де тең құндылықтығын айтады. Оның формуласы «материясыз форма, формасыз материя жоқ». Бұл формуланы нақтылай келе, материяны «мүмкіндік» (dinamis), форманы «шындық» (energeia), іске асушылық ретінде түсінеді. Форма мақсатқа лайықтылық арқылы өмірге енеді. Оны ол энтелехия, яғни рухани күш ретінде қарайды, бұл жағынан ол Платонның «эйдостарына» жақын. Бірақ Платонның идеялары ерекше Әлемді құрайтын болса, Аристотельдің рухани күштері материямен бірге берілген. Өйткені Шындық материя мен форманың бірлігінен туады, соның негізінде жеке заттар мен құбылыстар өмір сүреді.

Жоғарыдағы көзқарас «жан-дүние» категориясын талдауға да үлкен жаңалық енгізеді. Ол Платонның философиясына сәйкес «сезімдік» өтпелі Дүние мен «Эйдос әлемі» екі ортасындағы дәнекер емес, ол - белсенді рухани өмірлік күш-куат.

Реализм өзінің жалғасын Орта ғасырлардағы схоластика ағымында тапты. Бірақ олар рухани күштің басымдылығын Құдай идеясынан іздеді.

Жаңа дәуірдегі Декарттың философиясында реализм бағыты ашық дуализмге айналады. Өйткен себебі, Декарт екі бір-біріне тәуелсіз субстанцияны ~ дене мен жанды мойындайды. Мұндай қайшылықты шешу жолында ол оларды бір-бірімен біріктіретін Құдайды мойындауға мәжбүр болды. Құдай – мәңгілік Абсолютті субстанция, ал дене мен жан субстанцияларына келсек, оларды жаратқан - сол Қүдайдың өзі.

Декарттың философиясын қанағат тұтпай, голландык ойшыл Б.Спиноза монистік реализм бағытын тудырады. Оның ойынша, бір ғана субстанция бар - ол Құдай, немесе Табиғат - шексіз субстанция. Ал дене мен жанға келер болсақ, олар осы субстанцияның негізгі атрибуттары, яғни қасиеттері. Сонымен тағы да Аристотельге қайтып оралғандай болдық. Бірақ «материя» мен «форманың» орнына «созылу» мен «ойлау» принциптері келеді. Осындай көзқарасқа сәйкес, енді материя мен формадан тұратын жеке зат субстанция емес, ол - жоғарыдағы шексіз қасиеттердің шектелген көрінісі - модустары ғана. Өйткені созылған заттың шегі бар, ол кеңістіктің шектелуі деген сөз, қабылдау болғаннан кейін, ойлаудың да шектелуіне әкеледі.

Сонымен реализм бағытында пайда болған «материя мен форма» категориялары, «дене мен жанға», соңында «созылу мен ойлауға» ауысты.

XX ғ. ұлы философы П.Т. де Шарденді де реалистік бағыттың үлкен тұлғасы ретінде қарауға болады. Оның ойынша, жаратылған Дүниенің екі күш-куаты бар: бір жағынан, ол тангенциалдық, яғни физикалық энергия болатын болса, екінші - осы Дүниені біріктіріп даму жолына итеретін радиалдық, яғни психикалық, рухани күш. Адамзат тарихының Дүниеге келген сатысынан бастап радиалдық рухани күш толығынан ашылып, адамның саналы іс-әрекеті арқылы Жаратылған Дүниені әрі карай жетілдіріп, болашақта Жер бетінде ноосфераның қалыптасуына әкеледі - дейді ұлы ойшыл (қараңыз: П.Т. де Шарден. Феномен человека. М., Прогресс, 1988 ж.)

Қорыта келе, реализм бағытының бүгінгі таңдағы философиядағы болашағының басымырақ екенін айтқан жөн.

Енді «материя» мен «рух» жөніндегі қазіргі ғылымдағы тұжырымдарға тоқталған жөн сияқты.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау