Өткен материалды еске түсіру
Кілт сөздер:
Тау-кен орындары, темір жол, қаржы
операциялары, ауыл шаруашылық өнімдері,
шетел және орыс капиталистері, ақша,
капитал, жұмысшы табы т.б
Үздіксіз сөйлеу
Сабақ тақырыбы:
Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
(2 сабақ)
Оқу мақсаты:
7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Бағалау критерийлері :
Сабақтың мақсаты:
Капиталистік қатынастардың дамуының Қазақстан өндірісіне, ауыл шаруашылығы мен саудасына, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі өзгерістерді екі жақты талдайды;
Тарихи концепт:
өзгеріс пен сабақтастық
Зерттеу сұрағы:
Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы
қалай басталды?
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
«Қазақ Еліне енген өзгерістер»
1-топ.
Капиталистік қатынастардың саяси өмірге ықпалы, оның пайдасы мен зияны
2-топ.
Капиталистік қатынастардың экономикадағы өзгерістері, оның пайдасы мен зияны
3-топ.
Капиталистік қатынастардың тұрмыс пен әл-ауқатқа әсері, оның пайдасы мен зияны
Мәтінмен жұмыс.
«Қазақ Еліне енген өзгерістер»
Дескриптор:
1-топ.
Капиталистік қатынастардың Қазақстан өндірісіне әкелген өзгерістерінің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды;
2-топ.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен саудасына әкелген өзгерістерінің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды;
3-топ.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік өміріне әкелген өзгерістердің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды.
1-тапсырма. Тұжырымдармен жұмыс.
«Бір жағынан», «Басқа жағынан қарағанда»
Бір жағынан қарағанда «Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы елге мынадай жағымсыз өзгерістер әкелді Атап айтсақ, Қазақ Елін енді орыс және шетел капиталистері тонай бастады..., ...»
Басқа жағынан қарағанда, «Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы елге мынадай жағымды өзгерістер әкелді. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында жаңа салалар:бау-бақша өсіру, балық аулау, бал-ара өсіру пайда болды..., ....» деп оқушы дәлелдер келтіруі мүмкін.
Дескрипторы:
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға әкелген жағымды әсерлерінің және жағымсыз әсерлерінің кемінде 1-уін анықтап, дәлелдейді;
Рефлексия. «Мен қай жердемін?»
Үйге тапсырма.
Тарихи хат жазу.
Ресей патшасына болашақтан хат жолдаңыз
(70-100 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |