Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011 удк



жүктеу 2,14 Mb.
бет16/18
Дата25.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#27253
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ

14 - тақырып:

14.1. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ МЕН САУЫҚТЫРУ
Қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың мұрагерлік қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның мүлкі мен істерін таратпай-ақ құқықтық жағдайын өзгерту.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру қызмет етуді тоқтату тәсілі болып табылады. Ол келесідей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • бірігу;

  • қосылу;

  • бөліну;

  • бөлініп шығу;

  • қайта өзгеру.

Қайта ұйымдастыру құзіретті құрылтай құжаттары бар заңды тұлға органымен немесе оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша өткізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру үрдісінің маңызды элементі, олардың құқықтары мен міндеттерінің мұрагерлігін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені аталған үрдіс әмбебап құқықтық мұрагерлікке негізделген, ол мұрагерге қайта құрылатын заңды тұлғаның міндеттері мен құқықтарын шектемей, толығымен беруді қарастырады. Іс жүзіндегі пайдаланып жүрген заңнамамен қайта құрылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болатын заңды тұлғаға келесідей тәртіпте беріледі деп бекітілген:

қайта құрылу, бірігу мен қосылу кезінде – беру актісіне сәйкес;

бөліну және бөлініп шығу кезінде – бөліну балансына сәйкес.



Бұл жағдайда, беру актісі мен бөліну балансындағы құқықтық мұрагерлік туралы ережеде, қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілер мен борышкерлерге қатысты міндеттемелері және басқа да тараптар алдындағы міндеттемелері толығымен қарастырылуы қажет. Аталған құжаттар заңды тұлға мүлкінің иесімен немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешімді қабылдаған органмен бекітіледі. Қайта құрылған заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін олар міндетті түрде тіркеуден өтуі керек. Қайта құру процедураларын өткізу кезінде беру актісін немесе бөліну балансын құрастыруға ереше назар аудару керек. Өйткені аталған құжаттардың типтік нысандары іс жүзінде заңмен бекітілмеген. Ең алдымен, бұл құжаттарды құрастыру алдында көрсетілген мәліметтердің растығын дәлелдеу үшін міндеттемелер мен мүлікті түгендеуді өткізу керек (43-сурет).


43-сурет. Қайта ұйымдастыру нысандары
Ұйымдардың бірігуі деп бір немесе бірнеше ұйымдардың барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен немесе олардың қызметін тоқтату арқылы жаңа ұйымның пайда болуын айтады. Ұйымдардың бірігуі кезінде олардың әрқайсысының барлық құқықтары мен міндеттері жаңа құрылған ұйымға беру актісі бойынша өтеді.

Ұйымдардың қосылуы деп басқа ұйымға барлық құқықтары мен міндеттерін бере отырып бір немесе бірнеше ұйымдардың өз қызметтерін тоқтатуын айтады.

Ұйымның бөлінуі деп қайта құрылатын ұйымдарға барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен, ұйымның қызметін тоқтатуын айтады.

Ұйымның бөлініп шығуы деп қызметін тоқтатпай, қайта ұйымдастырылатын ұйымның құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігін беру жолымен бір немесе бірнеше ұйымдардың құрылуын айтады.

Ұйымның қайта өзгеруі деп заңды тұлғалардың жеке ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары туралы ҚР АК ережелеріне сәйкес бір ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлғаның басқасына айналуын айтады.

Беру актісі келесідей ақпараттарды қамтығаны жөн:

• қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның және құқықтық мұрагердің аталуы мен ұйымдық – құқықтық нысаны;

• мерзімі мен қайта ұйымдастырудың ұйымдық нысаны;

• қайта құрылатын құқықтық тұлғаның, оны қайта құру мерзіміндегі активтері мен пассивтерінің баланстық сомасы және оның бөлімдері бойынша таңдамасы;

• алынатын бухгалтерлік есеп нысандарының және басқа да құжаттардың тізімі; дебиторлық және кредиторлық борыш бойынша аналитикалық мәліметтер; кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрығы, салыстыру ведомостары, түгендеу құжаттары және т.б.

Бухгалтерлік баланстың типтік нысаны бойынша құрастырылатын бөліну балансы, бұрынғы жұмыс істеген заңды тұлғаның жалпы балансы мен барлық жаңа тұлғалардың баланыстарынан тұрады.

Мүліктік құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мұрагерге тіркеу кезінде өтеді. Егерде заңнамалық актілермен немесе қайта құру туралы шешіммен басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Қайта құру үрдісінде маңызды жағдайлардың бірі қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілерді уақытылы жазбаша ескертуі болып табылады. ҚР АК 48 бабы осы аталған жағдайды реттейді.

Жеке түрде заңды тұлғаларды қайта құру үрдістері толығырақ түрде арнайы нормативтік актілерде қарастырылады.



