б) сана болмысы
Болмыстың екінші таңғажайып түрі - ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана - Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ «танымға» арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз.
Сана - материя емес, оны колға ұстап сындырып, я болмаса ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін аныктауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде карағанда, сана -адамның ішкі жан дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нактылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным -сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егерде біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен катар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай, «нағыз адам» толкынмен бірге емес, оған карсы жүзеді.
Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана коймай, сонымеп қатар өз ішкі жан дүниесіне сараптау жасайды, міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмі» соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде (рух жөнінде көлемді түрде қараңыз: «Мырзалы С.К. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали., Костанай, 1998, 220-264-6.).
Жалпы алғанда, рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл, тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін қоршаған ортадан бөлек алып, оған қарсы койып қарай алмайды. Оған қабілетті - адам ғана.
Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді.
Сонымен қатар рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны «объективизацияланған рух» дейміз. Мысалы, кайсыбір ұлы суретшінін туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінін рухани болмысына байланысты «Венера» мүсініне әртүрлі қарайды. Біреуі оны «құдіретті теңдесі жоқ әсемдік» ретінде кабылдаса, тайыз надан адам оған «нәпсілік» түрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса басқа саз формаларын кабылдағанда да соған ұксас тебіреністе боламыз, т.с.с. Дегенмен де рухтың «негізгі үйі» -- нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. Оған акыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдык, махаббат пен сүйіспеншілік, ізгілік пен акиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еркіндік пен әділеттілік.т.с.с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, «рух дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еркіндік пен мән-мағына... Рух дегеніміз - адам ішіндегі оның құдайлығы» (қараңыз: Н.А.Бердяев. Философия свободного духа., М., Мысль, 1994). Расында да, «Сенің осы Құдайың бар ма?» деп ашына айтқанымызда, адам руханиятының тайыздығын көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі неде деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын.
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский: «Дүниені сақтап қалатын Әсемдік қана», дейді. Әрине, көбісінде, әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен қатар біз өмірде «салқын лебі» бар, адамды адамнан алшақтататын әсемдікті көріп жүрген жоқпыз ба?
Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың жетістіктерін пайдалану жолында адамзат атомдық электр стансаларынан басқа неше түрлі жан түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па? Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімнің XX ғ. басында-ақ ар-ұжданның бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға әкелуі жөніндегі идеяларын еске алсақ та болғаны.
Сондықтан Шәкәрім рухтың өзегін ар-ұжданнан көрген болатын. Бұл пікірді ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтіруге болады. XX ғ. экзистенциализмнің көрнекті өкілі В.Франкл: «Ар-ұждан - адамның ішкі Құдайы», - деген болатын.
Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен
көреді. Орта ғасырдағы Августиннің айтқанындай, «сүй, содан
кейін не істесең де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның
жан дүниесін ақтара ашуға мүмкіндік аламыз. Нағыз махаббат
сүйген адамның әлі де болса ашылмаған жақтарын сыртқа
шығарып, оны гүлдетіп, шығармашылық жолға итереді. Дүниені
тану - тек қана табиғаттың заңдылықтарын ашу ғана емес, сонымен
бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл танымның онтологиялық терең іргетасы. Тек қана сүю арқылы, өзіңді осы Дүние деген мұхиттың бір кұрамдас тамшысы ретінде сезінгенде ғана, зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік аласыз. Оқырман өз дүниесезімінің ерекшеліктеріне байланысты өз руханиятының өзегін табар деген ойдамыз. Ал калам иесіне келер болсақ, рухтың өзегі ретінде ар-ұжданды карайды. Бүгінгі кай-шылыққа толы адамзат мәселелерін шешу тек саясаттың колында емес, ол әр адамның рухани-адамгершілік жетілуімен байланысты деген ойдамыз. «Мүндай қилы заманда тек ар-ұжданын жоғары койған адамзат өз өмірін сақтап қалады», - дер едік.
Достарыңызбен бөлісу: |