Қайта ұйымдастыру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін.

Беру актісі мен бөліну балансында келесідей мәліметтер қарастырылуы қажет:

  • қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның аталуы, ұйымдық – құқықтық нысаны;

  • қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілер мен борышкерлерге қатысты міндеттемелері және тараптардың талас тудыратын міндеттемелерін қоса алғандағы құқықтық мұрагерлік ережелері;

  • заңды тұлға мүлкінің иесімен немесе қайта құрылу туралы шешім қабылдаған органмен бекітіледі;

  • қайта құрылған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары тіркеу үшін немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда олар әділет органдарына міндетті түрде тіркелуі керек.


14.2. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ТАРАТУ
Тарату – төлемқабілетсіз борышкердің қызметін тоқтату үшін, заңды тұлғаның міндеттері мен құқығының басқа құқықтық мұрагерлік тұлғаға өтпейтін, сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын рәсім. ҚР АК заңды тұлғаны тарату тәртібінің екі тәсілін қарастырады: қарапайым және мәжбүрлі (44,45 суреттердегі сызбаларды қараңыз).



44-сурет. Заңды тұлғаны тарату механизмі


45-сурет. Заңды тұлғаны тарату кезеңдері

Заңды тұлға мүлкінің иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган (ҚР АК 50 бабының 1- тармағы) ол туралы тіркеу органына бірден хабарлауға міндетті.



Тіркеу органына таратуды тіркеу үшін келесідей құжаттар ұсынылады:

  • бекітілген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш (мемлекеттің үлестік қатысуы бар ұйым үшін – реестр-ұстаушының белгісі бар өтініш);

  • заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, құзіретті органның, заңды тұлға мүлкінің иесінің және т.б шешімі);

  • құрылтай құжаттарының және статистикалық карточканың түпнұсқалары;

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;

  • таратуды тіркеу үшін алынған алымды төлегені үшін төлем құжатының түбіртегі немесе көшірмесі;

  • заңды тұлғаны тарату туралы және несие берушілердің өтініштердің мерзімі мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауды дәлелдейтін құжат. Заңды тұлғаны тарату туралы, сонымен қатар несие берушілермен өтініштерді ұсыну мерзімдері мен тәртіптері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің ресми мерзімді басылымдарында жариялануы керек;

  • аралық тарату балансы, онда таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің құрамы, несие берушілердің өтініштерінің тізімі, оларды талқылау нәтижелері туралы мәліметтер болады;

  • тарату балансы;

  • заңды тұлға мөрімен бекітілген тарату баланстары мен аралық тарату баланстарын бекіту туралы, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған органның немесе заңды тұлға мүлкінің иесінің шешімі;

  • жоюға деген заңды тұлға мөрін қабылдау туралы ішкі істер органының анықтамасының түбіртегі;

  • бюджет алдында қарыздарының жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы;

  • кедендік төлемдер мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелері бойынша қарыздарының жоқтығы туралы кедендік органдардың анықтамасы;

  • акциялар шығаруды жою туралы құзіретті органның ескертуі (акционерлік қоғамдар үшін).

Тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сәйкес нарығында басымды (монополиялық) орынға ие нарық субъектісі мен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметің тоқтатуды тіркеу органымен, монополияға қарсы органның алдын-ала келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Филиалды (өкілдікті) есептен алып тастау үшін әділет органдарына төмендегідей құжаттар ұсынылады:

  • өтініш;

  • филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы құзіретті органның шешімі;

  • есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің түпнұсқалары – ережелер мен статкарточкалар;

  • салық органдарындағы тіркеу есебінен алып тастау туралы филиалдың (өкілдіктің) орналасу орны бойынша салық органының анықтамасы;

  • филиал (өкілдік) қызметін тоқтатуды тіркегені үшін алым төлеу туралы түбіртек (төлем құжатының көшірмесі).


Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тәртібі келесідей тәртіпте жүргізіледі:

    1. Таратылатын заңды тұлға жауапкершілікте болатын, қажетті нақты төлемдерді жинақтау жолымен денсаулыққа немесе адам өміріне зиян тигізгені үшін азаматтардың талаптары қанағаттандыру.

    2. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғаларға өтемақыларды және еңбекақы бойынша есеп айрысулар, оның ішінде жалақыдан ұсталып қалған қарыздар мен алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, сонымен қатар авторлық құқықтар бойынша сыйыақыларды төлеу жүргізіледі.

    3. Таратылатын банкроттың мүлкімен қамтамасыз етілетін міндеттемелері бойынша талаптар сомасын қамтамасыз ету.

    4. Бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша қарыз өтеледі.

    5. Заңнамалық актілерге сәйкес басқа несие берушілермен есеп айрысулар жүргізіледі.

Әрбір кезектің талабы алдыңғы кезектің талабы қанағатандырылғаннан кейін ғана қанағаттандырылады.
14.3. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ (БАНКРОТТЫҒЫ)
Кәсіпорындардың (ұйымдардың) банкроттық механизмі Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол арнайы процедураларды өткізу, төлемқабілетсіз борышкерді сауықтыру, заңды тұлғаны банкрот деп тану мен оны тарату, сонымен қатар таратудың соттан тыс процедурасын өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Төлемқабілетсіздік деп борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын, оның ішінде жалақыны төлеу бойынша талаптарын қанағаттандыра алмау қабілетін, сонымен қатар өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қанағаттандыра алмау қабілетін айтады. Борышкер төлемқабілетсіз болып танылады, егерде ол орындау мерзімінен бастап үш ай ішінде міндеттемелерін орындамаса. Оның міндеттемелері активтер құнынан артады, егерде оның балансының қанағатсыз құрылымы болса. Заңды тұлғаның банкроттығы туралы жалпы сипаттама 46-суретте келтірілген.

46-сурет. Заңды тұлғаның банкроттығы
Заңнамалық және қаржылық тәжірибеде кәсіпорын банкроттығының келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:

  • Жалған банкроттық – несие берушілерге тиесілі төлемдердің немесе қарыздардан жеңілдіктердің уақытын создыру үшін, сәйкесінше қарыздарды төлемеу үшін жасалатын несие берушілерді шатыстыру мақсатында өзінің төлемқабілетсіздігі туралы коммерциялық ұйымның иесімен (дара кәсіпкермен) немесе басшымен жалған түрде жариялау.

  • Алдын-ала ойластырылған банкроттық – коммерциялық ұйымның иесімен (дара кәсіпкермен) немесе басшымен жеке мүдделерді немесе басқа да мүдделерді көздей отырып жасалған, ірі зиян тигізген төлемеқабілетсіздікті әдейі құру немесе көбейту.

  • Нақты банкроттық пайдаланылатын капиталдың нақты жоғалтуларына байланысты кәсіпорынның болашақта өз қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін толық қалпына келтіре алмау қабілетімен сипатталады. Капитал жоғалтуларының апаттық деңгейі мұндай кәсіпорынға болашақ кезеңде тиімді шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, соның салдарынан ол заңды түрде банкрот деп жарияланады.

  • Техникалық банкроттық. Пайдаланылатын термин дебиторлық борышты төлеу мерзімінің біршама өтіп кетуінен болған кәсіпорынның төлемқабілетсіздік жағдайын сипаттайды. Және де мұнда дебиторлық борыш мөлшері кәсіпорынның кредиторлық борышынан артады, ал оның активтерінің сомасы оның қаржылық міндеттемелерінен біршама артады.

Борышкердің немесе борышкер-кәсіпорын иесінің заңсыз іс-әрекеттеріне банкроттықты көре отырып несие берушілердің барлығына немесе кейбіреуіне зиян тигізетін іс-әрекеттері жатқызылады, олар:

- борышкер мүлкінің бір бөлігін немесе міндеттемелерін жасырып қалу;

- борышкердің шаруашылық қызметін жүзеге асырумен байланысты кез-келген есептік құжатты жою, жасырып қалу, жалған түрде дайындау;

- бухгалтерлік құжаттардағы қажетті жазуды жою немесе одан бас тарту;

- несие түрінде алынған немесе бағасы төленбеген борышкер мүлкінің бір бөлігін жою, сату немесе кепіл ретінде салу.

ҚР заңына сәйкес борышкердің банкроттық белгілерін анықтау үшін мыналар ескерілуі қажет:



  • ақшалай міндеттемелер мөлшері, оның ішінде берілген тауарлар орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін қарыз мөлшері, борышкермен төленуге тиісті пайызды есепке алғандағы сома; негізсіз баю салдарынан пайда болған қарыз мөлшері; қатысудан шығатын борышкердің құрылтайшылар (қатысушылар) алдындағы еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға демалыстық жәрдемақыларды төлеу бойынша міндеттемелер, адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын міндеттемелер, несие берушінің мүлкіне зиян тигізгені үшін қарыз мөлшері;

  • ҚР заңнамасымен орнатылған айыппұлдар (пениялар) мен басқа да қаржылық санкцияларды ескермегендегі міндетті төлемдер мөлшері.

Міндеттемелерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін төленуге тиісті тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, пениялар), төлемді өткізіп алғаны үшін төлемдер, міндеттемелерді орындамағаннан туындаған зияндар, сонымен қатар мүлікті және қаржылық, оның ішінде міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін санкциялар борышкердің банкроттық белгісін анықтау кезінде ескерілмейді.

Заңды тұлғалар үшін банкроттықтың келесідей процедуралары заң тұрғысынан белгіленген:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау